Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылудың кең шығуы



Жылы ауаның кең шығуы дегеніміз Ресейдің Еуропалық территориясының оңтүстігіне, батыс Қазақстан мен Орта Азияға оңтүстік-батыстан тропосферадағы оңтүстік ағындармен жылы (тропикалық немесе қоңыржай ендіктің ауасы болуы мүмкін) шығуы болатын процесс. Қыста байқалуы мүмкін, көктем мен күзде сирек болады, тамыз және қыркүйек айларында байқалмайды. Бұл процесске тән болып ПЖФА-тың Орта Азиядан алыс (батысқа және солтүстікке қарай) орналасуы табылады. Бұл жағдайда белсенді циклондық әрекет қоңыржай және солтүстік ендіктерде немесе Еуропаның оңтүстігінде болады. Процесстің осы түрінде Орта Азия арқылы циклондардың өтуі болмайды. Жылы ауа кең ағынмен барлық тропосфера бойынша таралады. Төменгі қабаттарда оның шығуы, орталығы Қазақстанның оңтүстік-шығысында және Сібірде орналасатын антициклонның батыс бөлігімен болады. Орта тропосферада жылы ауа, осі Еуропаның оңтүстік немесе орталық аудандарынан батыс Сібірге қарай өтетін кең ПЖФА-тың оң жақ бөлігімен шығады. Тропосферада процесстің бастапқы фазасы батыс Қазақстанда және Орта Азияда жылы тегіс биік жотамен және Еуропаның үстінде биік суық жырамен сипатталады, жота жырадан алшақтап орналасады.

Жер бетінде Орта Азияда шамамен градиентсіз қысым алқабы, бұлтсыз, әлсіз тұрақсыз желді ауа райы байқалады. Ауа температурасының әр тәулік сайын 2 – 3 °С өсуі байқалады. Процесстің соңында ғана, суық енудің болуының алдында, шығыс желдері (урсатьев) күшейіп, таулы аудандарда бұлттылық пайда болады. Жылы ауаның кең шығуы батыс немесе солтүстік-батыс суық енумен аяқталады (54 % суық жартыжылдықта, 64 % жылы жартыжылдықта). Осы процесстің орташа қайталанушылығы айына 0,1 - 0,5 жағдай болады. Суық жартыжылдықта пайда болу ықтималдылығы процесстердің барлық түрлерінің жалпы санынан 1,9 % құрайды, ал жылы жартыжылдықта - 0,7 %. Бұл процесстің алдында антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы немесе батыс ену байқалады. Оның ұзақтығы желтоқсан айынан шілде айына дейін 1,5 тәуліктен 2,7 тәулікке дейін болады (максимумы қантарда). Шілде мен қазан айларында орташа ұзақтығы 6 - 24 сағаттан аспайды.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 434 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...