Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Жоғары оқу орындарының дидактикалық принциптері



Негізі ұғымдар: принцип, дидактиканың принциптері, оқыту принциптері, оқытудың кәсіби бағыттылығы, теориялық білім, практикалық дағды, қабілет, заңдылықтар, теория мен практиканың байланысы, тәрбиелілік, ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік, т.б.

Мазмұны: Студенттерге ойдағыдай теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін толық жүзеге асыру үшін оқытушы әрбір сабағын мынандай дидактикалық принциптер негізінде өткізуі қажет:

оқу материалы, оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі болуы қажет;

оқу материалы және оны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғынықты болуы қажет;

теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білу қажет;

студенттер оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы қажет;

оқыту барысында студенттердің жас және жеке дара ерекшеліктерін есепке алынуы керек;

педагогикалық процестің бағыттылық принципі болашақ маманның жан-жақты дамуына ықпал етуі керек;

студенттердің алған білімі мен дағдылары берік болуы керек.

Оқыту процесінің заңдылықтары оқыту принциптері арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі сызбалар:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. ҚР педагогикалық білімнің қазіргі жүйесі (кесте құрастыру).

2. Студенттердің кәсіби даярлығындағы оқу, ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы (эссе).

3. Оқытушының жалпы педагогикалық даярлығының білім берушілік функциясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас жүйесі. //Монография. – Алматы:Ғылым, 2001.

2. Асанов Н.А. Ақпараттық технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру менеджменті. Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі. – Шымкент, 2004. № 1(36). – Б. 16-22.

3. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы. Текст лекции. 1990.

4. Нарибаев К., Салина Р. Педагогическая диагностика и мониторинг определения результативности обучения в подготовке специалиста //Вестник высшей школы Казахстана. № 2, 1998. – С. 7-15.

5. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2005.

6. Жас және педагогикалық психология //Оқулық. – Алматы, 1982.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1668 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...