Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мешел дымқылды жер үйлерге тән, тұрмыстары нашар отбасыларында жиі кездеседі



С е б е п т е р і. Мешелдің пайда болуына келесі себептер әсер етеді:

- Таза ауа мен күн сәулесі жеткіліксіздігі, яғни ағзада пайда болатын Д-дәруменнің 90% күн сәулесінің арқасында тері ішінде қалыптасады.

- Тамақтануға байланысты себептер: нәрсіз, бірынғай тамақтандыру, жасанды таматандыру кезінде бейімделмеген қоспалар беру, табиғи тамақтандыру кезінде уақытында қосымша тамақ берілмеуі.

- Туғаннан кейін пайда болатын себептер: шала туғандық (ең көп мөлшерде кальций және фосфор жүктіліктің соңғы айларында анасынан ұрыққа еңеді, сондықтан щала туған бала ағзасында осы заттар аз туғаннан кейін аз болады); шала туған баланың бойы тез өсуіне байланысты оған тамақ арқылы түсетін кальций және фосфор көлемі аздау; аяғы ауыр әйелдің дұрыс тамақтанбауы және күн тәртібі бұзылуы жетіліп туған баланың ағзасындағы минерал заттарының кемшілігіне өкеліп соқтыруы.

- Туылу кезеңге байланысты энцефалопатиялар, қимылының аздығы да мешелдің дамуына себепкер болады.

- Экологиялық жағымсыз әсерлерге байланысты судағы, тамақтағы, топырақтағы стронций, цинк, қорғасын көлемі көбейіп, сүйектегі кальцийді орынынан ауыстырады.

- Ас қорыту мүшелердің аурулары диареяға, ішек дисбактериоздарына соқтырып, кальцийдің ағзаға сіңуін бұзады.

П а т о г е н е з д е фосфор және кальций тұздары алмасуының бұзылуы жетекші рөл атқарады. Бірте – бірте зат алмасудың барлық түрлері бұзылады. Дәрумендер алмасуында (әсіресе С және В тобы) бұзылыстар елеулі түрде орын алады, сондықтан полигиповитаминоз пайда болады. Микроэлементтердің, әсіресе магнийдің және ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің, суйектерде кальцийдің жиналуына әсер ететін цитраттар алмасуында да өзгерістер болады. Осыларға байланысты ағзада қышқылдардың артуы – ацидоз дамиды. Осының бәрі сүйектің пайда болуына және толықпаған тамықтардың, шеміршектің сүйекке айналуының бұзылысына әкеп соғады.

Мешелмен ауыратындардың қанында анорганикалық фосфордың мөлшері ауру өршіген кезеңінде 0,484 –0,646 ммоль/л дейін (қалыпта 1,454-1,615 ммоль/л), кальцийдің мөлшері 2,365-2,490 ммоль/л –ге дейін (қалыпта 2,614-2,739 ммоль/л) кемиді.

Ж і к т е л у і:

- ауру кезеңдеріне байланысты (бастанқы, дендеу, айығу, қалдық сандары)

- ауырлығына қарай (жеңіл, орташа, және ауыр - І, ІІ, ІІІ дәрежелеріне сай келеді)

- аурудың ағымына қарай (жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы ағымды) деп жіктеледі.

1. І дәреже (бастанқы кезен) - вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің шектері үлкейіп, босаң болады, бассүйек жігі яғни желке жұмсарады (кранитабес). Бассүйектің жұмсақтығы қарақұстың жалпаюына соқтырады. Бүл кезде вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары пайда болады: тершендік, сәби жастыққа басын шайқап уйкей бергендіктен шүйдедегі шашы түсу, уйқы кезінде селк етіп тусу сияқты өзгерістер байқалады.

2. ІІ дәрежеде (дендеу кезеңі) бассуйек онан әрі жұмсарып, мойын омыртқаларын қысады, кеңсірік батыңқыланып, маңдай, төбе сүйек бұдырлары сыртқа өседі, сәбидің басы «төрт бұрыш» тәрізденеді (олимптік маңдай, «шаршы» бас, көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге майысып, құс немесе етікші төсі сияқтанып тұрады. Омыртқалар доғаланып иіліп, мешелге байланысты бүкірлік, қайқылық, қисаюлар (кифоз, лордоз, сколиоз) пайда болады. Қабырғалардың шеміршектері сүйекке айналар жерінде тығызданулар пайда болады («Тәшпілер») Бұдан кешірек, бала 6-8 айдан асқанда, түтікше суйектерінің бас жағының («мешелдік білезік»), саусақ буындарының жалпаюы («інжу жіптері») білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе жазғыш бұлшык еттердің күш - қуатының (тонус) бір жақты әсеріне байланысты, аяқтарында «О» немесе «Х» - қарпі тәріздес өзгерістер дамиды. Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен қатар тіс эмалінің түзілуі бұзылады, тістер тіс жегіге бейім болады. Бұлшық еттердің күйі төмендеп, сіңірлер әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан сәбидің іші үлкейіеді («құрбақа іш»), оның уақытында отыра бастау, туруы, жүруі кешігеді.

Суйек, жуйке және бұлшық ет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар кызметінің де өзгерісіне әкелді. Сырқат балада тыныс алу қызметі бұзылады, ол көкірек қуысының өзгеруімен, көк ет күшінің нашарлауымен, өкпенің функциялық және морфологиялық өзгерістермен ұштасады да, өкпе қабынуына бейімділік туғызады. Жүректе дистрофиялық өзгерістер дамып, соғуы жиіленеді және әлсірейді. Бауыр және көк бауыр көлемі ұлғаяды. Қанда темір жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің мембрана құрылымы мен қызметі өзгереді. Дәрумендер жеткіліксіз болады. Бала аяғына кеш тұрады, кеш жүре бастайды.

3. Айығу (сауығу, реконвалесценсия) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, баланың суйектері қатайып, тістері шығып, оның аяғына тұруы және жүруі қалпына келеді.

4. Қалдық өзгерістер кезеңінде мешел процессі аяқталады, бас сүйектегі, кеуде өзгерістері өзгерістердің мүлдем жойылу не олардың азайып, тек ізі қалуы мүмкін.

А у ы р л ы ғ ы н а б а й л а н ы с т ы мешел үш дәрежеге бөлінеді. I (жеңіл) дәрежелік мешел диагнозы бастапқы мешелдің көріністеріне байланысты қойылады. II (орташа ауырлық) дәрежелік мешел диагнозы сүйек және ішкі ағзалардың біркелкі өзгерістеріне байланысты қойылады. III (ауыр) дәрежелік мешел диагнозы балада сүйектердің айқын өзгерістерінде, жүйке жүйесінің және ішкі ағзалардың ауыр түрде зақымдануында, ауыр дәрежелі анемияда, баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуының артта қалып қоюына байланысты қойылады.

А у р у д ы ң а ғ ы м ы н а қарай жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы ағымды мешел кездеседі. Мешелдің жедел ағымды түрінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілері, сүйек тінінің жұмсару белгілері (остеомаляция) пайда болады, осы жедел ағымды мешел шала туған балаларда, бірінші жарты жылдық балалар арасында кездеседі. Жеделдеу ағымды мешел кезінде остеоидтердің артық көлемде пайда болады, аурудың дамуы баяу, ол екінші жарты жылдық балалар арасында кездеседі. Қайталамалы ағымды мешел кезінде жақсару кезеңі процесстің шиеленісуімен кезектеседі.

А ж ы р а т у д и а г н о з ы. Мешелдің диагнозын қою қиын емес. Ауру көбінесе сәбидің 3-6 ай шағында басталады. Қанда гипокальциемия, фосфор деңгейі төмен. Д – дәруменге тәуелді рахитпен, фосфатдиабетпен, хондродистрофиялармен, де Тони –Дебре – Фанкони синдромымен, бүйректің тубулярлық ацидозымен өткізіледі.

Е м і:. Мешелдің емі кешенді, ұзақ, себептерді жоюға және «Д» дәруменнің жетіспеушілігіне қарсы бағытталуы керек. Мешелдің емі екіге бөлінеді: өзіне тән және өзіне тән емес. өзіне тән емес ем бала ағзасындағы зат алмасушылық процесстерді қалпына келтіру үшін, ағзаның төзімділігін жоғарлату үшін бағытталған. Біріншіден бала тамақтандыруын дұрыстау керек. Бала табиғи тамақтандыруда болса, бала үшін анасының тамақтануы маңызды. Тәулігіне емізіп жүрген әйел жеткілікті мөлшерде ақуыздар қолдану керек (ет – 180-200 г, балық – 100 г, ірімшік - 100 г, сыр – 30 г, сұт - 0,5 л), жеткілікті мөлшерде дәрумендер және микроэлементтер болуы абзал. Әйелге «Фемилак», «Думил мама плюс» сияқты сусындар ішу керек. Бұл сусындар жоқ болса – «Гендевит», «Ундевит», «Поливит», «Матерна» дәрумендерді қолданғаны жөн.

Балаларға бірінші қосымша тамақты, мешелге байланысты, бір ай ерте берген жөн (көк өніс пюресі). Екінші қосымша тамақ түрінде көк өніс қайнатпасында дайындалған қарақұмық немесе сұлы ботқасын беру керек. Қалыптан ерте жұмыртқаның сарысы және ірімшік беріледі. Сусындар түрінде көк өністен және жеміс-жидектерден дайындалған қайнатпалар және шырындар беріледі.

Мешелдің өзіне тән еміне «Д» дәрумені беріледі. Оның көлемі аурудың дәрежесіне, баланың жасына, ішкі ағзалардың аырлығына байланысты 2000-5000 ХБ 30-45 күнге белгіленеді. Сонан соң «Д» дәруменнің мөлшерін 500 ХБ дейін төмендетіп, осы алдын алушылық мөлшерді екі жыл бойы береді және бала үш жасқа толғанша дейін қыстың күнінде де осы мөлшерде беруді жалғастырады. Аурудың дендеу кезеңінде және жедел ағымында «Д» дәруменнің келесі түрлерінің біреуін беруге болады:

- видехол - 0,125% холекальциферолдың майлы ерітіндісі, бір тамшысында 500 ХБ,

- вигантол - холекальциферолдың майлы ерітіндісі, бір тамшысында 650 ХБ,

- Д-дәрумені (эргокальциферол) - 0,0625% майлы ерітіндісі, бір тамшысында 700 ХБ; 0,125% спирт ерітіндіісі, тамшысында 1400 ХБ, драже 500 ХБ,

- оксидевит – 0,001, 0,0005, 0,00025 мг капсулалар,

- кальцитриол – 0,25 және 0,5 мкг капсулалар.

«Д» дәруменіне қосымша - кальций препараттарын белгілейді, ең жақсысы – кальций карбонаты. Дәстүрлі болып жұмыртқа қабықтарының ұнтағы саналады, оларды лимон шырынымен, цитраттар қоспаларымен қосып береді (олар кальций тұздарының ішектен сорылуын жеңілдетеді). Токоферол, немесе оның «С» дәруменімен, глутамин қышқылымен қабысуы есесі қайтатын ем болып саналады. Бұлшық еттердің әлсіздігін азайту үшін 3-4 апта бойы панангин, аспаркам, глицин белгілейді.

Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзды, қылқан жапырақты, құмды ванналар, ультракүлгін сәулелері, бұлшық ет және суйек диатермиясы, теңіз және күн сәулелі ванналар, массаж, гимнастика пайдаланылады.

М е ш е л д і ң а л д ы н а л у ы: Мешелдің алдын алуы туғанға дейін (антенаталдық алдын алу) басталып, туғаннан кейін де жалғасады. Жүкті әйелге күн тәртібін сақтау, сүт, жеміс-жидекті тағамдарды ішу, таза ауада көп уақыт болуы ұштасады. Арнайы алдын алу: жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойы күн сайын 400-500 ХБ Д-дәрумені беріледі, жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит күніне 1-2 драже беріледі, жасы 35-тен асқан, жүрек- қан тамырлары жүйесінің дерті бар жүкті әйелдер Д дәруменімен мешелдің алдын алуы жүргізіледі. Жүкті әйел «Гендевит», «Глутамевит» ішу керек.

Мешелден туғаннан кейінгі сақтандыруы: табиғат факторларын қолдану, күн, ауа, су, уалау және гимнастика, табиғи тамақтандыру. Арнайы алдын алу: тәулігіне балаға 400-500 ХБ Д – дәрумені беріледі, күз-қыс-көктем кездерінде С-дәрумен, В - тобының дәрумендері беріледі. Жетілмей, шала түған балаларға 10-14 күнінен бастап алдын алу мақсатпен 600-800 ХБ Д- дәрумені беріледі.

Сулкович сынағы оңды (+++) болса, «Д» дәруменін беруді тоқтады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 3248 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...