Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Картоп



Картоп – қалыпты өсуі мен дамуы үшін топырақтың және ауаның жоғары температурада болуын көп қажетсінбейді. Түйнектердің көктеуі 6-80С температурасы шамасында басталады, ал олар 17-200С шамасында неғұрлым қарқынды өсіп-өнеді және дамиды. Ауаның минималды температурасы сақталғанда егілген өскіндер 36, кейде 50 күн дегенде 18-190С шамасында сақталғанда 19-20 күнде пайда болады. Сабағының өсуі мен дамуының оптималды температурасы 20-250С болып табылады. Бұдан жоғары температура картоптың өсуі мен дамуына кері ықпал тигізеді.

Картоп сабағы суыққа төзімсіз –0,50С температурадағы суық пәлектің бір бөлігін зақымдайды, ал 1-20С температураға төмендегенде оның толық зақымдалуына әкеп соғады.

Өсіп-даму кезеңі сортына байланысты 70-130 күн аралығында ауытқиды.

Картоп су, ауа және жылуды жақсы өткізетін терең қопсытылған топырақты қалайды. Картоптың өсіп-дамуы үшін топырақтың оптималды ылғалдылығы оның толық далалық су сыйымдылығының 60-80% болады. Максималды суды қажетсінуі шанақтану, гүлдену және түйнек салу кезінде арта түседі.

Картоп қоректі, минералдық элементтерді көп қажетсінетіін дақыл болып табылады. Ол минералдық және органикаылық тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды. Сондай-ақ картоптың дамуына бор, марганец, мыс, мырыш және басқа микроэлементтер айтарлықтай ықпал етеді. Дегенмен картоптың микроэлементтерді сіңіруі көп болмаса да, оның жетіспеушілігі өсуі мен дамуын тоқтатады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1211 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...