Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азжылжымалы циклонның басқа циклондардан айырмашылығы. Азжылжымалы циклонның даму фазалары



Азжылжымалы циклон дегеніміз Орта Азияда, циркуляциясы барлық тропосфераны қамтитын, биік азжылжымалы циклон пайда болатын синоптикалық орналасу. Оның жер бетіндегі орталығы жиі Орта Азияның солтүстігінде орналасады, бірақ басқа да аудандарда пайда бола береді. Басқа циклондардан ол морфологиялық тұрғыдан қарағанда келесімен ажыратылады:

1) 300 гПа деңгейіне дейін және одан да жоғары тұйықталған изогипстермен

бедерленуімен;

2) ұзақ уақытқа дейін созылатын азжылжымалдылығымен;

3) 700 гПа деңгейінен бастап және одан да жоғары жекеленген суық ошағының болуымен.

Азжылжымалы циклонның пайда болуының барлық процессі 3 фазадан тұрады: даму, азжылжымалдылық және бұзылу (толу).

Даму фазасында Орта Азияға бір оңтүстік-батыс циклонның шығуын, одан кейін суық енудің болуын және осы енудің фронтында циклонның регенерациясын болдыратын процесс байқалады. Азжылжымалы циклонның пайда болуы 1 н.с.а. үстүнде тосқауыл процесстің дамуымен тығыз байланысады. Азжылжымалы биік циклонның қалыптасуының негізгі жағдайы болып тропосферада биік циклондық құйынның пайда болуы немесе оның басқа ауданнан жылжып келіп, Орта Азияның үстінде тұрақталуы табылады. Бұзылу фазасы циклонның қарқынды толу кезінен басталады, оның толуы циклон бір орнында тұрғанда болады немесе циклон Орта Азияның территориясынан жәйлап жылжыған кезде болады. Циклонға солтүстік аудандардан келетін ауа, оның орталық бөлігіндегі ауа массаларына қарағанда, жылы болуы керек. Циклонның толуы 2 тәулікке дейін созылады.Батыс Сібір мен Шығыс Қазақстанның үстіндегі ПЖФА-тағы ауа ағындары Алтай тау жүйелеріне параллельді болуы керек.

Процесстің әртүрлі варианттары бар.

Азжылжымалы циклон сирек кездеседі: орташа алғанда жылына 8,3 жағдай болады. Жиі сәуір мен мамыр айларында кездеседі (1,1-1,4 жағдай), тамыздан ақпан айына дейінгі кезеңде сирек болады (0,3-0,6 жағдай). Орташа ұзақтығы 1,3-3 тәулікті құрайды. Азжылжымалы циклонның пайда болуының алдында жиі батыс ену (суық жартыжылдықта 18%, жылы жартыжылдықта 26%), оңтүстіккаспий циклоны (суық жартыжылдықта 25 %), антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы мен солтүстік-батыс ену (жылы жартыжылдықта 13 %-дан), толқындық әрекет (суық жартыжылдықта 13 %) байқалады. Синоптикалық процесстің қалған түрлері азжылжымалы циклонның алдында сирек байқалады (2 – 9%). Биік термобарикалық алқаптың қайта құрылуынан байланысты азжылжымалы циклон батыс, солтүстік-батыс немесе солтүстік енулермен, антициклонның перифериясымен, төмен немесе жоғары қысымның азградиентті алқабымен аяқталады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 472 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...