Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Қазіргі кездегі жоғары мектептің дамуындағы проблемалар



Дәрістің мақсаты: жоғары мектептердің дамуындағы өзекті мәселелерге тоқталып, үздіксіз педагогикалық білім берудің ерекшеліктерін және инновациялық білім беру жүйесінің заманауи орнын анықтау.

Негізі ұғымдар: Еуразиялық аймақ, инновация, инновациялық білім беру жүйесі, инновациялық бағыттылық, инновациялық орта, т.б.

Мазмұны: Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі. Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі. Инновациялық білім беру жүйесі. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Білім берудегі инновациялар. Педагогикалық инновациялық критерийлері

Негізгі сызбалар:

Кесте 1 - Әлемдік білім беру кеңістігінің ұйымдастырушылық және аймақтық құрылымы

Ұйымдастырушылық құрылым Аймақтық құрылым (өлшемдер – өзара жақындасу мен білім беру жүйелерінің өзара әсері)
- мемлекеттің білім беру әрекетін реттеуші халықаралық ұйымдар; - ірі халықаралық жобалар мен бағдарламаларды орындау; - халықаралық және ашық университеттер, оқу мекелемелерінің халықаралық ассоциациялар; қашықтық жоғары оқу орны. Аймақтардың 1 типі – интеграциялық процестердің генераторлары. Батыс Еуропа (90-жылдардан бастап); АҚШ және Канада; Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақ (АТА – Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Филипиндықтар, Индонезия). Аймақтардың 2 типі – интеграциялық процестерге оң көзқарастағылар. Латын Америка елдері. Бразилия және Аргентина американдық модельге бағытталған, Мексика и Коста-Рика Еуропамен тығыз байланысқа сүйенеді. Латын Америкасы елдері «Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері үшін білім беретін ЮНЕСКО-ның негізгі жобаларын» жүзеге асырады. Аймақтардың 3 типі – білім беру процесіне енуді инертті елдер. Африка елдерінің үлен бөлігі Сахарадан оңтүстікке дейін (ЮАД-дан басқалары), Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, тынық және Атлантика мұхиттарының үлкен емес құрылықтық елдері. Мектептік білім берудің минималдыдан төменгі ұзақтығы – 4 жыл. Негізінен сауатсыз елді мекендер.
- XX ғ. соңына дейін білім беру және интеграциялық процестердің тізбектілігі бұзылатын аймақтар көрінді. Бұл Араб елдері, Шығыс Еуропа, ТМД елдері. Араб елдерінде 4 субаймақтар айқындалды: Магриб аймағы (Ливияны қоса есептегенде), Жақын Шығыс (Мысыр, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания), Персид бұғазы (Сауд Аравиясы, Кувейт, ОАЭ, Катар, Оман, Бахрейн), Қызыл Теңіз және Мавритания жағалауларындағы елдер. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде білім беруді дамытуда құлдырау байқалады (XX ғ.аяғы). Қазіргі кезде (ХХI ғ. басы) ТМД елдерін 2-аймақтық типке жатқызуға болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Еуразиялық аймақтағы білім берудің ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Ауызша.

2. Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден картотека құрастыру.

3. Педагогтың кәсіби құзіреттелігін қалай түсінесіз. Олардың түрлерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Кожахметова К., Таубаева Ш., Джанзакова Ш. Методология общей и
этнической педагогики в логико-структурных схемах: учеб.-метод.
пособие. – Алматы, 2005. – 174 с.

2. Беркімбаева Ш.К., т.б. Жоғары мектеп педагогикасы /Оқу құралы. – Алматы, 2009. – 176 б.

3. Мынбаева А.К. Современное образование в фокусе новых
педагогических концепций, тенденций и идей. Монография. – Алматы: Раритет, 2005. - 90 с.

5. Таубаева Ш.Т. Тарихи-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдістемесі /Магистранттарға арналған оқу бағдарламасы. – Алматы: ҚМҚПИ, 2007. – 120 б.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1676 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...