Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тыныс алушылыҚ мүшелер аурулары



Тыныс алу мүшелер (жұтқыншақ, кеңiрдек, бронхтар, өкпелер). 3-4 эморионалды кезеңнiң жұмасында пайда болады. Бала туу кезеңге тыныс жолдары сұйықтыққа толы, туғаннан кейiн бiрден жойылады.

Тыныс алу жолдары үшке бөлiнедi:үстiңгi (мұрын, жұтқыншақ), орта (көмей, кеңiрдек, бронхтар), төменгi (бронхиолдар және альвеолдар).

Ү с т i ң г i т ы н ы с ж о л д а р ы. Сәбидiң мұрын қуыстары шала дамыған, жолдары тар (1мм). Төменгi мұрын қуысы жоқ. Мұрын шемiршектерi жұмсақ. Мұрын шырышты қабығы өте нәзiк, қан тамырларына бай. 4 жасында ғана төменгi мұрын жолы пайда болады. Мұрын жолдарының тарлығы және қан тамырларға байлығы пайда болған қабыну процессс кезінде мұрын жолдарының тарылуына әкелiп соқтырады, сондықтан бала мұрын арқылы дем ала алмайды. Ауыз арқылы дем алу мүмкiнсiз, себебi көмей үстiлiк жалпақ тiлмен артқа ысырылады. Қосымша мұрын қуыстары тек 3-4 айда пайда болады, сондықтан жаңа туған балада гайморит, фронтит, т.б. синуситтер кездеспейдi. Мұрын арқылы дем алғанда ауа жылынады, ылғалданады, тазарады. Мұрын арқылы дем алғанда тыныс бұлшық еттерiнiң жұмысы жоғарылайды, осыған байланысты тыныс алу тереңдейдi. Атмосфералық ауа мұрын арқылы өтiп, жылынады, ылғалданады, тазарады. Даланың температурасы төмендеген сайын мұрында ауа жылына бередi. Мұрын қуысына тәулiкке 0,5-1л шырыш бөлiнедi, оның iшiнде бактерицидтiк заттар, иммуноглобулин А пайда болады.

Жаңа туған баланың ж ұ т қ ы н ш а ғ ы қысқа және тар. Лимфалық жұтқыншақ сақинасы шала дамыған. Жаңа туған баланың таңдай бездерi жұмсақ таңдайдың доғаларынан жұтқыншақ қуысына шықпайды. Бадамша бездерiнiң крипталары шала дамыған, сондықтан бiр жасқа дейiнгi балаларда баспа өте сирек кездеседi. Бадамша бездерi микробтар үшін сүзгіш болып саналады, бiрақта бадамша бездерінің қабыну процесстері жиi кездесетiн болса - бадамша бездер созылмалы жұқпа ошағына айналады. Олар баяу ұлкейе бастайды, көлемі ұлғайғандықтан – «созылмалы тонзиллитке» айналады. Мұрын ішіндегі бездер көлемi ұлғайса – “аденоидтар” пайда болады. Олар әсеріне байланысты баланың мұрын арқылы тыныс алуы нашарлайды, оқуы төмендейді, тiстенуi бұзылады.

К ө м е й қ а қ п а ш ы ғ ы. Жаңа туған баланың көмей қақпашығы жұмсақ, бүгілгіш болып келеді, сондықтан кеңірдектің кіреберісін саңлаусыз жаба алмайды. Осы ерекшелікке байланысты ас қазан ішіндегі заттар бала құсып қойғанда тыныс жолдарына еңуі мүмкін.

К ө м е й баланың туылу кезiне үш бұрышты түрлi болады. Дауыс саңылауы тар, IV мойын омыртқа деңгейiнде, ересек адамдарда VII мойын омыртқа деңгейiнде. Шырышты қабықтары өте нәзiк, қан және лимфа тамырларына бай. 3 жасқа дейiн ер және қыз балалардың көмейлерi бiр қалыпты. 3 жастан кейiн ер балалардың қалқанша безініңің пластинкасы үшкiрленедi, 10 жасында ересек адамдардағыдай шығып тұрады. Дауыс саңылауы балаларда 6-7 жасқа дейiн тар болып келеді. Ақиқат дауыс байланысшылары жас балаларда қысқа болады, сондықтан бала дауысы жiңiшке. Көмейдiң ерекшелiктерiне байланысты жас балаларда ларингит ауруы жиі кездеседі, кейде «круп» деген тыныс алудың қиындалуы кездеседi.

К е ң i р д е к үш бұрышты түрлi. Шырышты қабығы өте нәзiк, қан тамырларға бай. Үстiңгi шегi IV мойын омыртқа деңгейiнде орналасқан, ересек адамда - VII омыртқа деңгейiнде. Жаңа туған баланың кеңірдегі біршама кең, бекітілмеген шеміршек сақиналарынан және кең бұлшық етті жарғақщалардан тұрады. Бұлшық еттердің жиырылуы және босансуы кеңірдектің саңлауын өзгертеді. Кеңірдек өте жылжымалы, осыған және шеміршектердің жұмсақтығы мен өзгеріп тұратын саңлауға байланысты тыныс шығаруда кеңірдек құлдырауы мүмкін, сондықтан кейбір кездерде өрескел қырылдаған тыныс алу (стридор) немесе экспираторлық ентікпе пайда болады. Стридор белгілері шеміршектер тығыздалғанда өзінен өзі жазылады.

Б р о н х т а р бала туылу кезiне таман дамып бiтедi. Бронхтар тар, шеміршектері жұмсақ және басымды, себебі бронхтар, кеңірдек сияқты, фибрин үлдірлерімен байланысатын жартысақиналардан тұрады. Шырышты қабығы қан тамырларға бай, жас балаларда бронхтардың кеңірдектен тарау бұрыштары бірдей болып келеді, сондықтан бөгде заттар оң бронхқа да, сол бронхқа да бірдей түсуі мүкін. Бала өсуіне байланысты бөгде заттар оң бронхта жиі табылады, яғни оң бронх кеңiрдектiң жалғасы болып келеді. Баланың ерте жасындағы бронх талының тазарту қызметі нашар: бронхиолалардың толқи жиырылуы, жөтел рефлексі, бронхтар шырышты қабығы эпителийінің толқын тәрізді қимылдары - ересек адамдар бронх талының қызметінен әлсіздеу болады. Шырышты қабықтың қызарып ісінуі, жұқпалы шырыштың көбеюі – бронхтар саңылауын тарылтып, кейде тіпті бітелуге әкеліп соқтырады. Осыған байланысты ателектаздар және өкпе тінінің жұқтырурулары пайда болады. ¦сақ бронхтардың қатты жиырылу пайда болған демікпе және демікпелік компоненттің жиілігін түсіндіреді. өскен сайын бронхтың ұзындығы да, кеңдiгi де үлкейедi.

Ө к п е н i ң салмағы туғанда 50-60г болады, 6 айда - екi есе, 12 айда - үш есе, 12-13 жаста он есе көбейеді. Шеткі бронхиолалар ересек адамдағыдай бір шоқ көпіршіктермен емес, қапшамен аяқталады. Осы қапшаның шеттерінен жаңа альвеолалар пайда болады, олар саны және диаметрі жылдан жылға көбейеді. өкпе серпiндiлiк және дәнекер тiнiнің дамуы нашар. Осыған байланысты өкпе ауруларында эмфизема және ауасыз солу (ателектаздар) тез пайда болады. Ауасыз солу нашар желдетілетініне және баланың көлденен жатуына байланысты көбінесе артқы-төменгі өкпе бөліктерінде пайда болады. Ерте жастағы балалар тыныс жолдарының ұлпасы ауа тығыздығы сәл жоғарлағанның өзінде жыртылып кетуі мүмкін. Мысалы, жасанды өкпе желдету техникасы бұзылуында өкпе ұлпасының жыртылу қабілеті өсе артады.

ө к п е т а м ы р ы ірі бронхтардан, тамырлардан және лимфа түйіндерден тұрады. Лимфа түйіндері жұқпа еңуіне жауап қайтарады.

ө к п е қ а п - қан және лимфа тамырларға бай, қалың және жеңіл созылғыш. Плевра қуысында сұйықтық жиналса – көкірек орталығының мүшелері орынынан ығысады.

К ө к е т, ө к п е қ а п, к е у д е. Бала өкпеқабы жоғары орналасқан. Оның жиырылуы кеуде қуысының тік өлшемін кеңейтеді. Көкеттің қимылдарын нашарлататын шаралар (ұлпалық мүшелердің үлкеюі, іш кебу) өкпе желдетуін төмендетеді. Айтылғанға байланысты бала тынысының ерекшеліктері бар:

1. Тыныс алуы жиі және үстірт. Туғаннан кейін баланың тыныс алу жиілігі 40-60 мин., 1-2 жасар баланың тыныс алуы 30-35, 5-6 жасар балада - 25, 10 жасар балада – 18-20.

2. Жаңа туған баланың 2-3 аптасында тыныс алудың ырғақсыздығы кездеседі. Ол дем алудың және дем шығарудың арасындағы үзілістің кезектестіру жүйелілігінің бұзылуы. Дем алуы дем шығарудан қысқа, кейде тыныс алу үзілісті болады. Осы жағдай тыныс алу орталығы қызметінің шала дамуына байланысты.

3. Тыныс алудың түрі баланың жас шамасына және жынысына байланысты. Ерте жас шамада тыныс алудың іш (көкетті) түрі, 3-4 жасында – кеуде түрі, 7-14 жасынан бастап ер балаларда - іш түрі, қыз балаларда – кеуде түрі пайда болады.

Б i р i н ш i т ы н ы с а л у д ы ң м е х а н и з м i.

Ұрықтың бiрiншi тыныс қимылдары жатыр iшiлiк кезеңнiң 13-i жұмасында пайда болады, бiрақта бұл қимылдар жабық дауыс саңылауында пайда болады. Туу кезiнде бала жолдасы арқылы қан айналымы бұзылады, ал кiндiк қысылғанда - бала жолдасы арқылы қанағымы тiптi тоқтайды. Осыған байланысты гиперкапния (көмір қышқылдары көбеюі), гипоксия (оттегінің жетіспеуі), зат алмасушылық ацидоз пайда болады. Осы себептен аорта рецепторларынан және ұйқы артериясынан тыныс орталығына серпін жетедi. Қосымша, бала жатыр iшiлiк ортадан басқа қоршаған жағдай ортасына көшкендiк те себеп болады. Осыған байланысты, көкет жиырылады, бала өкпелері жазылады, терiс кеуде iшiлiк қысымы пайда болады да, - тыныс мүшелерге ауа кiредi. Өкпедегi сұйықтық тез лимфа және қан тамырларымен сорылады. Тыныс реттеуі тыныс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Тыныс ағзалардың аурулары – балалар бойынша жалпы аурушаңдығының негізгі себебі. Бес жасқа дейінгі балалар өлімінің 61% тыныс ағзаларының ауруларына байланысты екені анықталған. Жас балалардың осы аурулардан өлу қаупі оданда көбірек. Аурушаңдықтын құрылымына тыныс ағзаларының ширап жетілмегендігіне байланысты болатын жасына сай анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері белгілі әсерін тигізеді.

Бекіген жіктеу бойынша балалардың арнайы емес бронх - өкпе арулары былайша бөлінеді: 1) үстінгі тыныс ағзаларының аурулары 2) бронхиттер 3) өкпе қабынулары 4) демікпе ауруы.

С е б е п т е р і:Жоғарғы тыныс жолдары ауруларының және бронхиттердің себебі 90% вирустар. өкпе қабынудың қоздырғышы - микробтық флора, сондықтан микробтық- қабынулық өкпе ауруы болып саналады. Демікпе - аллергиялық аурулар тобына жатады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4093 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...