Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері



Негізі ұғымдар: кредиттік оқыту жүйесі, кредит, кредиттік жүйенің негізгі принциптері, студенттердің білімін бақылау және бағалаудың түрлері, кредиттік технология, т.б.

Мазмұны: Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі принциптері, білімдік кәсіптік бағдарламасы. Кредиттік оқыту жүйесімен оқитын студенттердің білімін бақылау және бағалау.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі принциптері:

1. Бакалавриат (аяқталмаған жоғары кәсіптік білім) - 4 жыл, төмендегі сатысы -2 жыл; жоғары сатысы -2 жыл.

2. Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады:

- кәсіптік магистартура, 3 триместрді қамтиды -1 жыл;

- ғылыми магистратура- 2 жыл

3. Докторлық бағдарлама-жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады:

- кәсіптік магистратурадан кейін – 3 жыл;

- ғылыми магистратурадан кейін- 2 жыл.

Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және ксәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: “бакалавр”, “магистр”,”доктор”.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Кредиттік оқыту жүйесі нені оқытады? Анықтама беріп көріңіз.

2. Кредиттік жүйенің мақсаты. Жалпы оқытудан оның айырмашылығы қандай?

3. Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі неде?

4. Тьютор дегеніміз кім?

5. Эдвайзердің атқаратын қызметіне сипаттама бері? із.

6. Рейтингтік жүйенің студенттердің білімін бағалаудағы орнын көрсетіңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Джусубалиева Д., Мынбаева А. Классификация методов обучения с использованием технологий //Высшая школа Казахстана. – Алматы, 2000.

2. Дәрібаева Ж. Электронды сабақ жасау үлгісі //Білім берудегі менеджмент. – Алматы, № 3, 2001.

3. Кадыркулова К.Б. Жоғары оқу орындарында студенттердің ойлау процестерінің маңыздылығы //Материалы международной научно-теоретической конференции. – Алматы, 2001.

4. Абдуллина О.А. Общепедагогическая учителя в системе высшего педагогического образования. – М.: Просвещение. 1990.

5. Профессиональное образование из опыта учителей /Под ред. С.Мирсеитовой, А.Иргебаевой. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.

6. Кусаинов А.К. Развитие образование РК. – Алматы, 2005.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 2947 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...