Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Омфалиттер



О м ф а л и т – ол кіндік аймағындағы тері және тері асты май қабатының қабынуы. Процесске байланысты омфалит катаралды, флегмонозды, некрозды болып бөлінеді.

К а т а р а л д ы о м ф а л и т т і басқаша с у л а н у ш ы кіндік деп атайды. Ол инфекция еңген кіндік жарасының баяу жазылуына байланысты. Баланың жалпы жағдайы қанағатты болып қала береді. Кіндік жарасы ұзақ уақыт суланып, гранулляциялармен («фунгус») жабылады, гранулляциялар үстінде сарсулы не сарысулы-іріңді сұйықтық пайда болады. Кіндік сақнасы ісіңкі, шектеліп қызарған. Жара бір-неше жұма ішінде жазылады. Ф л е г м о н а л ы қ о м ф а л и т – қабыну процессі кіндік аймағына және жан жағындағы тіндерге жайылады. Кіндік жарасынан іріңді сұйық ағады. Кіндік аймағындағы тері қызыл түсті, ісінкі, кіндік шығып тұрады. Алдынғы іш қабырғасының қан тамырлары кеңейеді, қабыну процесс кіндік тамырларына тараса, олар қалыңдап шиыршық түрінде қіндік сақинасының үстінен және астынан белгіленіп тұрады..Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы көтеріледі, тәбеті нашарлайды, баланың дене салмағы қосылмайды, қанда – қабынудың белгілері.

Н е к р о з д ы о м ф а л и т сирек кездеседі, көбінесе иммунитеті төмен балаларда. Кіндік жанындағы тері қызара-көгереді. Некроз терінің барлық қабаттарына тарайды да, некроздалған тін түсе бастайды. Ақыр аяғында пайда болған қуысқа ішкі ағзалар түсуі (эвентрация) мүмкін. Омфалиттің осы түрі ең ауыр, сепсиспен аяқталады.

Емі: күнде кіндік жарасын 3% сутегі тотығы асқыны ерітіндісімен, сонан соң 70% спиртпен, ақыр аяғында 5% калий перманганат немесе бриллиант жасылымен өндеу. Жарадан көп мөлшерде сұйықтық бөлінсе гипертониялық ерітіндімен немесе натрий хлорид ерітіндісімен таңба салады. Жергілікті ем түрінде стафилококк бактериофагін қолданады. Кіндік жарасы тез жазылу үшін ультракүлгін сәулелерді қолданады. Жалпы терапия «сепсис» ауруындағыдай өткізіледі.

СЕПСИС

С е п с и с ол ағзаның жергілікті және жалпы иммунитеті төмендеуіне және ағзадағы қабыну ошағына байланысты ауыр жалпы жұқпалы ауру.

Э т и о л о г и я с ы: этиологиялық факторларына стафилококк және грамм-теріс бактериялар жатады. Шала туған балаларда 60 - 70% грамм-теріс бактериялар сепсисті қоздырады. Сепсиске әкеліп соқтыратын факторлар:

1. ұрықтың және жаңа туған баланың иммунитетін төмендететін жағымсыз жағдайлар (тұншығу, болашақ ананың жыныс мүшелерінің және жыныс мүшелерінен тыс аурулар, шала туғанық, жедел жұқпалар, т.б.),

2. ұрықты жұқпалы ауруларға келтіретін факторлар (зәр бөлу және жыныс мүшелердің жұқпалы-қабыну патологиясы, ұрық жанындағы сулардың ұзақ уақыт кетуі, босанғаннан кейін пайда болатын жұқпалы және қабыну процесстер т.б.),

3. реанимациялық шараларды өткізіп жатқандағы емдік-диагностикалық қол әрекетітері (орталық қан тамырларының, көк тамырының, қуықтың катетеризациясы, кеңірдекке түтік қою, жасанды өкпе вентилляциясы, т.б.)

4. жаңа туған баладағы түрлі жұқпа ошақтары болуы. Аяғы ауыр әйелдерге және нәрестеге гормондарды, антибиотиктерді беру, баланы табиғи жолымен емес, жасанды қоспалармен тамақтандыру баланың иммундық жағдайын нашарлатады.

П а т о г е н е з і:. Сепсистің екі түрі бар: жатырішілік (диагноз қан тамырлардың және бада жолдасының іріңді-қабыну өзгерістеріне байланысты қойылады) және жаңа туған баланың сепсисі. Инфекция еңген жерде алғашқы қабыну ошағы пайда болады (омфалит, көпіршіктену т.б.). Жақын жерде жатқан қан тамырлары және тіндер зақымданады. Иммунитет төмендеуіне байланысты микроағзалар көбейе бастайды, олар және олардың уыттары қанға түсіп, бактериемияға (қанға микроағзалар түсуі) және токсемияға (қанға уыттар түсуі) әкеліп соқтырады. Микроағзалар мүшелерде тоқтап қалса – метастаздар пайда болады. Микробтардың, олардың уыттарының әсері, жүйке жүйесінің функциялық өзгерістері барлық жүйелердің зақымдануына және дисфункциясына әкеліп соқтырады. «Кірер қақпаларына» байланысты к і н д і к, т е р і, і ш е к, к а т е т е р и з а ц и я л ы қ с е п с и с т і ажыратады.

К л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і. Сепсисті клиникалық ағымына және патомофологиялық өзгерістеріне байланысты екі түрге бөледі: септицемия және септикопиемия. Аурудың алғашқы белгілеріне келесі белгілер жатады: кіндік қалдығының кеш түсуі, тұрақты құсу, физиологиялық сарғаюдың ұзақ уақыт сақталуы, омфалит, пиодермия, отит пайда болу. Бастаңқы клиникалық белгілерінің бірі - уытталу белгісінің жоғарылауы.

С е п т и ц е м и я – шала туған балаларда кездеседі, айқын іріңді ошақтар осы түрде болмайды. Балада қимылдау және ему белсенділігі, рефлекстік белсенділігі төмендейді, субфебрилитет, бұлшық еттер тонусы төмендеуі, метеоризм, тұрақты құсып қою, диспепсиялық көріністер пайда болады. Баланың дене салмағы қосылмайды, соңынан тіпті тоқтап қалады. Тері асты май қабаты ісінкі, ішінде «қан тамырларының торы» айқындалып тұрады. Аурудың ауыр түрінде геморрагиялық синдром пайда болады. баланың қимылдау, рефлекторлық, ему белсенділігі төмендейді. Аурудың дер кезеңінде патологиялық синдромдар пайда болады: орталық жүйке жүйесінің іс әрекеті бұзылады, ему, қимылдау, рефлекторлық белсенділігі тіпті жойылады. Тері түсі ақшыл-сұр, мраморлы суретімен, акроцианоз пайда болады. Бұл қан айналымының жетіспеушілігінің және микроциркуляция бұзылыстарының куәлігі. Жүрек тондары күңгірт, шектері кеңіген. Бауыр және көкбауыр шектері де үлкейген. Ас қорыту мүшелердің бұзылыстары да қосылады: ас қазанда алдынғы тамақтандырудан сүт қалып қойғаннан бала құсып қоятын болады, іші кебеді, диспепсиялық жағдай қосылады. Балада толқын түрлі және ұзақ ағымды сарғыштану, қан аздық және гипотрофиялық жағдай пайда болады. Септицемияның ең ауыр түрінде геморрагиялық синдром пайда болады: ауру балада петехиялық бөртпе, қан қосылған құсық, мелена (қан аралас нәжіс), кіндік жарасының, егулер орындарының, шырышты қабаттарының қанағыштығы пайда болады.

С е п т и к о п и е м и я кезінде іріңді метастаздық ошақтар пайда болады, мүшелер зақымдануының белгілері қосылады. Ең жиі орталық жүйке жүйесі зақымданып, менингит және энцефалит пайда болады, сонан соң - пневмония, остеомиелит, энтероколит, парапроктит кездеседі.

Септикопиемияның ағымы өте ауыр, ауру жедел басталады, жоғары дене қызуы, уытталу, соңынан гипотрофия пайда болады.

Қейде сепсистің екі түрі қосылып, белгілері араласады. Шала туған балалардың сепсисінде бастанқы кезеңде айқын клиникалық белгілері болмауы мүмкін, ағымы солғын, толқын тәріздес, ұзақ. Жалпы жағдайы өте ауыр.

А с қ ы н у л а р:дисбактериоз, энтероколит.

Д и а г н о с т и к а с ы н д а: анамнез (жүктіліктің ағымы, анасының созылмалы инфекция ошақтары, жаңа туғандық кезеңдегі баланың аурулары); жалпы қан анализінде лейкоцитоз, нейтрофилез, эритроциттер тұну жылдамдығының жоғарлауы, гемоглобин және эритроциттер саны азаюы, бактериологиялық зерттеу және айқын клиникалық көріністері. Сепсис диагнозын қою үшін қанның, зәрдің, нәжістің, іріңнің бактериологиялық зерттеуін көп рет қайталап жасау керек.

Е м д е у: антибактериалды терапия қоздыргыштың антибиотикке сезімталдығын белгілегеннен кейін өткізіледі. 2 –3 антибиотик бірге беріледі, ұзақтығы 10-15 күн. Ең жақсы нәтиже беретін атибиотиктерге пенициллиндер, цефалоспориндер, аминогликозидтер жатады. Иммунитетті жоғарлату үшін – антистафилококкты плазма, антистафилококкты гамма-глобуллин, стафилококкты бақтериофаг белгіленеді. Витаминотерапия бұзылған алмасу процесстерді қалпына келтіреді: С, В, А, Е. Дисбактериозға қарсы биопрепараттар белгіленеді: лактобактерин, бифидумбактерин, бификол. Синдромдық, симптомдық, жергілікті ем өткізіледі. Баланы тек ана сүтімен қамтамасыз ету керек,.ана сүті болмаса - сауылған пастерленбеген әйел сүтін қасық немесе зонд арқылы берген жөн. Реконвалесценция кезінде массаж, гимнастика, гигиеналық шаралар, серуендеуді қолдану.

А л д ы н а л у бала туылуына дейін басталу керек. Ол: аяғы ауыр әйелді жүктіліктің бірінші айларынан бақылау, созылмалы және жедел ауруларын емдеу, әйелдің күн тәртібін және тамақтануын, таза ауада болуын ретке келтіру. Әйелдің гигиеналық тәртібіне үлкен маңыз беріледі. Босанып жатқанда, жаңа туған баланың күтімін өткізіп жатқанда асептика шараларын ұқыпты сақтау керек. Баланы туғаннан кейін ерте емізу керек.





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 4640 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...