Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақ өңдеу негіздері. Жер шаруашылығы жүйесі



Жер шаруашылығы жүйесі дегеніміз – агротехникалық және шаруашылықта топырақтың құнарлылығын, өсімдіктердің өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстыр жиынтығы.

Ертеде жер шаруашылығының дамуы уақытында адамдар қоғамында ғылыми білім болмаған, ал өндірістік күш әлсіз болғанда жер шаруашылығы жүйесінің арнайылығы болды. Олар адамның қатысуынсыз табиғи процестердің әсерінен пайда болатын топырақтың табиғи құнарлығын пайдаланған.

Топырақтың құнарлы болуы адамның белсенді әрекеттерінің нәтижесі, яғни ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі жоғарылады. Олар қазіргі технологияда ауыл шаруашылық мәдениетімен, ауыл шаруашылық жұмыстырның кешенді механизациясы, химиялық, жердің мелиорациясын да сипаттайды. Қазіргі жер шаруашылығының жүйесінің маңызды ерекшелігі топырақта – климаттық аймақтық ерекшелігінен құрылады.

Топырақты өңдеу – оның құнарлығын арттыруға арналған шаралардың ішіндегі негізгілерінің бірі болып есептеледі. Мәдени өсімдіктердің дұрыс өсуі үшін және жоғары өнім беруі үшін топырақта оларға қажетті барлық жағдай жасалынуы керек. Бұл жағдайлардың ішіндегі ең негізгілеріне топырақта су, ауа және қоректік заттардың мол болуы жатады. Ал, топырақтың осы айтылған режимдері көбінесе оны дұрыс өңдеу арқылы жасалынады. Неғұрлым терең жыртылған топырақта өсімдік тамырлары да едәуір тереңдікке жайылады, сондықтан да олар суды, ауаны, қоректік заттарды жақсы пайдаланады. Топырақты өңдеу жүйесін дұрыс жүргізгенде өсімдікке қажетті жағдайларды ғана жақсартып қоймай, арамшөптерді құрту керек, түрлі тыңайтқыштарды топыраққа береді, тұқым егуге жақсы жағдай жасайды. Әр түрлі жағдайларда кездесетін топырақ түрлеріне, оның қасиеттеріне қарай және әр жердің климат жағдайларының ерекшелігіне қарау суару, жел және су эрозиясына қарсы күрес, тұзды және кейбір топырақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Топырақты өңдеу оның жырту қабаты нағыз «жетілмеген» жағында, яғни ол механизмдерге жабыспай кесектеліп тұратын жағында жүргізеледі. Әдетте өңдеу жүйесінің ережесін және мезгілін бұзу өнімнің азаюына әкеп соғады. Дала жағдайында шаруашылық мамандары топырақты өңдеу мерзімін былай анықтайды. Қыстап шыққан сүдігерден бір уыс топырақ алып, оны қолда қысып тұрады да, қаттылау жерге лақтырады, сонда топырақ біршама бөлшектеніп шашалып кетсе, оны өңдеуге болады; ал егер жабысқақ күйінде қалса, оны өңдеу әлі ертерек болғаны. Көп жылдық тәжірибесі бар мамандар топырақ өңдеу мерзімін жай көзбен-ақ анықтай береді.

Топырақ өңдеу деп отырғанымыз топырақ құнарлығын арттыруда, жоғарғы өнім алуда негізгі жұмыс.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1545 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...