Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Солтүстік бат ыс енудің даму фазасы және статистикалық сипаттамасы



Солтүстік-батыс суық ену дегеніміз арктикалық немесе қоңыржай ендіктік ауа массаларының Орта Азия мен Қазақстан территориясына солтүстік-батыстан Ресейдің Еуропалық территориясының оңтүстік-шығыс бөлігі, Батыс Қазақстан мен Үстірт арқылы енуі болатын және ауа райының күрт өзгерісін қалыптастыратын синоптикалық процесс. Ену күннің сууына, күшті желдерге, жауын-шашынға және шаңды борандарға алып келеді. Жылы және шамалы бұлтты ауа райынан кейін оның жалпы нашарлауы байқалады. Солтүстік-батыс енуге белгілі макросиноптикалық жағдай сәйкес келеді. Скандинавия түбегіне Балкан арқылы жақсы дамыған биік жота таралады. Батыс Сібірде Енисейдің төменгі және ортанғы ағысынан Оралға дейін биік циклонның орталығы орналасады, одан оңтүстік-батыс бағытта жыра созылады. Олардың арасында ПЖФА қалыптасады, оның осі Канин нос түбегінен оңтүстік-шығысқа Еділ өзенінің ортанғы ағысына дейін өтеді, 45 – 50 °с.е. аралығында, яғни Орта Азияның солтүстігінде ендіктік бағытқа ауысады, Қазақстан мен Батыс Сібірде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағдарланған.

Солтүстік-батыс енудің дамуының 4 фазасын бөледі:

1) дайындық; атмасфераның регионалды түрде қайта құруы басталады. Жер бетінде солтүстік европада арктикалық суық енуі фронтта пайда болады да бұл фаза аяқталады.

2) қауіпті фазасы; екі немесе үш тәулік жалғасады ағынның мередианалдылығының күшеюімен және европанвң шығыс бөлігінде суық ену дамуымен сипатталады.

3) даму фазасы; ену фронтты қазақстан территориясы бойынша жылжып орта азия мен Қазақстанның таулы аймыктарына дейін келеді. Ену жылд байланысты бұл фаза бір екі тәулік жалғасады.

4) соңғы фазасы. Ену антициклоны мен фронт Қазақстан территориясынан өтіп кетуімен сиптталады. Бұл фаза ұзақтығы бір тәуліктен аспайды.

Солтүстік-батыс енудің қайталанушылығы суық жартыжылдықта (XI-IV) 15,9 %, жылы жартыжылдықта (V-X) 22,6 % құрайды. Жылдық жүрісінде минимумы IV мен XII (1,4 жағдай), ал максимумы VIII – I айларда (2,5 және 2,2 жағдай) байқалады. Солтүстік-батыс енудің ұзақтығы жыл бойына 6 – 12 сағаттан 6 тәулікке дейін өзгереді.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 398 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...