Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОРТАЛЫҚ ЖүЙКЕ ЖүЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ



Бұл - өте терең, көбінесе бас миына қан кұйылумен және тіндердің құрылысы бұзылуымен сипатталатын патоморфологиялық өзгерістер. Орталық жүйке жүйесі зақымдануының негізгі себебіне ұрыққа туғанға дейін және туылу кезінде жедел немесе ұзақ уақыт оттегі жетіспеушілігі жатады, осы оттегі жетіспеушілігіне байланысты бас миына қан құйылады. Аяғы ауыр әйелдің қандай болса да нашарлығы ұрығының гипоксиясына (оттегі жетіспеушілікке) әкеліп соқтырады. Бас миы зақымдануының және гипоксияның өз ара тығыз байланысы бар және олар бір бірімен үйлесіп тұрады. Кейбір жағдайларда бас миы тіндерінің зақымдануы және бас миына қан құйылуы ауыр гипоксияның себебі болып саналады да, кейбір кездерде оның жалғасы болады. Нәрестенің орталық жүйке жүйесі зақымдануы әр түрлі клиникалық және морфологиялық өзгерістермен сипатталады – жеңіл функциялық бұзылыстардан бас миы зақымдануының және өмірлік функциялардың бұзылыстарының ауыр түрлеріне дейін.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Бас миы зақымданған балалар көбінесе тұншығып туады немесе түншығудың белгілері үшінші-бесінші күндері пайда болады. Кейбір жағдайларда орталық жүйке жүйесінің жатырішілік зақымдануы туғанда нашар білінеді, тек бірінші аптаның аяғында ғана білдірінеді. Орталық жүйке жүйесі зақымдануының келесі кезеңдері болады: жедел (7-10 күн, шала туған балаларда бір айға дейін), ерте қалпына келу (4-6 ай), кеш қалпына келу (1-2 жас), қалдық құбылыстар кезеңі (2 жылдан астам). Клиникалық көріністері жалпы ми зақымданудыі және ошақты зақымданудың белгілерімен сипатталады.

Жедел кезеңде жалпы ми зақымдану бұзылыстары қ о з ғ ы ш т ы ғ ы ж о ғ а р ы с и н д р о м немесе б ас ы н у с и н д р о м түрінде басым болады.

Қозғыштығы жоғары синдром кезінде бала мазасыз, тырысу пайда болады, ыңырсу, бір қалыпты дауыс, бұлшық еттерінің тонусы жоғарылауы, желке бұлшық еттері тонусының ригидтығы, қолдарының және иегінің дірілдеуі.

Басыну синдромы барлық өмір сүру қызметтерінің төмендеуімен, қимыл белсенлілігінің төмендеуімен (гиподинамия) немесе тіпті жойылуымен, бұлшық ет тонусы төмендеуімен, физиологиялық рефлекстердің төмендеуімен немесе жойылуымен сипатталады.

Бас миының ошақты зақымдануына спастикалық параличтер, парездер, «батып бара жатқан күн» белгісі, нистагм, бетінің және бұлшық еттер тонусының ассиметриясы, ширыққан көзқарас жатады.

Ең жиі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы тыныс бұзылыстарының синдромымен және жүрек-қан тамыр жүйесінің өзгерулерімен үйлеседі. Ас қорыту мүшелердің гипоксиялық жарақатануы бала тәбеті төмендеуіне, тіпті тамақтан айнуына, құсуға, ішектердің парезіне келтіріп соғады. Ерте қалпына келу кезеңде астеноневротикалық, гипертензиялық, гидроцефалды синдромдар белгіленеді.

А с т е н о н е в р о т и к а л ы қ с и н д р о м да бұлшық еттердің гипо- немесе гипертониясымен бірге кездесетін қимыл бұзылыстары пайда болады.

Г и п е р т е н з и я л ы қ с и н д р о м ол орталық нерв жүйесінің қоздырғыш белгісімен және жалпы гипертензиясымен сипатталатын жағдай. Жұлын пункциясы кезінде ликвор жиі тамшылап ағады.

Г и д р о ц е фа л д ы қ с и н д р о м ликвордың көп мөлшерде пайда болуына немесе оның сорылуының бұзылуымен сипатталады. Клиникалық көріністеріне бас көлемі үлкеюі, бас сүйектері тігістерінің айырылуы, басында көк тамырлар торының айқындалуы, үлкен енбектің үлкеюі және көтерілуі жатады. Бұлшық еттерінің тонусы не жоғарлайды, не төмендейді, көз белгілері пайда болады, даусы шыңғырғандай, қоздырғыштығы жоғарлайды. Ерте қалпына келу кезеңнің белгілерін «энцефалопатиялар» атты терминмен біріктірілінеді.

К е ш қ а л п ы н а к е л у кезеңінде бас мидің зақымдану деңгейі және ауырлығы анық айқындалады.

Қ а л д ы қ қ ұ б ы л ы с к е з ең і н д е балалар церебралды параличі, гидроцефалия, эпилепсия пайда болады. Орталық нерв жүйесінің жарақаттарымен ауырған балалар өскеннен кейін бас ауруымен қайғыланады.

Е м і: туылу залында реанимациялық шаралардан басталады, қарқынды терапия бөлімшесінде жалғасады. Жедел жағдайда дегидратациялық (маннитол, лазикс), тырысуға қарсы (седуксен, дроперидол, фенобарбитал), тамыр қабырғасын нығайту (кальций глюконат, аскорбин қышқылы), нерв жүйесінің зат алмасуын қалпына келтіру және бас миын гипоксия жағдайына тұрақтылығын қалыптастыру (глюкоза, АТФ, липой қышқылы, альфа-токоферол, глютамин қышқылы).

Синдромдық терапия: тыныс және жүрек-қан тамыр жетіспеушілігімен, тырысумен, гипертермиямен күрес өткізуден тұрады. Жедел кезеңде баланың ұқыпты күтімін өткізу керек. Балаға қорғау тәртібін сақтаған жөн: дыбыс және жарық тітіркендіргіштердің қарқындылығын азайту, жөргектеуді және егулерді ақырын, баланы орынынан қозғамай, жасау; оттегі беру, дәрігер ұсынысы бойынша бас миының гипотермиясын белгілеу керек. Баланы тек ана сүтімен қоректендіру, жағдайына байланысты парентералды немесе ас қазан зонды арқылы, немесе қасық арқылы тамақтандыру керек. Бірінші күндері ауру баланы сүт безі немесе шыны арқылы емізу – бала үшін улкен жүктеме болып саналады.

ІІ этап балалар емханасында, амбулаторлық жағдайда учаскелік педиатр, неврапотолог, психиатр дәрігерлерінің бақылаумен ұзақ өткізіледі. Балаға В-тобы витаминдері, церебролизин, алоэ белгіленеді, ноотроптық дәрілер (пирацетам, аминалон, пантогам), бас миының қан айналымын жақсарту үшін – кавинтон, стугерон, трентал белгілейді. Дене шынықтыру, массаж, гимнастика жасалады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 9555 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...