Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Қазіргі заман мектебіндегі білімнің мазмұны



Негізі ұғымдар: білім мазмұны, қазіргі әлемдегі білім мазмұны, ғылым, мазмұнды жаңарту, білім мазмұнын айқындайтын құжаттар, т.б.

Мазмұны: Білім мазмұны туралы түсінік. Қазіргі әлемдегі білімнің сипаты. Нарықтық қатынас жағдайындағы ғылым негізінің мазмұнын жаңарту. Мектептегі білімнің мазмұнын айқындайтын құжаттар.

Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру.

Мектепте берілген білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді.

табиғат қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен;

дүние танымын қалыптастыру;

адамды жан-жақты дамыту;

жастарды өмір сүруге, еңбекке, білім алуға, мамандық таңдауға тәрбиелеу.

Білім берудің мазмұны негізгі үш құжат арқылы анықталады: оқу жоспары, оқу бағдарламалы, оқулықтар.

Оқу жоспары мемлекеттік құжат, онда мектепте оқылатын пәндер іріктеліп, тізімдері жасалады, оқу жылдары бойынша іріктеледі, сағат саны бөлінеді.

Қазіргі егеменді білім беруді стандарттау мәселесі жүргізілуде.

Оқу бағдарламасында – оқу пәнінің мазмұны анықталып, бағыты, көлемі белгіленеді. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша жеке жасалады. Онда әр пәнге түсінік хат жащылады, оқыту міндеттерімен әдістемелік нұсқаулар беріледі.

Оқулықтар – оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға белгілі бір ғылым саласынан қажетті мағлұмат беретін ғылым жиынтығы. Сондықтан оқулықтарға үлкен міндеттер жүктеледі, талаптар қойылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Білім беру мазмұны дегеніміз не, немен байланысты анықталады?

2. Оқыту процесінде оқу жоспары оқу бағдарламасының қызметі қандай?

3. Қазіргі кезеңде мектепте оқытудың мазмұнын қайта қараудың себептері не өздігінен орындайтын жұмыстар.

4. Қандай мемлекеттік құжаттар білім мазмұнын анықтайды.

5. Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз.

6. Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Астана: Елорда, 2005. - 48 б.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.- 46 б.

3. Жоғары білім беруді дамыту және реформалау бағдарламасы. – Париж: ЮНЕСКО, 1995.

4. Дидактика средней школы: под ред. М.Н.Скоткина М.1982..





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1349 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...