Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Уе шабуылының сценариі және оған қойылған шарттар



Теңіз шекарасын күзетуші әскер бөлімінің, ракеталардың толық қарукомплектімен жабдықталған ұшағы жау кемесіне қарсы тұрақты жылдамдықпен ұшып, ракетасы кемеге жететін жерге келген кезде оларды бірінен соң бірін кемеге ататын болсын. Барлық ракеталарын атқаннан кейін ұшак бұрылып сол жылдамдықпен кейін қарай ұшуы тиіс.

Ал кеме ракеталары қуаттырақ болғандықтан, олар ұшақты байқасымен-ақ атқылай бастайды. Ұшақты байқау аралығын кездейсоқ шама ретінде қарау керек. Оның үлестірім заңдылығы белгілі деп есептейік.

Кеменің ұшаққа қарсы жіберетін ракеталарының максималды саны ұшақтың атыс зонасында болу мерзіміне байланысты, бірақта, әрине, қару комплектіндегі ракета санынан аспайды.

Әуе шабуылының моделі өте күрделі болмас үшін мына жорамалдар енгізейік:

1). Ұшақ ракеталарының нысанасы кеме, ал кеме ракеталарының нысанасы тек қана ұшақ болсын. Ракеталардың бір-бірін жою жағдайларын қарастырмайық.

2). Үшақ та, кеме де өзінің ракеталарын қарсыластары атыс зонасына енгенде ғана ата бастайды.

3). Үшақтың әр шабуылының нәтижесінде кеме әлде зақымданбаған, әлде зақымданған, әлде жойылған болады. Ал кеменің қарсы атысының нәтижесінде ұшақ тек зақымданбауы немесе жойылуы мүмкін. Зақымдану сатысы мұнда қаралмайды.

Осы шайқастың аяғы келесі алты нәтиженің біреуімен бітетіні анық:

- ұшақ жойылып, кеме зақымданбайды;

- ұшақ жойылып, кеме зақымданады;

- ұшақ та, кеме де жойылады;

- ұшак та, кеме де зақымданбайды;

- ұшақ зақымданбай, кеме зақымданады;

- ұшақ зақымданбай, кеме жойылады.

4). Кеменің жылдамдығы ұшақтың жылдамдығынан өте аз болғандықтан, ол есепке алынбайды.

5). Зақымданған кеме шайқасты жүргізу қабілетін сақтайды.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 350 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...