Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мал азықтық шөптер



Егііншіліктің негізгі міндеті – мал шаруашылығын әр түрлі жемшөппн қамтамасыз ету. Мұны шешудің негізгі жолы жемшөп дақылдарынан және табиғи жайылымдардан алатын өнімді арттыру үшін кешенді механикаландыру кең түрде тыңайтқыш қолдану, мелиорация жұмысын жүргізу болып табылады.

Жемшөп сапасын жақсартудың, ең алдымен белок қорын толықтырудың маңызды резерві – құнды жемшөптік дақылдарды өсіру технологиясын жетілдіру, оларды дер кезінде жинау, жаңа сорттарды, тыңайтқыштарды және басқа да тиімді шараларды қолдану. Көпжылдық екпе шөптер астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастарға жатады.

Беде – Қазақстан егіншілерінің аса жоғары бағалы, атам зааманнан бергі келе жатқан дақылы. Бедені дала және орманды дала аймақтарында егеді.

Беденің пішені минералдық заттарға және дәрумендерге бай, сондықтан да оның азық өлшемі басқа бұршақ шөптеріне қарағанда жоғары бағаланады.

Пішеннің 1 кг 0,5 азық өлшеміне тең. Сондықтан беде пішені протейн, кальций, фосфор, әсіресе каротинге бай келеді. Атап айтсақ, оның 100 кг пішенінде 14-15 г кальций, 1,5-20г фосфор, 60-100 мг каротин бар. Беденің 36 түрі кездеседі, бірақ оның Қазақстанда үш түрі кең тараған: көк гүлді беде – суармалы егіншілікпен айналысатын аймақта, сары бас беде – қызыл-қоңыр топырақты қуаң далалық және шөлейт аймақта, будан беде – орманды далалық аймақта өсіріледі.

Беде құрғақшылыққа төзімді, күн көзін жақсы көретін ұзақ күндік өсімдік. Еккен жылы гүлдеп, сол жылы тұқым бере алады. Беде жылылыққа көп талап қоя бермейді. Тұқымы 5-60С өсіп шыға береді. Ал көктемгі қайта өсуі 7-90С басталады. Орта Азия мен Қазақстанның суармалы ыстық аймақтарында өзінің өсуін төмендетпейді. Суыққа төзімділігі жағынан беде жоңышқадан көп артықшылығы бар. Қар аз жауған жылдары 300С дейін суыққа төзеді. Ал қар қалың болса, қар астында 440С дейін суыққа шыдайды. Беденің ерекшелігі – ол мұзтайғаққа және температураның өте тез өзгергеніне шыдай алмайды. Уақытында топырақтан көп ылғал алады және топырақты құрғатып, кептітір жібереді. Осыған қарамастан тамыр жүйесінің жақсы жетілуіне байланысты ылғалды топырақтың терең қабатынан ала отырып, құрғақшылыққа өте төзімді келеді. Құрғақшылыққа төзімді болумен бірге ол ылғалды топырақта да жақсы өседі және суармалы жерде жоғары өнім береді. Бедені сор топырақты жерде егу оның тұзын азайтады. Топырақта ылғал жеткілікті болғанда тұқымның өнуіне ең қолайлы температура 18-250С болып саналады, тәуліктік орташа жылылығы 6-80С ьолса, көктеу мерзімі 15-20 күнге дейін созылады. Өсімдіктер көгі жазғытұрымға 3-60С бозқырауға төтеп береді. Бедені бір орынға қайта себу 5-6 жылдан кейін қайталануы керек.

Жоңышқа – мал азықтық құндылығы өте жоғары саналатын көпжылдық бұршақ тұқымдас дақыл. Ылғал сүйгіш және қуаңшылық пен жоғары температураға төзімсіз келеді. Ол топырақты да талғағыш, қышқыл топырақ ол үшін қолайлы емес. Негізінен егілетін жерлері солтүстік, орталық және орманды дала алқаптары. Оның көк шөбінде және пішенінде көптеген қорытылатын белок, минералдық заттар мен дәрумендер болады.

Бұлардың ішінде көп тараған қызылбас жоңышқа немесе шабындық көп жылдық бұршақ тұқымдас өсімдік. Дала жағдайында қызылбас жоңышқа 2-4 жылға дейін өмір сүреді. Тамыр жүйесі өзекті, 1,5-2 м тереңдікке және 60-70 см жан-жаққа тарайды. Сабағы бұтақтанған, биіктігі шамамен 50-70 см болады. Гүл шоғы шар тәрізді немесе ұзындау қызыл көк-күлгін түсті. Тұқымы жұмыртқа сияқты домалақ, жылтыр. Өсімдік айқас тозаңданады. Жемісі бір дәнді немесе екі дәнді бұршақ, 1000 дәннің массасы 1,5-2 г. Ескіре келе дәні өзінің жылтырлығын жоғалтып, сұрланады.

Қызылбас жоңышқа негізінен жылына 400-450 мм-не дейін жаңбыр жауатын ылғалды ауа райына бейім дақыл. Ол жылуды көп керек етпейді, дәні 2-30С өне береді. Оның бір рет орылатын түрлері қатты суықтарға төзімді. Ал ол қыстан дұрыс шығуы үшін бірқалыпты қалың қардың болғаны дұрыс. Өсу кезінде ылғаалды көп пайдаланады. Жақсы агротехника жүргізген жағдайда оны өте қышқыл және өте тұзды топырақтан басқа барлық топырақта егуге болады. Ал бір егілген жерге оны кем дегенде 5-6 жылдан кейін себу керек.

Бұршақ тұқымдас шөптердің қыстан аман шықпауына күздің тигізетін әсері мол. Қысқа дейін көмірсулар өсімдікке қажетті мөлшерде жиналу керек. Шөп дер кезінде шабылмаса, өсімдіктер қысқа дейін көктеп, көмірсулардың қорын азайтады және оны қысқа керекті мөлшерде жинап үлгермейді. Бұл шөптердің егістігіне малды кеш жою зиянды болады, себебі бұл қысқы бүршіктің жандануына және олардың кейін опат болуына әкеп соғады.

Эспарцет негізінен дала және орманды дала аймақтарында өте жоғары өнім береді. Эспарцеттің көк массасында, шөбінде және шөп ұнында протейн, минералдық тұздар және дәрумендер көп болады және бұл мал азығын әр түрлі жануарлар сүйсініп жейді. Бұл шөпті көк күйінде малға бергенде жоңышқаға және бедеге қарағанда мал көп жеген кезде оның ішін кептірмейді. Орманды дала аймағында екпе парға еккенде ол күздік бтдайға таптырмайтын алғы дақыл болады. Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда және суармалы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жақсы өседі және көкеніс, дәнді дақылдарға жақсы таптырмайтын алғы дақыл болады.

Негізгі әдебиеттер:

101. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

102. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

103. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

104. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

105. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

106. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

107. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

108. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

109. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

110. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

81. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

82. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

83. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

84. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

85. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

86. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

87. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

88. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5461 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...