Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Геморрагиялық васкулит



Геморрагиялық васкулит (Шенлейн – Генох ауры) - ұсақ қан тамырлар қабырғалары зақымдануымен сипатталатын, осыған байланысты кішкентай қанқатпалары пайда болуымен ағатын жұқпалы - аллергиялық ауру. Көбінесе мектепке дейінгі және кіші мектеп шағындағы балалар аурады.

С е б е п т е р і әлі күнге дейін анықсыз. Бірақ аурудың дамуына әр түрлі жұқпалар (күл, баспа, жедел респираторлы жұқпалар), дәрі-дәрмектер (егулер, антибиотиктер, витаминдер), тамақ (айқын аллергендер – балық, жұмыртқа, құлпынай, консерванттары бар «Марс», «Сникерс», т.б.), кейбір адамдарда созылмалы инфекция ошақтары пайда болады. өте жиі аллергиялық аурулар бойынша тұқым қуалаушылық анықталады.

П а т о г е н е з і. Барлық жағдайларда 1-3 жұмаға созылатын жасырын, симптомсыз өтетін кезең айқындалады. Осы кезең антиденелер пайда болу уақытына сәйкес келеді. Антиген-антидене реакциясына байланысты қантамыр қабырғасында қабыну процесстер пайда болады, жасушалары өз құрлысын өзгертіп, антигендік қасиетке ие болады. Сондықтан аутоиммундық құбылыстар пайда болады; бір жағынан, қан тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды, екінші жағынан, қан тамырлардың зақымданған эндотелийі тамыр ішінде кішкентай қанқатпаларын туғызып капиллярларды бекітіп тастайды да, ұсақ қан тамырлардың үзілуіне, некрозына, микроайналым арнасының бұзылуына соқтырады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Геморрагиялық васкулиттің белгілі бір классификациясы жоқ, сонда да келесі түрлер айқындалады: жалпы (терілі түрі); буын синдромы; абдоминалды синдромы, бүйрек синдромы, аралас синдром. Ағымы жедел, қайталамалы, найзағай тәрізді болады.

Ауырлық дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа дәрежелі, ауыр дәрежелі болып бөлінеді.

Ауру жедел басталады. Баланың дене қызуы 38-390С дейін көтеріледі, тәбеті төмендейді, әлсіздік, шаршау пайда болады. клиникалық синдромдары тек бір немесе біраз синдромдармен көрсетіледі.

Т е р і л і – г е м о р р а г и я л ы қ синдром көріністері аяқтар терісінен басталып, бөксеге, қолдарға, кеудеге, белге, бетке, мойынға көшеді. Көбінесе, әуелі ұсақ нүктелі эритемалық дақтар пайда болады, біраздан кейін қанталап, түрі қызылға тартады. Кейінірек түсі қошқыл, сонан сарғыш реңге ауысады, бірақта «гүлдемейді».

Терідегі көріністері көбінесе симметриялық, буын, бөксе, санның ішкі жағында топтала орналасады. Қайталап «шығуына» байланысты тері көріністері полиморфты болуы мүмкін. Кейбір балалардың қолдарында, тірсегінде, бетінде, қабақтарында ісіктер жайғасады. Аурудың ауыр түрінде пайда болған бөртпелер бір бірімен қосылып жаралы-некроздық элементтерге айналады.

Б у ы н с и н д р о м ы бес жастан асқан балаларда кездеседі; аурудың бұл түрінде терілі-геморрагиялық синдромға буын синдромы қосылады: ісіну, ауырсыну, қызару. Тізе, тобық, шынтақты тағы басқа буындарды қамтиды, әдетте симметриясыз, буын қызметі бұзылмайды. Әдетте, ірі буындар зақымданады, белгілері біраз сағаттардан бірнеше күнге дейн болып, ақырындап басылады. Бұл ауруда артрит жоқ болып, буында тұрақты өзгерістер мүлдем қалмайды.

А б д о м и н а л д ы с и н д р о м – терілі-геморрагиялық синдромға абдоминалды синдром қосылады. Кіндік тұсында кенеттен іш түйнейтіндей сезім пайда болады, кейбір кезде іштің ауруы қатты болғаннан балалар төсегінде аунап, көп сағат бойы айқайлайды. Кейде ауыр жағдайда диспепсиялық бұзылыстар қосылады: лоқсу, құсу, олар дегидратацияға (сусыздануға) әкеліп соқтырады. Синдромның ең ауыр түрінде ас қазаннан, ішектен қан ағуы мүмкін: нәжістің түсі қара не қызғылт, «кофе қоюындай» құсық пайда болады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 8788 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...