Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

БосануҒа байланысты жараҚаттанулар



«Босануға байланысты жарақаттанулар» деген көбінесе босану кезде пайда болатын тіндер және мүшелер бүтіндігінің бұзылыстарын біріктіретін аталым.

С е б е п т е р і н і ң бірі - әйел босанып жатқандағы көрсетілетін акушерлік жәрдемақылары. ¦зақ жатырішілік гипоксиялар да, асфиксиялар да жарақаттанулар себептеріне жатады.

Туылуға байланысты зақымдардың және жаракаттанулардың бір неше түрлері бар – олар: жүйке жүйесінің, жұмсақ тіндерінің, сүйектерінің, ішкі мүшелерінің жарақаттанулары. Жүйке жүйесінің босануға байланысты жарақаттануларында балада шеткі жүйке жүйесінің (қолдардың, көкеттің, ым бұлшық еттерінің парездері), бас миының және жұлынның зақымданулары кіреді. Зақымдар және жаракаттанулар арасында едәуір орын сүйектер сынуы алады, олар бұғана, сан, балтыр сынуы.

Ең жиі кездесетін зақымдар – ол босануға байланысты ісік және кефалогематома. Босануға байланысты ісік - физиологиялық жағдай болып саналады, бала басының жұмсақ тіндері ісінеді, олардың қан айналымы бұзылады. Қарағанда, ол бір сүйектің шекарасынан шығып тұрады. Әдейі арнаған ем керек емес, ол бір-үш күн аралығында өзінен өзі өтеді.

 
 
Босануѓа байланысты ісік


Кефалогематома – ол бір бас сүйек қабығы астына қан құйылуымен сипатталады, ең жиі - төбе немесе шүйде сүйектерінің біріне қан құйылады. Кефалогематоманың себебі – бала туып келе жатқандағы басының қимылдарына байланысты бас сүйек қабығының бөлініп кетуі. Бассүйек – ми жарығы тігістер үстінде орналысады, кейде орынына келтіріледі, жылаған кезде ширығады.

Кефалогематома (10 к‰ндік бала) Басс‰йек – ми жарыѓы
Басс‰йек – ми жарыѓы
Басс‰йек – ми жарыѓы

Түғаннан кейін тіпті бірнеше сағат өткеннен кейін пайда болуы мүмкін. Бұл ісік еш уақытта басқа сүйеккетарамайды, пульсациясы болмайды. Бірінші күндері ол ұлғаюы мүмкін. Туғаннан кейін екінші-үшінші жұмада ыдырай бастайды, ал алтыншы-сегізінші жұмасында тарап кетеді. өте сирек жағдайларда іріңдеп кетуі мүмкін.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 2724 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...