Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіндік аурулары



К і н д і к ж ы л а н к ө з д е р і. Кіндік тұқылы 5-10 күні түсіп қалады, орыны бір неше күн суланып тұрады да, соңынан кебеді. Кейбір кезде кіндік ішінен қажырлы, теріні тітіркендіретін, шамалы қан аралас, сұйықтық бөлінеді. Бұл жағдай көбінесе кіндік жыланкөздерінде кездеседі. Ж ы л а н к ө з д е р д і ң екі түрі болады, біріншісінде сары уыз өзегі арқылы ішектегі заттар, екінші түрінде – бітелмеген зәр өзегі арқылы зәр бөлінеді. Диагноз қою үшін рентген зерттеуі және жыланкөз өзегінің сүңгілеуі өткізіледі. Емдеуі – хирургиялық.

К і н д і к ф у н г у с ы (кіндік гранулемасы) – суланып тұрған кіндік түбінде саңырауқұлақ тәрізді 1-3 см көлемді гранулляциялар пайда болады. Кіндік жарасын ляпис қаламсапымен немесе 5% күміс нитратымен күйдіру керек.

Кіндіктің жұқпалы емес ауруларының бірі болыпт е р і л і к і н д і к саналады. Ол – даму ауытқуы, тері осы жағдайда іш қабырғасынан кіндік бауына өтеді. Кіндік бауы түсіп қалған кезде орынында тері үстіне шығып тұратын тұқыл қалады. Бала өскен сайын терілі кіндік кішірее береді.

К і н д і к ж а р ы ғ ы – ол кіндік сақинасы аймағының шығып тұруы. Бала шынғырғанда немесе мазасызданғанда күшеюі мүмкін. Пальпациялаған кезде кеңіген кіндік сақинасы білінеді. Бала жағдайы бұзылмайды, бірақ кіндік жарығының шамалы көлемінде және кіндік сақинасының тығыз шеттерінде қысылу пайда болғанда ауырсыну реакциялар пайда болады. Емдеуі консервативті. Баланың алдынғы іш қабырғасының массажін жасау, емізу алдында баланы 10-15 минутқа ішіне жатқызу керек. Бала қатты мазасызданып жатса, дәрігердің бақылауы бойынша ваннада (су жылылығы 36-370) кіндік жарығын орынына салу керек.

өте сирек жағдайларда кең кіндік сақинасының ішіне ішектер, бауыр, көк бауыр кіріп кетуі мүмкін. Бұл кіндік жарығы бала өміріне өте қауыпты, сондықтан осындай жағдайларда тек оперативті ем қажет болып тұр.

Кіндік жарығының ауыр түрі





Дата публикования: 2014-08-30; Прочитано: 7629 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...