Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азиаттық антициклонның оңтүстік-батыс перифериясының даму фазалары және олардың смпаттамалары



Антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы кезінде Орта Азияда атмосфераның төменгі қабаттарында сібір антициклонның сілемінің (отрог) шеті басым болады және ашық тыныш ауа райы байқалады. Таулы және тау алды аудандарда ылғалды суық енулерден кейін радиациялық тұмандар дамуы мүмкін немесе қатпарлы бұлттылық сақталады. Сібір антициклоны қарқынды болғанда (орталығында қысымы 1050 - 1060 гПа тең) Орта Азияның солтүстігінде солтүстік-шығыс желдердің штормдық аумағы қалыптасады. Орта Азияда антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы Еуразияда атмосфералық циркуляция зоналды болғанда қалыптасады, ПЖФА 50 - 60° с.е. орналасады.

Бұл процесс сақталуы үшін тропосферада Кавказ бен Орта Азияның батысында тосқауыл антициклонның термобарикалық алқабы болуы керек. Осы процесстің дамуында үш фазаны бөлуге болады: бастапқы, максималды даму және бұзылу фазасы.

Бастапқы фазасында суық енудің фронты (батыс немесе солтүстік-батыс ену) Орта Азияның таулы аудандарына жылжиды және оның шамамен барлық территориясы жер бетіндегі ену антициклонның артында қалады. Орта тропосферада Орта Азияның шығысында енумен қалыптасқан жыра сақталады. Осы фазаның соңында тропосферада Кавказ бен Орта Азияның

үстінде бөлек антициклондық орталық пайда болады. Сондықтан Түркменстанда, Өзбекстан мен Тәжікстанның оңтүстік-батысында солтүстік-шығыс желдері байқалады. Шығыс аудандарда бұлыңғыр жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Екінші фазада биік антициклон Орта Азияның үстінде, шеткі оңтүстік-шығысынан басқа толығымен қалыптасады. Жер бетінде оның орталығы Алтай мен Монғолияда орналасады. Антициклонның батыс сілемінің осі Балхаш көлі мен Арал теңізінен солтүстікке қарай өтеді. Антициклоннан солтүстік-батысқа қарай Ресейдің Еуропалық территориясында биік жыра

тереңдейді, ПЖФА күшейеді және оның алдыңғы бөлігінде қарқынды циклондық әрекет жалғасады. Бұл фазада Орта Азияда ашық тыныш ауа райы тұрақталады, фазаның соңында Қырғызстанның солтүстігінде күшті шығыс желдері соғуы мүмкін.

Үшінші фазаға температуралық және қысым алқаптарының қайта құрылуы тән. Жер бетінде Қызылқұм шөлінде азградиентті қысым алқабы пайда болады. Орта Азияның батысында жер бетінде қысым төмендей бастайды. Егер осыған дейін Алдыңғы Азияға суық ену таралса, онда Орта Азияға оңтүстік Каспий циклонның шығуын күтуге болады. Егер суық ену Кавказдан оңтүстікке қарай енбесе, онда антициклонның оңтүстік-батыс

перифериясы солтүстік-батыс суық енумен ауысады.

Антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы - синоптикалық орналасудың жиі кездесетін түрі, әсіресе суық жартыжылдықта. Орташа алғанда антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы суық жартыжылдықта процесстің барлық түрлерінің 19,6 % құрайды, ал жылы мезгілде - 14,3 %, жыл бойына - 17,2 %. Оның пайда болуының ең көп ықтималдылығы қазан - қараша айларына келеді (23,8%) және желтоқсан-қантар айларында сақталады (22-21%). Бұл процесстің орташа ұзақтығы 2,1 - 2,5 тәулікке тең (максимумы қантарда), қалған айларда төмендейді (1,2 - 1,8 тәулік), минимумына шілдеде жетеді. Бұл процесс жиі антициклонның оңтүстік перифериясынан кейін пайда болады, және де суық енулерден кейін де байқалады. Антициклонның оңтүстік-батыс перифериясынан кейін суық жартыжылдықта оңтүстік каспий циклонның шығуы немесе суық ену болады, жылы жартыжылдықта - батыс немесе солтүстік-батыс енумен аяқталады.

39. Батыс Қазақстанда азжылжымалы циклонның даму жағдайлары. Азжылжымалы циклон дегеніміз Орта Азияда, циркуляциясы барлық тропосфераны қамтитын, биік азжылжымалы циклон пайда болатын синоптикалық орналасу. Оның жер бетіндегі орталығы жиі Орта Азияның солтүстігінде орналасады, бірақ басқа да аудандарда пайда бола береді. Басқа циклондардан ол морфологиялық тұрғыдан қарағанда келесімен ажыратылады:

1) 300 гПа деңгейіне дейін және одан да жоғары тұйықталған изогипстермен

бедерленуімен;

2) ұзақ уақытқа дейін созылатын азжылжымалдылығымен;

3) 700 гПа деңгейінен бастап және одан да жоғары жекеленген суық ошағының болуымен.

Азжылжымалы циклонның пайда болуының барлық процессі 3 фазадан тұрады: даму, азжылжымалдылық және бұзылу (толу).

Даму фазасында Орта Азияға бір оңтүстік-батыс циклонның шығуын, одан кейін суық енудің болуын және осы енудің фронтында циклонның регенерациясын болдыратын процесс байқалады. Азжылжымалы циклонның пайда болуы 1 н.с.а. үстүнде тосқауыл процесстің дамуымен тығыз байланысады. Азжылжымалы биік циклонның қалыптасуының негізгі жағдайы болып тропосферада биік циклондық құйынның пайда болуы немесе оның басқа ауданнан жылжып келіп, Орта Азияның үстінде тұрақталуы табылады. Бұзылу фазасы циклонның қарқынды толу кезінен басталады, оның толуы циклон бір орнында тұрғанда болады немесе циклон Орта Азияның территориясынан жәйлап жылжыған кезде болады. Циклонға солтүстік аудандардан келетін ауа, оның орталық бөлігіндегі ауа массаларына қарағанда, жылы болуы керек. Циклонның толуы 2 тәулікке дейін созылады.Батыс Сібір мен Шығыс Қазақстанның үстіндегі ПЖФА-тағы ауа ағындары Алтай тау жүйелеріне параллельді болуы керек.

Процесстің әртүрлі варианттары бар.

Азжылжымалы циклон сирек кездеседі: орташа алғанда жылына 8,3 жағдай болады. Жиі сәуір мен мамыр айларында кездеседі (1,1-1,4 жағдай), тамыздан ақпан айына дейінгі кезеңде сирек болады (0,3-0,6 жағдай). Орташа ұзақтығы 1,3-3 тәулікті құрайды. Азжылжымалы циклонның пайда болуының алдында жиі батыс ену (суық жартыжылдықта 18%, жылы жартыжылдықта 26%), оңтүстіккаспий циклоны (суық жартыжылдықта 25 %), антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы мен солтүстік-батыс ену (жылы жартыжылдықта 13 %-дан), толқындық әрекет (суық жартыжылдықта 13 %) байқалады. Синоптикалық процесстің қалған түрлері азжылжымалы циклонның алдында сирек байқалады (2 – 9 %). Биік термобарикалық алқаптың қайта құрылуынан байланысты азжылжымалы циклон батыс, солтүстік-батыс немесе солтүстік енулермен, антициклонның перифериясымен, төмен немесе жоғары қысымның азградиентті алқабымен аяқталады





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 468 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...