Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атмосфералық процесстерді түрлендірудің принциптері



Атмосфераның жалпы циркуляциясы (АЖЦ) – ол, тропосфера мен стратосферадағы ірімасштабты қозғалыстардың жиынтығы. АЖЦ-ның ірімасштабты элементінің бірі болып циркумполярлы құйын табылады, оның белгісі болып батыс ағыны табылады. Бұл жаздан қысқа қарай күшейетің, жыл бойына қоңыржай ендіктерде басым болатын тропосфералық циркуляцияның тұрақты және тән ерекшелігі. Зональды циркуляциядан шамалы әлсіз болатын меридиональды циркуляцияда бар. Орташа меридиональды циркуляциядан басқа массаның, механикалық энергияның, жылу мен ылғалдың төменгі ендіктерден тропикалық емес аудандарға тасымалдануы ЖФА-тың атмосфералық фронттарында ең көп дамитын циклондық және антициклондық әрекеттесу процесстері арқылы болады.

Циклондық әрекеттесу ошақтары Қара, Каспий, Балтық және басқа теңіздерде байқалады. Циклондық әрекеттесудің белсенділігінің жоғарлауы температура мен жауын-шашынның аймақтық режиміне елеулі әсерін тигізеді. Атлант және Тынық мұхиттарының үстінде жылдың суық мезгілінде циклогенез процесстері күшейеді және атмосфераның әрекеттесу орталықтарының белсенділігі өседі – исландиялық және алеуттік депрессиялар. Таймыр – Карск теңізі ауданынан келетін антициклондық енулер Ресейдің Еуропалық территориясының, Қазақстанның, Батыс Сібір мен Орта Азияның үлкен кеңістігінде температураның экстремальды төмендеуін қалыптастырады. Орта Азияның синоптикалық процесстерін жіктеген кезде синоптикалық процесстердің дамуын анықтайтын және макросиноптикалық орналасуларды түрлендіру үшін ең ыңғайлы болатын, атмосфераның негізгі объектісі ретінде ПЖФА туралы ұғым кең қолданған. Орта Азияның синоптикалық процесстерін жіктеген кезде синоптикалық процесстердің дамуын анықтайтын және макросиноптикалық орналасуларды түрлендіру үшін ең ыңғайлы болатын, атмосфераның негізгі объектісі ретінде ПЖФА туралы ұғым кең қолданған.

Орта Азия мен Қазақстан территориясында синоптикалық процесстерді түрлендіру негізіне

қарастырылып жатқан аймаққа қатысты тропосфераның төменгі қабатында антициклондардың

жылжу траекториялары қойылған.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 476 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...