Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жедел ринит



Жедел ринит - мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуы.

С е б е п т е р і: вирустар, микроағзалар, аллергиялық, термиялық, механикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерлері.

П а т о г е н е з і: аурудың даму негізінде жүйке – рефлекторлық механизм жатыр. Әр түрлі себептерге байланысты мұрын шырышты қабығының ісінуі және шырыштың көп мөлшерде бөлінуі пайда болады, эпителий және бүрлер жойыла бастайды.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Риниттің ағымында үш сатысы бар:

1. құрғақ (тітіркендіргіш), ол бір тәуілікке дейін созылады,

2. сары сулы бөлікті саты (2-3тәулік),

3. шырышты-іріңді бөліктер сатысы, ол ауру басынан 3-4 тәулік өткеннен кейін пайда болады да бір-неше күнге дейін созылады.

Бір жасқа дейінгі балаларда мұрын қуысының қабынуы жұтқыншақ қабынуымен жолдамаланады – ринофарингит пайда болады. Тыныс алудың бұзылуына байланысты бала қоректенуін қиындатады. Аш баланың мазасы қашады, дене салмағы төмендейді, ұйқысы нашарлайды. Көмей артқы қабырғасы бойынша шырыштың ағуы жөтелге әкеліп соқтырады, бала көбінесе түнде жөтелетін болады.

Үлкендеу балаларда әуелі мұрын ішінің, жұтқыншақтың құрғақтығы, қышуы, кұйдеру сезімі пайда болады; көзінен жас ағып, басы аурады. Бала мұрын арқылы сөйледі. Бірнеше сағаттан кейін мұрыннан сары сулы- ірінді бөлік пайда болады. баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы көтеріледі, қалтырау пайда болады.

Е м і: Тыныс жолдарының өтерлігін қалпына келтіруге жолдамаланған.

1. Жергілікті ем: вирустарға қарсы белгіленетін дәрілер қолдану (лейкоцитарлы интерферон, 0,25--0,5 % оксалин, 0,5% флоренал, 0,05% бонафтон, 0,25% риодоксол майлары).

2. Қан тамырларды тарылтатын дәрілер (0,05-1% нафтизин ерітіндісі, 0,05-0,1% галозолин ерітіндісі).

3. Антисептик және тұтқыр дәрілер (20% сульфацил- натрий, 2% колларгол, 0,1% риванол ерітіндісі).

4. Иммунды ширатулар (0, 01% тимоген ерітіндісі).

5. Антисептик, антигистаминдық, қабынуға қарсы, иммунды ширатупрепараттары бар күрделі тамшылар («Пиносол»)

өте кең рефлекторлық ем қолданылады (балтырларға қыша қағазын, кішілеу шұлық ішіне салынған құрғақ қышаны, ыстық аяқ ваннасын, парафин не озокерит «етікшелерін»).





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4632 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...