Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сколиоз



Адам басының тiк жағдайы, омыртқа бағанасының тiк болуы, иықтарының, жауырындар бұрыштарының симметриялық орналасуы, омыртқалардың өсiмдiктерi тік сызығында болуы, белдiң үшбұрышының симметриясы қ а л ы п т ы сымбатының белгiлерi болып саналады. Омыртқа бағансының осы белгілерден ауып кетуi сымбаттың бұзылысы болып саналады.

Сымбат бұзылысы 25-30% жасөспiрiмдерде кездеседi. Көлденең деформацияны “сколиоз” деп атайды. Ол ең жиi кездесетiн омыртқа жотасының бiр жаққа қисаюы, осы кезде омыртқалар денесi бұзылады, солармен бiрге қабырғалардың бұзылуына байланысты, қабырға дөңесi пайда болады. Осы өзгерістерге байланысты, омыртқа жотасының әр түрлi патологиялық өзгерiстері дамып, сүйек, дәнекер тiнiнің, нерв жүйесiнің өзгерiстеріне соқтырады.

Сондықтан, омыртқалар денесiнде және омыртқа аралық дискiнде пайда болатын анатомиялық және құрамдық өзгерiстер, омыртқа жотасының өзгерiстерi “сколиоздық” ауру болып саналады.

Деформациялардың күшеюi науқастың жасына, сколиоздың түрiне және дәрежесiне, себептерiне байланысты. Сколиоз ауруының қарқынды күшеюi баланың тез өсуіне байланысты.

Жас кезiнде ауырған балада деформациялардың дамуы өте тез. Бiрақта, 17-20 жаста сколиоздың дамуы тоқтайды.

Сколиоздың алдын алу үшiн бала жас кезiнен бастап дұрыс тамақтану, таза ауада болу, тәртiбiмен ұйықтау, дене шынықтыру тәсiлдерiн қолдануы жөн. Бала жихазы оның бойына тән болуы тиiстi. Ұйықтағанда баланың басы кiшкентай жастықта, денесi қатты төсекте жатуы керек, бала бiр жағында жатқанда - омыртқа жотасының қисайған омыртқа доғасы астына жастық салып жатқан жөн. Ең көп назарды мектеп кезiндегi балаларға аударған жөн, себебi, 7-9 және 12-14 жастар арасында сколиоздың ең дамитын кезi. Сколиоз ауруы дамыса, амбулаторлы ем қолдану болады, емдеу дене шынықтыруды өткiзу, спортпен айналысу (шаңғы, баскетбол, волейбол, әсiресе, суда жүзу).

Сколиоздың емi үш байланысты кезеңдерден тұрады:

1. қисайған омыртқа бағанасының бөлiгiн жұмылдыру;

2. пайда болған өзгерiстердi дұрыстауы;

3. омыртқа бағанасының осы дұрысталған жағдайда тұрақтылау.

Сколиоздың консервативтi емiне емдеу гимнастикасы, массаж, электростимуляция, корсет кигiзу, аялау қозғалыс тәртібі, диета кiредi.

Емдеу гимнастикасын жасағанда:

1. негiзгi жаттығуларды күнде қайталау керек, орындау жылдамдығы - баяу не орташа, шеткi жағдайларда 2-5 секундке қимылдарды тоқтату. Жаттығуларды iшiнде жатып орындағанда баланың иегi кеудесiне тиiп, ал көзi төмен қарап тұруы керек.

2. әр жаттығуды 1-4 жұма аралығында 3-4 рет жасау, 4-8жұма аралығында 5-6 рет, 8-12 жұма аралығында 7-8 рет. Жаттығулардың ұзақтығы бірінші жұмада 15-20 минут, 2 жұмада 20-25 минут, ал 3 жұмадан бастап 30-40 минутке дейiн созылады.

3. жаттығуларды бүйiрде жатып жасағанда осы омыртқа жотасы қисаю жерi астына валик салады.

4. емдеу гимнастикадан кейiн 10-15 минуттай мақта валикта қырына жатып науқас дем алады.

Мешел

Мешел ауруы – зат алмасудың бұзылыстарымен, кальций және фосфордың алмасуы өзгерістерімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын бала ағзасының жалпы ауруы. Ауру сәбилердің қарқынды өсу кезіндегі Д-дәруменнің және оның зат алмасуға қатысатын белсенді құрамбөліктерінің аздығына байланысты болады.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4524 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...