Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Оқыту процесінің мәні



Негізі ұғымдар: оқу процесі, дидактика, білім, іскерлік, дағды, қабілеттілік, танымдық іс-әрекет, қозғаушы күш, дамытушылық білімділік және тәрбиелік функциялар, т.б.

Мазмұны: Оқыту процесі сабақ беру мен оқудың бірлігі. Негізгі ұғымдар: білім, іскерлік, дағды мен қабілеттілік. Оқыту процесінің әдіснамалық негізі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері оқудың қозғаушы күші туралы түсінік. Оқыту процесіндегі дамытушылық білімділік және тәрбиелік функциялардың таралуы.

Негізгі сызбалар:

1-кесте Дидактиканың негізгі ұғымдары

Дидактикалық ұғымдар Ұғымдарға жалпылама түсініктеме
  Білім беру Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан – белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге: 1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 2) жалпы бастауыш білім беру, 3) жалпы негізгі білім беру; 4) жалпы орта білім беру; 5) жалпы қосымша білім беру енеді. Білім беру бағдарламасының үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 2) орта білім беру; 3) кәсіптік жоғары білім беру; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
  Оқыту, оқу Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету, меңгерту процесі – өмірге еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту – білім берудің басты жолы. Оқыту – екі жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналылығы, ынталандыру және білімді меңгертудің, оқу әрекетін орындау сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау, оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
  Оқыту әдістемесі Білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін, мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі – оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал әдістер жиынтығы, тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістемесі – тарихи категория.  
  Оқыту ұстанымдары (принциптері) Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мақсатына сай, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелілік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік.
  Тәрбие Жеке тұлғалардың адамдық бейнесін қалыптастыру, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.
  Тәрбие әдістемесі Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындайтын тәрбиелік, әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, үлгі-өнеге, жаттығулары, әрекеттерді ұйымдастыру, т.б.жатады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дидактика нені оқытады? Анықтама беріп көріңіз.

2. Дидактиканың категорияларын атаңыз. Жалпы оқытудан оның айырмашылығы қандай?

3. Оқыту және тәрбиенің әдістемесін ажыратып көрсетіңіз. Айырмашылықтары неде?

4. Оқытудың негізгі ұстанымдарына тоқталыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Астана: Елорда, 2005. - 48 б.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004.- 46 б.

3. Жоғары білім беруді дамыту және реформалау бағдарламасы. – Париж: ЮНЕСКО, 1995.

4. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности
педагогических исследований: (Дидактический аспект). – М.: Педагогика,
1982. – 192 с.

5. Кожахметова К., Таубаева Ш., Джанзакова Ш. Методология общей и
этнической педагогики в логико-структурных схемах: учеб.-метод.
пособие. – Алматы, 2005. – 174 с.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2613 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...