Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ас Қорыту мүшелердіҢ аурулары



ө ң е ш. Жаңа туған баланың өңеші жаңа туған балада дамып бітеді.өңештің кіре берісі үшінші-төртінші мойын омыртқалар аралығы деңгейінде орналасқан, баланың өсуіне байланысты деңгейі төмендейді: екі жаста – IV-V омыртқалар арасы деңгейінде, он екі жасында - VI-VII омыртқалар деңгейінде болады. Осы ерекшелікті эзофагогастродуоденоскопия жасап жатқанда ұмытпау керек. Жаңа туған баланың өңеші, омыртқа жотасының өсуі өңеш өсуінен жылдамдау болғаннан, біршама қысқа болады. өңештің асқазанға өткелесі Х-ХІ кеуде омыртқалар деңгейінде орналасқан.

А с қ а з а н. Ас қазанның физиологиялық көлемі анатомиялық сыйымдылығынан кіші болып келеді, жаңа туған балада 7 мл болады. өмірінің төртінші күнінде физиологиялық көлемі 40-50 мл, ал 10 күнге таман 80 мл дейін жетеді. Бір жастың аяғында физиологиялық сыйымдылығы 250 мл, үш жаста – 400-600 мл. Туғанда баланың ас қазаны толық дамып бітпеген, нәрестеде ас қазан түбі және кардиалық бөлігі шала дамыған. өңештің қысқалығына байланысты ас қазанның кіре берісі диафрагма үстінде орналысқан, өңештің ас қазанмен байланысы кең тесік арқылы (Hiatus esophageus) орындалады. Ас қазанның бұлшық еттері шала дамыған. Қақпашысы дамығандығына байланысты жақсы жабылады. Бауырдың көлемі үлкен болғаннан бала ас қазаны қиғаш орналысады, ал жүре бастағанында – ас қазаны тік жағдайлы бола басайды. Осы ерекшеліктерге және кардиалық сфинктерінің шала дамуына байланысты жаңа туған бала емгеннен кейін жиі құсып қояды. Ас қазанның кардиалық бөлігі тек 8 жасқа таман дамып бітеді.

А ш і ш е к. Жаңа туған бала аш ішегі үзындығы ересек адамдардың аш ішек ұзындығымен салыстырғанда, дене бойынан ұзын болады. Жаңа туған балада ішек ұзындығының және дене бойының қатынасы 8,3:1; бір жаста - 7,6:1; ересек балада - 5,4:1. Аш ішектің шырышты қабаты жұқа, қан тамырларға бай, оның өткізгіштігі, әсіресе бір жасқа дейінгі балада, өте жоғары. Аш ішек шырышты қабатының эпителий жасушалары тез жаңарады. Нәрестенің ішек бездері жақсы дамыған, олар ересек бездерімен салыстырғанда, ірі болып келеді. Аш ішек қан тамырларға бай, мезентериялық қан көлемі жалпы қан айналымының 60-70% алады. Лимфа тамырлары өте жақсы дамыған, олардың саңлауы ересектермен салыстырғанда – кең болып келеді. Аш ішектен шыққан лимфа бауырға түспейді, сондықтан заттар лимфамен бірге тікелей қан айналымына түседі.

Т о қ і ш е к жаңа туған балада дамып бітпеген. Тоқ ішек таспалары сәл ғана білініп тұрады, ал гаустралары алты айға дейін жоқ болады. Тек үш-төрт жастағы баланың тоқ ішегі өз құрылысы бойынша ересектердің тоқ ішек құрылысына жақындайды. Тоқ ішек ас қорыту процессте белгілі рөль ойнайды: осы ішекте су қайта сіңеді және нәжіс массалары қалыптасады. Тоқ ішек арқылы қоректендіру заттардың сіңуі өте шамалы. Маңызды рөль ішек микрофлорасына да беріледі, дені сау баланың ішек микрофлорасы қорғау, уытқайтарғы функцияларды атқарады, оның әсеріне байланысты патогенді және шірітетін микроағзалар жойылады, В тобының дәрумендері пайда болады.

Жаңа туған баланың ішектері стерильді таза, бірақта бір неше сағаттан кейін әртүрлі микроағзалармен басылады. Ана сүтімен қоректенетін баланың ішек микрофлорасы бифидум бактериядан тұрады, ал жасанды тамақ ішетін бала ішек микрофлорасы ішек таяқшасынан және фекальды стрептококктан.

Б а у ы р ағзада әр түрлі және өте маңызды рөльдерді атқарады. Жаңа туған және емізулі кезеңдегі баланың бауыр көлемі ересек адамдардың бауырымен салыстырғанда – екі есе үлкен. Ол қан тамырларға бай, дәнекер тіні аз, алты-жеті жасқа дейін бауыр жасушалары шала дамыған. Бауыр ішектерден түсетін эндогенді және экзогенді уыттар және микроағзалар үшін табиғи тосқауыл болады. Бауырда гликоген, ақ уыздар, майлар сақталады. Бауырда өт пайда болады, балалардың өтінде өт аз, таурохол қышқылы мөлшері көп, сондықтан, бала өтінің антисептик әсері өте күшті және осы қышқылдың әсеріне байланысты ас қазан асты безінің сөлі көп мөлшерде пайда болады.

Бала нәжісі жасына, тамақтануына, ас қорыту мүшелер жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Жаңа туған баланың нәжісі (меконий) қоңыр - көк түсті, ол жұтылған эпителийден, ұрық жанындағы сулардан, ас қорыту бездердің сөлінен тұрады. 4-5 күнге таман меконий қалыпты нәжіске аударылады. Табиғи жолмен тамақтанатын баланың нәжісі бірқалыпты, алтын-сары түсті, қышқыл иісті. Тамақтандырудың басқа түрінде нәжістің түсі ақшыл, суы аз, шіріген иісті.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4110 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...