Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Толқындық әрекеттің даму жағдайлары және Қазақстан мен Орта Азияның таулы аудандарында ауа райының сипаты



Толқындық әрекет дегеніміз Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында вертикалды қалыңдығы үлкен емес квазистационарлы ену фронтында бірнеше циклондық толқындар дамып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Бұл толқындар окклюзия кезеңіне дейін жетпейді, бірақ уақыт өте олардың қарқындылығы өседі. Толқындардың пайда болуының негізгі белгілерінің бірі болып Орта Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан тау жоталарынан жоғары емес солтүстік-шығыс ағын ретінде болатын суық енудің вертикалды ұзындығының үлкен болмауы (1,5-2 км) табылады, ал жылы ауа массасында, еніп жатқан суық ауадан жоғары, батыс немесе оңтүстік-батыс бағыттағы ауа ағындарының күші жоғары болуы керек (АТ-500 картасында 80-120 км/сағат).

Биік алқаптарының екі варианттары болуы мүмкін:

Бірінші вариантта қоңыржай ендіктің оңтүстік ПЖФА-ғы Жерорта теңізі, Кіші және Орта Азия арқылы шамамен зоналды бағытта өтеді, ал Орта Азияның таулы аудандарының үстінде орографияның әсерінен солтүстік-шығыс бағытқа ие болады. Меридионалды түрде бағытталған солтүстік ПЖФА (арктикалық) Баренц теңізінен Оралға, Каспийдің солтүстігіне қарай өтеді және ары қарай Орта Азияның үстінде оңтүстік ПЖФА-пен қосылып, термикалық, барикалық градиенттерді көбейтеді, биіктікте желдің үлкен жылдамдықтарына алып келеді. Қара теңіз бен Солтүстік Кавказдың үстінде батысқа қарай созылып жатқан суықтың ошағы орналасады. Бұл вариантта Орта Азияның орталық және оңтүстік аудандарында бұлыңғыр, жауын-шашынды, желді ауа райы ұзақ уақытқа дейін тұрақталады, көктемде найзағай болуы мүмкін. Жауын-шашындардың таулы және тау алды аудандарында қарқындылығы жоғары, олардың орташа тәуліктік жиынтығы қантар мен ақпан айларындағы орташа климаттық мәніне қарағанда 1,5 - 4,0 есеге көп болады.

Толқындық әрекеттің екінші вариантында ауа райының негізгі нашарлауы Орта Азияның шығысында байқалады, ал оның батыс бөлігінде бұлттылық пен сирек жауын-шашын, негізінен Копетдаг тау бөктерінде болады. Солтүстік және оңтүстік ПЖФА-тың қосылуы Орта Азияның шығыс бөлігінде байқалады. Қазақстанның орталық және оңтүстік-шығыс аудандарының үстінде тосқауыл жүйенің (блокирующей системы) шығыс жырасы орналасады. Толқындық әрекеттің аяқталуын болжау үшін жылы биік антициклон мен ендіктік жыраның бұзылуын және Батыс Қазақстанның үстіндегі ағындардың шығыс пен солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысуын алдын-ала білу керек. Толқындық әрекеттің қайталанушылығы басқа процесстердің ішінде шамалы орынды алады (9,3% - суық жартыжылдықта, 5,5% - жылы жартыжылдықта). Жағдайлардың максимумы наурыз айында (1,8), минимумы – тамыз айында байқалады (10,2). Толқындық әрекеттің алдында солтүстік-батыс, солтүстік ену мен шамамен барлық Орта Азияны қамтыған, болған суық енудің нәтижесі болып табылатын антициклонның оңтүстік перифериясы байқалады.

34. Толқындық әрекеттің дамуының 1-ші түрі. Толқындық әрекет дегеніміз Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында вертикалды қалыңдығы үлкен емес квазистационарлы ену фронтында бірнеше циклондық толқындар дамып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Бұл толқындар окклюзия кезеңіне дейін жетпейді, бірақ уақыт өте олардың қарқындылығы өседі. Толқындардың пайда болуының негізгі белгілерінің бірі болып Орта Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан тау жоталарынан жоғары емес солтүстік-шығыс ағын ретінде болатын суық енудің вертикалды ұзындығының үлкен болмауы (1,5-2 км) табылады, ал жылы ауа массасында, еніп жатқан суық ауадан жоғары, батыс немесе оңтүстік-батыс бағыттағы ауа ағындарының күші жоғары болуы керек (АТ-500 картасында 80-120 км/сағат).

Биік алқаптарының екі варианттары болуы мүмкін:

Болқындық әәрекет Орталық Азияның оңтүсігімен оңтүстік шығысында байқалады. толқындар Иранның солтүстігі, Түркменияның оңтүсігінде және Орталық Азияның шығыс аудандарында өтетін суық фронтта қалыптасады. Бұл фронттар тез жылжиды, орталық Азияның шығыс бөлігінде толқындар солтүстік шығысқа қарай бағытталады.осы жүйе уақыт өте таулы аудандарға еніп, сол жерде аяқталады. Осы енудің түрінде Орта Азияның орта және оңтүстік бөліктерінде бұлыңғыр ауа райы қалыптасады. Температура нормалардан төмен болады және жер бетінде үлкен контрасттар байқалады. Солтүстікте суық ауа, оңтүстікте жылы ауа болады. Толқындық әрекет кезінде жоғары температура және аз ылғалдылық болса, жауын-шашын болмайды.

35. Толқындық әрекеттің дамуының 2-ші түрі. Толқындық әрекет дегеніміз Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында вертикалды қалыңдығы үлкен емес квазистационарлы ену фронтында бірнеше циклондық толқындар дамып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Бұл толқындар окклюзия кезеңіне дейін жетпейді, бірақ уақыт өте олардың қарқындылығы өседі. Толқындардың пайда болуының негізгі белгілерінің бірі болып Орта Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан тау жоталарынан жоғары емес солтүстік-шығыс ағын ретінде болатын суық енудің вертикалды ұзындығының үлкен болмауы (1,5-2 км) табылады, ал жылы ауа массасында, еніп жатқан суық ауадан жоғары, батыс немесе оңтүстік-батыс бағыттағы ауа ағындарының күші жоғары болуы керек (АТ-500 картасында 80-120 км/сағат).

Биік алқаптарының екі варианттары болуы мүмкін:

Толқындар Орталық Азияның оңтүстік шығыс және шығыс таулы аймақтарында пайда болады. Солтүстік шығысқа қарай бағытталып, Орталық азияның шығыс бөлігінде, ал оның батыс бөлігінде бұлттылық пен сирек жауын-шашын, негізінен Копетдаг тау бөктерінде болады. Қазақстанның орталық және шығыс аудандарындағы шығыс терең жырасы байқалады. 2-ші түрінде де төменгі 1,5-2 км қабаттарда солтүстік шығыс ағындары және одан жоғары қабаттарда жылдамдығы жоғары батыс және оңтүстік-батыс ағындары қалыптасады. Нақты жағдайда толқындық әрекетке қолайлы болатын термобарикалық алқаптың басқа да түрлері болуы мүмкін. Бірақ әрқайсысында Қазақстанның үстінде суық ауаның ошағы, Орта Азияның үстінде қарқынды Батыс ағынының болуы міндетті.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 474 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...