Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оңтүстік циклондардың түрлері, жалпы сипттамалары



Оңт.циклондар – полярлы ПЖФА-ң астында қалыптасып, ауа райын болжайтын ауданға оңтүстіктен келетін циклондар.Оларға Оңт.Каспий, Жоғары Әмудариялық,Мұрғаб циклондары жатады. Оңтүстік Каспий циклоны дегеніміз Каспийдің оңтүстігінде немесе сәл шығысқа қарай циклон пайда болып, 1,5 – 2 тәулік ішінде Орта Азияның территориясынан оңтүстік-батыстан солтүстікке немесе солтүстк-шығысқа қарай жылжуы болатын синоптикалық процесс. Тәжікстанның оңт\де төмен қысымның терең емес аймағы ретінде циклон пайда болып, Тәжікстанның таулы аудандарында әлсіз дамып, жоғары қысым алқабында солт. н\е солт-шығыс бағытта жылжитын процесс. Мұрғаб циклоны дегеніміз Түркменияның оңтүстігінде Мұрғаб және Теджен өзендерінің алабында циклон пайда болып, Орта Азия мен Қазақстан территориясы арқылы солтүстік-шығыс бағытта жылжуы болатын синоптикалық процесс Бұл циклондардың қайталанушлығы қыста ең жоғары. Жалпы сипаттамалары:

- күннің жылынуы.

- шарбы бұлттылығы ж\е оның тығыздалуы.

- ЖФ-ң келуі.

- СФ-р әрқашан көп ылғалдылық пен ж-ш алып келеді.

- күшті желдер.циклондар тез жылжиды. 1 тәулік ішінде 600-700 км жылжуы мүмкін ж\е үлкен қысым градиентін қалыптастырады.

- қарлы борандар, шаңды дауылдар байқалады.

- мұздану құбылысы байқалады.

- егер циклондар баяу жылжмтын б\са, тұман қалыптасады.

- ең ерте байқалатын найзағайлар болады.

- ж-ш-р қыста да жаңбырдан басталады.

24.Оңт.Каспий циклонының статистикалық сипаттамалары. Болжамдық нұсқаулары.

Оңт.Каспий циклоны – Каспий теңізінің оңт\де н\е Түркменстанның батысында циклон пайда болып, 1,5-2 тәулік ішінде солт-шығыс бағытта Орта Азиядан өтіп, Қазақстанға келетін циклон.Оңт.Каспий циклоны негізінен жылдың суық мезгілінде байқалады.8 ай ішінде (қазан-мамыр) оның шығуы 95% құрайды. Жыл бойы орташа алғанда 13,4% жағдайда шығуы байқ. Кейбір жылдары оның шығу саны ауытқуы мүмкін. 20-30 циклоннан кейде 5 циклонға дейін. Оңт.Каспий циклоны шығуының жылдық саны наурызда максимумына жетеді. Минимумы жазда. Оңт.Каспий циклоны шықпай тұрып антиц\ң оңт-батыс перифериясы байқ. Суық мезгілде 53%, жылы мезгілде 43% жағдайд. Сирек антиц\ң оңт.перифериясы орнайды.Суық музгілде 7%, ал жылы мезгілде 11% жағдайда. Кейде 11% жағдайда батыс ену байқалады. Оңт.Каспий циклонының қайталанушылығы жылы мезгілде 11%, ал суық кезеңде 25% құрайды.

1) Каспийдің оңтүстігінде циклонның пайда болуына 2-5тәулік бұрын Жерорта теңізінің орталық аудандарына суық ауның енуі болуы керек.

2) Суықтың жырасы жиі Қара теңіз үстінде жеке суық ошағымен Жерорта теңізіне дейін жетуі керек.

3) Батыс Еуропада биік жота РЕТ мен Қара теңізінде биі жыра қалыатасу керек.

4) Қиыр шығыс пен Орта Азия аудандарында қарқынды ПЖФА байқалады. Оның осі Түркменияның батысы мен орталық аудандарынан өтеді.

5) Қазақстан үстінде омы кезде биік жота қалыптасады жылудың қарқынды адвекциясы қалыптасады және жылудың қарқынды адвекциясы байқалады. адвекцияның бұрышы 90̊ жақын.

6) Жер бетінде Қазақстан мен Орталық азия үстінде антиц.ң оңтүстік батыс перефириясы бұзылуы байқалады.

7) түркменияның батыс бөлігінде Каспийдің өңтүстік бөлігінде қысының қарқынды төмендеуі басталады.

8) циклонның регенерациясы болатын кезде биік жыра шығысқа жылжиды, ал Қазақстанның батысы мен Орталық Азияға жаңа арктикалық фронттың келуі байқалады.

25.Оңт.Каспий циклонының даму фазалары. Регенерациясының болжамдық белгілері.

Оңт.Каспий циклоны – Каспий теңізінің оңт\де н\е Түркменстанның батысында циклон пайда болып, 1,5-2 тәулік ішінде солт-шығыс бағытта Орта Азиядан өтіп, Қазақстанға келетін циклон. Ол 3 траекториямен жылжуы мүмкін: Қазақстанның батыс аудандары арқылы, Қазақстанның орталығынан Б.Сібірге қарай, Орта Азия арқылы Қазақстанның шығысына қарай. Оңт.Каспий циклонының даму фазалары:

1. ЖФ-ң қалыптасуы.шығыс траекториямен

2. Жылы сектордың қалыптасуы.

3. Берілген траекториялардың бірімен жылжиды.

4.Егер батыс траекториямен жылжыса, циклон аз жылжымалы б\ды. Орталық траекториямен жылжыса, циклонның регенерациясы б\ды. Егер шығыс траекториямен жылжыса,циклон шығыстағы таулар алдында толады.

26.Жоғары Әмудариялық циклонның шығу жағдайлары, оның Қазақстан терр\ң ауа райына әсері.

Жоғарыамудариялық циклон дегеніміз Тәжікстанның үстінде салыстырмалы жоғары қысым алқабында (1015 – 1020 гПа және одан да жоғары) терең емес төменгі қысым аймағы пайда болып, солтүстікке немесе солтүстік-шығысқа қарай жәй жылжуы болатын процесс. Процесс жәй өтеді және негізінен Орта Азияның таулы аудандарында болады. Бұл сирек байқалатын процесс, өйткені осы циклон пайда болу үшін процесстердің меридионалдылық даму дәрежесі жоғары болу керек, яғни суық ауаның Иран мен Ауғанстанға енуі байқалуы керек. Термобарикалық алқап жылы биік антициклонның немесе осі шамамен Кавказ үстінде (40 – 50° ш. б. аралығында) орналасатын жотаның және Орта Азияның орталығы мен Иранның шығысында (шамамен 60 – 63° ш.б. меридиан бойымен) орналасатын жыраның дамуымен сипатталады. Өте жиі Орта Азия мен Иранның оңтүстігінде жырада шектелген суық ошағы бар биік циклон қалыптасады. Қоңыржай ендіктің фронтының ПЖФА-ғы меридионалды түрде бағытталып, Кавказ үстіндегі биік жотаны және Орта Азия мен Иранның шығысындағы жыраны айналып өтеді. Гималай ауданына жетіп, ол екі ағысқа бөлінеді – біреуі солтүстік пен солтүстік- шығысқа қарай, ал екіншісі оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады. ПЖФА-тың циклогенезді бөлігінде Иранның шығысында немесе Ауғанстанда циклондар пайда болады, ары қарай олар Орта Азияда жоғарғы жылы фронт ретінде көрінеді және таудан асып, жоғарыамудариялық циклон сияқты болады. Меридионалды тау жоталарынан асатын циклондарға қарағанда, Иран циклоны екіге бөлінеді және ары қарай ПЖФА-тың екі тарауларының астында екі жеке орталық дамиды. Жоғарыамудариялық циклон пайда болғаннан кейін процесс ары қарай суық фронттың пайда болуымен немесе суық фронтсыз өтеді. Циклонның суық фронттың пайда болуымен өтуі қысқы айларда болады және қарқынды жауын-шашындарға алып келеді. Екінші варианты әдетте мамыр, қазан және қараша айларында болады. Орта Азияның таулы аудандарында жоғарғы және төменгі қабаттың бұлттылығы байқалады, ал жауын-шашын Тәжікстанда жаууы мүмкін, Орта Азияның қалған бөлігінде ашық ауа райы сақталады. Жоғарыамудариялық циклондардың қайталанушылығы суық жартыжылдықта 1,7%, жылыжартыжылдықта 0,6% құрайды. Жиі наурыз айында, барлық оңтүстік циклондардың шығуының және жауын-шашын түсуінің максимумы болатын кезде, байқалады (0,5). Жыл бойына оның пайда болу жиілілігі аз өзгереді (0,1 - 0,3 рет айына). Маусым мен шілде айларында жоғарыамудариялық циклондар байқалмайды

Жоғары Әмудариялық циклонның термобарик.алқабының сипаттамасы.Оның шығуына қолайлы термобарик.алқап, жылжу траекториялары.

Тәжікстанның оңт\де төмен қысымның терең емес аймағы ретінде циклон пайда болып, Тәжікстанның таулы аудандарында әлсіз дамып, жоғары қысым алқабында солт. н\е солт-шығыс бағытта жылжитын процесс. Бұл сирек байқалатын процесс, өйткені осы циклон пайда болу үшін процесстердің меридионалдылық даму дәрежесі жоғары болу керек, яғни суық ауаның Иран мен Ауғанстанға енуі байқалуы керек. Термобарикалық алқап жылы биік антициклонның немесе осі шамамен Кавказ үстінде (40 – 50° ш. б. аралығында) орналасатын жотаның және Орта Азияның орталығы мен Иранның шығысында (шамамен 60 – 63° ш.б. меридиан бойымен) орналасатын жыраның дамуымен сипатталады. Өте жиі Орта Азия мен Иранның оңтүстігінде жырада шектелген суық ошағы бар биік циклон қалыптасады. Қоңыржай ендіктің фронтының ПЖФА-ғы меридионалды түрде бағытталып, Кавказ үстіндегі биік жотаны және Орта Азия мен Иранның шығысындағы жыраны айналып өтеді. Гималай ауданына жетіп, ол екі ағысқа бөлінеді – біреуі солтүстік пен солтүстік- шығысқа қарай, ал екіншісі оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады. ПЖФА-тың циклогенезді бөлігінде Иранның шығысында немесе Ауғанстанда циклондар пайда болады, ары қарай олар Орта Азияда жоғарғы жылы фронт ретінде көрінеді және таудан асып, жоғарыамудариялық циклон сияқты болады. Меридионалды тау жоталарынан асатын циклондарға қарағанда, Иран циклоны екіге бөлінеді және ары қарай ПЖФА-тың екі тарауларының астында екі жеке орталық дамиды. Жоғарыамудариялық циклон пайда болғаннан кейін процесс ары қарай суық фронттың пайда болуымен немесе суық фронтсыз өтеді. Циклонның суық фронттың пайда болуымен өтуі қысқы айларда болады және қарқынды жауын-шашындарға алып келеді. Екінші варианты әдетте мамыр, қазан және қараша айларында болады. Орта Азияның таулы аудандарында жоғарғы және төменгі қабаттың бұлттылығы байқалады, ал жауын-шашын Тәжікстанда жаууы мүмкін, Орта Азияның қалған бөлігінде ашық ауа райы сақталады





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 829 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...