Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орта Азия мен Қазақстан территориясына мұрғаб циклонының шығуының болжамдық нұсқаулары



Мұрғаб циклоны дегеніміз Түркменияның оңтүстігінде Мұрғаб және Теджен өзендерінің алабында циклон пайда болып, Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы солтүстік-шығыс бағытта жылжуы болатын синоптикалық процесс. Циклонның жылы секторінде тропикалық ауа (иран), суық фронттың артында қоңыржай ендіктің ауасы болады. Мұрғаб циклонның өтуі қыста күрт жылынуларға, қарқынды жауын-шашын мен селдерге алып келеді

1.циклон шықпай тұрып, 2-3 күн бұрын Жерорта теңізінің шығысы н\е Месопотамия жазығына суықтың қарқынды енуі болуы керек.

2.циклонның пайда болуына 1 тәулік қалғанда типтік термобар.алқабы құрылады. ПЖФА-ң осі Түркменияның шығыс аудандарынан өтеді. Орта Азияның шығысында ж\е Қазақстанда жылудың қарқынды адвекциясы болу керек.

3. циклонның п.б\ң 1-белгісі – Түркменстанның оңт-шығысында қысымның тқмендеуі. Осы ауданда тропосф\ң барлық қабаттарындағы жылыну ж\е тығыз Сі бұлттылығы қалыптасуы циклонның шығуына 1 күн қалғанда басталады.

31. Мұрғаб циклонының даму фазалары мен варианттары.

Мұрғаб циклоны дегеніміз Түркменияның оңтүстігінде Мұрғаб және Теджен өзендерінің алабында циклон пайда болып, Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы солтүстік-шығыс бағытта жылжуы болатын синоптикалық процесс. Циклонның жылы секторінде тропикалық ауа (иран), суық фронттың артында қоңыржай ендіктің ауасы болады. Мұрғаб циклонның өтуі қыста күрт жылынуларға, қарқынды жауын-шашын мен селдерге алып келеді. Макросиноптикалық жағдайы келесідей болады: Батыс Еуропаның үстінде циклонның шығуына 3-5 тәулік қалғанда термобарикалық алқабтың меридионалды қайта құрылуы байқалады, оның компоненттері, оңтүстік Каспий циклонның шығуымен салыстырғанда, шығысқа қарай ығысып орналасады. АТ- 500 картасындағы биік жыраның осі 42 – 48° ш.б., жыраның артындағы биік жотаның осі 25 – 30° және жыраның алдындағы биік жотаның осі – 70° ш.б. орналасады ПЖФА Ресейдің Еуропалық территориясының батысынан Қара теңіз бен Алдыңғы Азияға меридионалды бағытта өтіп, шығысқа қарай бұрылады және Орта Азияның үстінен Түркменияның орталық ауданымен оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай өтеді. Қысым алқабында анық көрінбейтін толқын түрінде циклон пайда болады, 6 – 12 сағаттан сон мұрғаб циклоны тұйықталған изобарамен бедерленеді. Жылы және суық фронты барлық метеошамалар алқабында анық көрінеді, кейде суық фронтта жауын-шашын түсе бастайды.

Мұрғаб циклонның дамуының екі варианты бар:

1) циклон суық енудің фронтында регенерациялайды (батыс, солтүстік-батыс немесе солтүстік енулерде);

2) циклон Орта Азия территориясымен регенерациясыз өтеді.

Жиі бірінші варианты байқалады.

Мұрғаб циклондары, оңтүстік Каспий циклондарына қарағанда, ылғалды көп алып келеді. Қарқынды жауын-шашындар циклон шыққаннан кейін алғашқы 24 – 36 сағатта жауады және үлкен ауданда болады. Бұл циклонның қайталанушылығының максимумы қантарда, наурыз-сәуір айларында (1,1- 1,6 циклон) байқалады, минимумы – тамыз айында (0,03 циклон).

Циклонның жылжуы үш әртүрлі траекториямен өтеді:

1.қалыпты - оңтүстік-батыстан солтүст ік-шығысқа қарай (68%)

2.аномалды (15%)

3.ендіктік (17%).

Даму фазалары:

1) толқынды кезең. Циклон өзінің пайда болу аймағында толқын ретінде қалыптасады және уақыт өте тереңдейді. Бірнеше тұйықталған изобарлармен бедерленеді. Ал биіктікте циклонның шығуына қолайлы типтік термобарикалық алқап қалыптасады.

2) Циклон үлкен жылдамдықпен сағ 90-95 км\сағ Чард жақын ауданына дейін жылжиды. Осы жылдамдықпен өтекеннен кейін тез окклюзияланады және солтүсті батыс бағытта жылжи бастайды. Осы уақытта екінші суық фронт қалыптасуы мүмкін. Бұл фронттар пайда болады егер антиц.н 60̊ бойлыққа дейін жылжыа тоқтас.

3) циклонның дамуы келесі варианпен өтеді:1) циклон Қазақстанның орталық аймағынан Батыс Сібірге қарай солтүстік шығыс бағытта жылжи бастайды. Суық фронтта ол регенерациялана бастайды, оның регенерациясына Оралдың оңтүстігіндегі циклон мен жаңа арктикалық фронттың жылжуы болысады. 2)циклонның регенерациясы болмайды. Ол окклюзияланып таудың бойымен Шығыс Қазақстанға жылжиды.3)шығыс биік жыра ультраполярлы бағытта болады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 550 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...