Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастыру түрлері



Негізі ұғымдар: дәріс, практикалық сабақтар, СОӨЖ, өндірістік практика, ауызша жаттығулар, педагогикалық бақылау, т.б.

Мазмұны: Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастыру түрлері (дәріс, практикалық сабақтар, оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика. Ауызша жаттығулар, лабораториялық-практикалық жаттығулар. Педагогикалық бақылау түрлері.

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында дәріс оқуда жалпы мына талаптар қойылады:

1. Ғылымилық (ұсынылатын ақпарат қазіргі кездегі ғылымның даму деңгейі мен дәрістік курстың типтік және оқу бағдарламаларына сәйкес болуы қажет).

2. Ғылымның негізгі ережелерін оқып-үйренудің біртұтастығы мен жүйелілігі. Ондағы негізгі сұрақтар ғылыми-практикалық салаларға сәйкестендіріліп берілуі қажет.

3. Берілген ғылымның дамуын түбегейлі түсіну үшін дәрісте баяндалатын ережелердің дүниетанымдық және әдіснамалық негізі.

4. Әдіснамалық сұрақтардың саны мен оларға дұрыс түсініктің берілуі.

5. Нақты материал, нақты айғақтарды таңдау мен сұрыптау, оларды толықтыру;

6. Негізгі тұжырымдардың шынайылығы мен дәлелділігі.

7. Берілген ғылым саласы бойынша проблемалық және пікірталас тудыратын сұрақтарды сараптау.

8. Әртүрлі тұжырымдамаларды салыстыру.

9. Дәрістік материалдың қазіргі өмірмен, студенттің болашақ мамандығымен байланысы.

10. Курс материалының оқу жоспары мен пәннің бағдарламасына сәйкестігі.

11. Дәрістің тақырыбы мен мазмұнының өзектілігі.

12. Оқытылатын материалдың болашақ практикалық іс-әрекеттегі практикалық мәнділігі мен қолану аясын көрсету.

13. Берілген дәрістік курстың басқа курстармен байланысы (пәнаралық байланыс).

Семинар сабақтарына қойылатын талаптар:

- семинарда қаралатын тақырыптардың негізділігі мен өзектілігі;

- студенттердің кәсіби қызығушылықтарын ескеру;

- қарастырылатын тақырыптардағы теориялардың қазіргі деңгейді қамтамасыз етуі;

- қарастырылатын тақырыптың аяқталуын және семинардың логикалық құрылымын қамтамасыз ету;

- әрбір тақырып материалдарын қарастырудың проблемалық және ізденушілік сипаты;

- қарастырылатын проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын қамтамасыз ету;

- студенттермен алдын ала кеңес жүргізу;

- әрбір тақырыпты қарастырғанда, терең ғылыми деңгейлерін қаматамасыз ету;

- оқу уақытын қолдану тиімділігі;

- оқытудың техникалық құраладырн, компьютерлік технологиялар мен басқа да интерактивті түрлерін, семинарды ұйымдастырудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану;

- семинарға дайындалу үшін студенттерді семинардың жоспары мен қолданылатын әдебиеттер тізімімен қамтамасыз ету.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқыту түрлері мен бақылау түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсет.

2. Дәріске қойылатын талаптарды тұжырымдаңыз.

3. Семинарға қойылатын талаптарды атаңыз.

4. СӨЖ және СОӨЖ-дің ара жігін ашып бері? із.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Концепция высшего педагогического образования РК //Казахстанская правда. – Астана, 18.08.2005.

2. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации РК //Казахстанская правда. – Астана, 18.08.2005.

3. Архангельский С.И. Лекции по теории обучения в высшей школе. – М., 1995.

4. Ахметов Н.К. Теория и практика игрового обучения в подготовке учителя. – Алматы, 1995.

5. Загвязинский В.И. Дидактика высшей школы. Текст лекции. – М., 1990.

6. Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В.Петровского. – М., 1986.

7. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. – Астана, 26.12.2003.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1940 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...