Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Т¦ншыҒу



Т ұ н ш ы ғ у (а с ф и к с и я) - баланың туылу сәтіндегі дамитін жедел патологиялық жағдай. Негізі: тіндерде оттегінің жетіспеуі (гипоксия), қанда жетіспеуі (гипоксемия), ағзадағы көмір қышқылдарының көбеюі (гиперкапния) зат алмасушылық қышқылдануға әкеліп соқтыратын процесс. Асфиксияның екі түрі болады: ұрық асфиксиясы және жаңа туған баланың асфиксиясы. ¦рық асфиксиясының негізінде қан айналымы бұзылыстары жатады, ал жаңа туған бала асфиксиясы ұрықтың қан айналымы бұзылыстарының жалғасы болып тыныстың бұзылыстарына әкеліп соқтырады.

С е б е п т е р і. Жаңа туған баланың жедел асфиксиясына бес негізгі механизм соқтырады: 1) қан айналымының кіндік арқылы ағуының бұзылуы (кіндіктін мойынға, денеге оралып қалуы, кіндіктін түйілуі), 2) бала жолдасы арқылы газдар алмасуының бұзылыстары (бала жолдасының бөліктеніп не толық бөлінуі), 3) нәрестенің тыныс алу қимылдарының жетіспеушілігі (тумастан біткен тыныс ақаулары, анасы ішкен дәрілер әсері, нәрестенің туғанға дейінгі бас миының зақымдануы), 4) қатты және ұзаққа созылған анасының аурулары (анемия, жүрек-қан тамырлар аурулары, тыныс жетіспеушілік), 4) бала туылуының ауыр жағдайда өтуі.

П а т о г е н е з і: Шала тотықталған қанда айналып жүрген заттар жасушалардың биохимиялық процестерің басып, тін гипоксиясын қоздырады, осының аяғында жасушалардың өттегі сіңіру қабілеті жойылады. Осы себептен қан тамырлардың және жасушылар жарғақшасының өткізгіштігі үлғайып, қанның дұрыс айналуын бұзады. Қан тамырлардың тонусы жойылып, қанның сұйық бөлігі қоршаған тіндерге шығып, жасушалардың дистрофиялық өзгерістерін қоздырады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і: Халықаралық аурулар классификациясына байланысты (Женева, 1980 ж.) асфиксия орташа дәрежелі (көк асфиксия) және ауыр дәрежелі (ақ асфиксия) тұншығуға бөлінеді. Бала жағдайы туған кезде Вирджиния Апгар кестесі бойынша 1 және 5-і минуттарда бағаланады.

Вирджиния Апгар кестесі

Белгілері 0 балл 1 балл 2 балл
Жүрек соғу жиілігі Пульс жоқ Минутасына 100-ден кем Минутасына 100-ден артық
Тыныс алу жиілігі Жоқ Сирек, ретсіз, бөлек тырыспалы тыныс алу Жақсы, даусы зор
Бұлшық ет тонусы Солғын Қол-аяқтары сәл бүгілген Белсенді қимылдар
Мұрын катетеріне реакциясы Жоқ Тыржию Жөтелу, түшкіру
Тері қабаттарының түсі Жалпы ақшыл-сұр түсті немесе цианоз Денесі алқызыл, акроцианоз Денесінің бәрі де қызыл немесе алқызыл

О р т а ш а д ә р е ж е л і а с ф и к с и я н ы ң сипаттамасы: Тыныс алуы туғаннан кейін бірден пайда болған жоқ. Жүрек соғуы жүз және жүзден артық. Бала солғын, реакциясы әлсіз, тері түсі көкшіл, оттегі бергеннн ен кейін тез қызырады, тек акроцианоз қалады.: Апгар кестесі бойынша жаңа туған бала жағдайы 1 минуттан кейін 4-6 балл болып бағаланады. Осы жағдайды «көк асфиксия» деп атайды.

А у ы р д ә р е ж е лі а с ф и к с и я кезінде баланың жағдайы өте ауыр. Бұлшық еттер тонусы не қимылы жоқ. Жаңа туған баланың физиологиялық рефлекстері бірінші сағаттарда болмайды. Тері түсі көкшіл-ақ, тек белсенді түрде оттегі бергеннен кейін баяу қызырады. Жүрек соғуы күңгірт не қатаң, минутасына 100-ден кем. Меконий туғанға дейін не туылу кезінде бөлінеді. Тыныс алуы мүлдем жоқ. Осы жағдайды «ақ асфиксия» деп атайды.

К а р д и о р е с п и р а т о р л ы қ д е п р е с с и я - туғаннан кейін және өмірінің бірінші минуталарында баланың негізгі өмір функциялары басылады, олар арасында қан қысымы төмендеуі, жүрек соғуының сиректеуі, қалыпсыз тыныс алуы, бірақта қанда гипоксия және гиперкапния жағдайлары жоқ. Балада осы белгілердің 1-2 белгілері болуы мүмкін, Апгар – кестесі бойынша бір минутадан кейін бағасы 4-6 балл. Осындай балаларға тек қоршаған ортаның жағдайларын ұйымдастырса және тынысын қалыпқа келтірсе - 5 мин арасында бағасы 7 баллдан асып кетеді.

А с қ ы н у л а р екі түрлі болады: туғаннан кейін бірінші сағаттарда немесе бірінші тәулікте пайда болатын және кеш, бірінші апта аяғынан пайда болатын асқынулар.

Ерте пайда болатын асқынулар арасында бас миының зақымдануы, геморрагиялық (анемиялар, тромбоцитопениялар), жүрек жетіспеушілігі, бүйрек, өкпе, ас қорыту мүшелердің зақымдануы кездеседі.

Кеш асқынулар арасында жұқпалы (пневмониялар, менингит, сепсис) және жүйке жүйесінің (энцефалопатиялар, гидроцефалия) зақымданулары жатады.

Д и а г н о с т и к а с ы. Диагнозды Апгар кестесі бойынша бала өмірінің бірінші және бесінші минуталарында алған бағалар және негізгі клиникалық-лабораторлық көрсеткіштердің өзгеруі бойынша қояды.

Е м і ү ш э т а п т а н т ұ р а д ы:

Б і р і н ш і э т а п ы баланың аузынын шырышты сорып алудан басталады. Осыдан кейін бала дем алмаса - баланың арқасын қатты ысып не табанын шертіп жіберу. Баланы залалсыздандырылған жылы жөргекке қабылдау және тез реанимациялық үстөлге, рефлектор астына орналастыру. Баланың бас жағы аяқ жағынан 150 төмен болу тиісті. Бала денесіндегі ана қанын, ұрық жанындағы суларды, кілегейді жылы жөргекпен сүрту керек.

Кейбір перзентханаларда нәрестені тірілтуге арналған жылжымалы аппарат қолданылады. Оның негізгі бөліктері болып интубацияға арналған аппарат, манометрмен қосылған жалпы қол репираторы, оттегісі бар баллон саналады.

Нәрестені басын төмен қаратып сәл еңкейтіп орналастырған үстірттікке жатқызады. Аяқ жағындағы ілулі тұрған ыдысқа бала жолдасын орналастырады, сондықтан бала қіндігін кеш байлауға мүмкіндік туады. Интубаторға манометрмен және оттегі баллонымен қосылған қол респираторы жалғастырылған.

Ауыр асфиксия кезінде және ұрық жанындағы суларда немесе баланың ауызында меконий болса, бірден интубация жасау керек. Жетіліп туған баланы анасынан туғаннан кейін бірден бөліп алу керек, ал шала туған баланы - бір минуттан кейін. І этаптың аяғында (ұзақтығы тек 20-25 минут) баланың жүрек соғуы 100-ден астам, тынысы қалыпты, шамалы акроцианоз болса, көмек көрсетуді тоқтатады. Баланы бақылау керек. Мүмкіндік бойынша баланы тездетіп анасының сүт безіне салу керек.

Е к і н ш і э т а п бірінші этаптың жалғасы болып келеді. Өкпе вентиляциясының шараларын наркоздық бет пердесі (маска) және тыныс қабы арқылы бастайды. Тыныс алу жиілігі 30-50 минутасына. Көбінесе 60 % оттегі – ауалы қоспаны қолданады (шала туған балаларда – 40% оттегі). Қап және перде арқылы оттегі берудің эффектісі жоқ болса, жүрек соғуы 80-нен төмен болса – кеңірдекті интубациялау керек. Осымен қатар этимизол не налорфин егеді. Жасанды өкпе вентилляциясын бастаған соң 20-30

секунд өткеннен кейін жүрек соғуын санау керек.


Баланы тірілтуге арналған аппарат

Жүрек соғуы минутасына 80-100 болса, жасанды өкпе вентилляциясын жүрек соғуы 100 дейін өскенше жалғастырады.

ү ш і н ш і э т а п – қан айналымы және зат алмасушылық бүзылыстардың терапиясы.

Жүрек соғу жиілігі 80-нен кем болса – балаға бет пердесі (маска) және тыныс қабы арқылы оттегіні беріп тұрып, сыртқы жүрек массажын бастау керек. 20-30 сек арасында нәтижесі болмаса – баланы интубациялап, жасанды өкпе вентилляциясын аппарат арқылы бастайды, сонымен бірге сыртқы жүрек массажын жалғастырады. Жүрек массажын жасау үшін төстіктің төменгі 1/3-не, жиілігі 100-140 минутасына, төменге 1,5-2 см басады (семсер тәрізді өсіндікке емес!). Тікелей емес жүрек массажының нәтижесін тері түсінің өзгеруіне және сан артериясының пульсы бойынша белгілейді. 60 секунд арасында нәтижесі болмаса – кіндіктің көк тамырына 0,01% 0,1 мл/кг дене салмағына адреналин еңгізу қажет. Осы еңгізуді үш қайтара жасауға болады. Сонымен бірге жасанды өкпе венилляциясын және тікелей емес жүрек массажын жалғастыра беру керек. Көрсеткіштерге байланысты инфузиялық терапия өткізу (альбумин, плазма). Барлық тұншығуы бар балаларға К дәруменін еңгізу керек. Өте ауыр жағдайда сәбиді реанимациялық бөлімшегі ауыстырады. 15-20 минут арасында бала өздегімен дем алмаса, тұрақты брадикардия болса - реанимациялық шараларды тоқтатқан жөн.

Тірілту шараларды ойдағыдай өткізу үшін қызметкерлерден жақсы дайындық, зор тәжірибе және дағдылар керек.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2981 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...