Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аймақтық синоптикалық метеорологияның мақсаты мен міндеттері



Аймақтық синоптиканың пәні болып аймақтық синоптикалық процесстерді, олармен байланысты ауа райы жағдайларын және оларды болжау тәсілдерін зерттеу табылады. Аймақтық синоптиканың әдісінің негізі болып ауа райының жер және биік карталарын талдау және физикалық пен сандық бағалау арқылы жергілікті ауа райы мен аймақтық синоптикалық процесстердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу табылады. Аймақтық синоптиканың маңызды мақсатының бірі болып синоптикалық процесстердің дамуындағы аномалияларды, классикалық жүрісінен ауытқуларды және берілген аймақтық синоптикалық процесске тән ауа райы жағдайларын оқу табылады. Аймақтық синоптиканың басқа мақсатының бірі болып халық шаруашылығын метеорологиялық қамтамасыздандырудын сапасын жоғарлату үшін қажет синоптикалық орналасу мен ауа райын болжаудың аймақтық әдістерін құрастыру және жетілдіру табылады.Ауа массаларының қасиеттері, атмосфералық фронттар мен қысым жүйелерінің белгілерімен сипаттамалары төселме беттін ерекшеліктерінен байланысты әртүрлі көрінеді. Төселме беттің ауысатын бөліктерінің жылусиымдылығында, жылуөткізгіштігінде және ылғалсиымдылығының дәрежесіндегі айырмашылықтар ең алғаш ауа массаларының термогигрометриялық қасиеттеріне әсер етеді, ал олар тәулік пен маусымның уақытына байланысты өзгереді. Аймақтық синоптика – жеке аймақтардың синоптикалық процессі мен ауа райыжағдайларын зерттейтін ғылым.Ол ауа.р болжауды жетілдіру мақсатында масштабы формасы және қасиеттері әр түрлі төселме беттің әсерімен негізделген атмосфералық процестердің ерекшеліктерін және белгілі беографиялық жағдайда олардың нақты п.б зерттейді. Аймақ – бұл белгілі физика-географиялық немесе шекараның басқа табиғи белгілері бар құрлық территориясының немесе теңіз (мұхит) акваториясының бөлігі.Аймақтың шекараларын анықтау зерттеудің мақсатына жауап беретін физ.геог.қ метеорологиялық немесе басқада белгілері бойынша жүргізілуі мүмкін.Бірінші жағдайда аймақтық физ.геог.қ шекарасы қарастырылады,және оған тән синоптикалық процестермен ауа.р зерттеледі.Екінші жағдайда атмосфералық процестің айырмашылығын көрсететін шекаралар көрсетеді.Зерттеліп жатқан ауа р.жағдайы алдын ала таңдалуы мүмкін.Әр түрлі синоптикалық процестер кезінде олардың таралуының қарқындылығының немесе п.б жиілігінің шекаралары белгіленеді.Яғни аймақтың метеорологиялық шекарасы анықталады.Шаруашылық әрекеттердің мақсатына байланысты формалды шекаралар белгіленеді.Атмосфералық процестердің дамуындағы аймақтық ерекшеліктері әдетте таулы аудандарда ірі ішкі континенттік су қоймаларында ірі аралдарда құрлық пен теңіздер арасындағы шекарада және тез өзгеретін құрлық беттерінде де айқындалады. Аймақтық синоптикалық процесс – едәуір шамада жекелеген аймақтың төселме бетінің әсерінен дамитын және өзінің дамуында негізінен осы аймақта айқындалатын еркшеліктері бар және жақын жатқан аралас аймақтарға әсерін тигізетін синоптикалық процесс.Синоптикалық процестің аймақтылығы оның берілген аймаққа тәндік дәрежелігін көрсетеді.Төселме бет күрделі болған сайын синоптикалық процестің аймақтық ерекшеліктері үлкен дәрежеде айқындалады.Аймақтық ауа р. дегеніміз – нақты аймақтық синоптикалық процестің көрінісі ретінде болып берілген аймаққа тән ауа р.Аймақтың ауданы кішірейген сайын аймақтық синоптикалық процесс ұғымы жоққа шыға бастады.Яғни берілген пункт үшін жергілікті атмосфералық немесе метеорологиялық процесс жайлы айтуға болады.Жергілікті атмосфералық процесс дег.з аймақтың аралас ауа р.салыстырғанда аймақтық берілген жергілікті бөлігінде ауа р. сипатты өзгерулерімен айқындалған метеорологиялық процестің жергілікті көрінуі.Жергілікті ауа р. өзінің ерекше белгілерінен ажыратылады,және пунктте желді,ж-ш,немесе т.б құбылыстармен көрсетілуі мүмкін.Сонымен қатар берілген жерге тән жергілікті құбылыс болуы мүмкін.

42.Аймақтық синоптикалық процестердің сипатты ерекшеліктері. Аймақтық синоптикалық процестің сипатты ерекшеліктері болады,оған келесілер жатады:1)Олардың әр қайсысы жекеше берілген аймаққа қарағанда территорияның үлкен бөлігін алып жататын жалпы синоптикалық процестің бір бөлігі б.т.Аймақтық синоптикалық процестерде өзінің тарихы болады.Ол фондық немесе жалпы процестің дамуында уақыттық кезеңнің бөлігі б.т.Жеке процес ретінде оны алдын ала болған және қоршаған синоптикалық жағдайын бөлек қарастыруға болмайды.2)Әр процестің берілген аймақтың дамуының белгілі физикалық механизмі болады.Басым болатын синоптикалық процестермен қарастырылғанын ұмытпау керек.3)Аймақтық процестерді аналитикалық түрде толық жазуға болмайды,яғни математикалық түрде сипаттауға болмайды, өйткені күрделі төселме беткейдің әсерін толық ескеру мүмкін емес.Математикалық түрде тек жеке атмосфералық процестермен ауа.р. құблыстарын сипаттауға болады.Төселме беттің ерекшеліктері жеңілдетілген модель ретінде беріледі.4)Процестің негізгі сипатын көрсететін аймақтық синоптикалық процесті синоптикалық жағдайдың жүйелі түрде дамуының соңғы саны ретінде көруге болады.Синоптикалық процесті көрудің уақыт бойынша үзіктілігі бақылау мерзімімен анықталады.Кейбір мақсаттар үшін жүйелі түрде дамыған синоптикалық процес тәулік бойына бір бақылау мерзімі бойынша қарастырылады.Бұл жағдайда процестің дамуының заңдылығын сипаттауда сапалы қорытынды алуға болады.

43.Жергілікті метеорологиялық жағдайлардың ерекшеліктері. Синоптикалық процестің негізінде ауа р.жергілікті жағдайы қалыптасады.Олар жергілікті д.а.Ауа р.жергілікті жағдайының ерекшеліктері келесіде көрінеді:1)Осы жағдайды тудыратын процестер кіші масштабты болады.2)Ауа райының жергілікті жағдайы осы аймаққа тән белгілі синоптикалық процестер болғанда қалыптасады.және жергілікті ауа р. құбылыстардың қарқындылығы және қауіпті аймақтық синоптикалық процестің белсенділігіне тура пропоционалды.

44.Синоптикалық процестің аймақтылық факторлары. Аймақтық синоптикалық процестер келесі факторлармен анықталады:1)Әр түрлі төселме беттің радиациялық балансымен;2)Аймақтық континенттілік дәрежесімен. Континенттік дәрежесінің өзгеруі барлық метеоэлементтер мен ауа райы құбылыстарының өзгеруіне алып келеді;3)Белгілі аймақты қамтитып жататын жалпы циркуляциялық процестермен. жалпы циркуляциялық процесстер қысым жүйелері мен атмосфералық факторлардың дамуын, ауа массаларының қалыптасуынкөрсетеді.;4)Аймақтың физ.геог.қ ерекшеліктерімен. Атмосфералық прцестерге оның біртексізддігінің дәрежесіне тура пропорционалды әсерін тигізеді. Берілген аймақта ауа райы болжамын құрастырғанда атмосфералық процестерге төселме беткейдің барлық әсерін нақты ескеру мүмкін емес.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 629 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...