Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет. Ресурстарды үлестіру есептерінің параметрлерін талдаудың алгоритмінің блок-сұлбасы



Математикалық үміт және дисперсия негізгі сипаттамалардың бірі болып саналады. Берілген жағдайда параметрлерінің езгеру шамаларының математикалық үміті мен дипиерсиясының бағалары есептелінеді.

Кеңейту әдісімен РҮМ-нің тиімді шешімін іздеу.

Бұл жұмыста параллельді объектілердің арасында шектеу жүйесі матрицасының өзгешеленуі мүмкін, бірақ міндетті болмайтынын ескере отырып, ресурстарды үлестіру мәселесі қарастырылады. Бұл жерде матрицаның өзгешеленуі проблемасын шешу үшін мынадай принцип қолданылады: ресурстарды үлестіру есебін пайымдау үшін оның оптимальді шешімдер нүктесіне ресурстарды үлестірудің кеңейтілген есебінің шешім нүктесіне бағытталған қадамдап ауысу тәсілі жүзеге асырылады. Сонымен қатар, осы тәсілмен есептеу процедурасы есептің шектеу матрицасының өзгешеленуі әсерінен айрылады және осындай есептерді шығаруға қолданылатын математикалық программалаудың стандартты аппаратына қарағанда тиімді болады. Берілген тәсіл кеңейту әдісінің көмегімен жүзеге асады [30-33].

Табылған шешімдердің тұрактылық облыстарын анықтау. Ресурстарды үлестіру есебіне қатысты коэффициентінің мәнін қаншаға дейін өзгертсе, алынған шешіміміз тиімділігін сактайды, немесе шешім өз күшін сақтап қалу үшін ресурстың шамасын сипаттайтын коэффициенттерді қаншалықты өзгертуге болады, немесе шектеу коэффициенттерінің өзгеруі тиімді шешімге қалай әсер етеді деген сұрақ бізді қызықтыруы мүмкін. Алынған шешімдердің тұрактылық облысының шектерін анықтау алгоритмдері төменде қарастырылатын болады.

Параметрлердің өзгеруінің салыстырмалы сипаттамалары. Тұрақтылық облысынан шығу жиілігін талдау. Нәтижелерді өңдеу және талдау.

Берілген блок имитациялық модельдеу барысында интерпретациялау кезінде де, модельдеуден алынған нәтижелердің дұрыс, сенімді болуын талап етуді қамтамасыздандыру кезінде де маңызды роль атқарады. Байқағанымыздай, компьютермен модельдеудің нәтижелеріне ресурстарды үлестірудің шамалары жөніндегі нақты сандық деректер ғана емес, сондай-ақ ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне стационарлы емес параметрлердің әртүрлі өзгерістерінің әсер етуін талдау да кіреді.

Параллельді жүйелердегі ресурстарды үлестірудің имитациялық жүйесі келесі ішкі жүйелерден түруы керек:

- есептің кірістегі деректерін түрлендіру;

- ресурстарды үлестіру есептерін шешу;

- оптимизациялау есептері модельдерінің параметрлерінің өзгеруінің мүмкіншілігін имитациялау;

- есешің тиімді шешімін жақсарта түсуге әкелетін немесс бұрын алынған режимдердің тұрақтылығын камтамасыздандыратын модельдердің стацио-нарлы емес параметрлерінің өзгеру облысын анықтау;

- алынған нәтижелерді талдау;

- нәтижелерді шығару.

Сонымен жүйенің келесі құрылымын ұсынуға болады. (12.6 сурет)

Ресурстарды үлестіру мәселесінің имитациялық жүйесі келесі функционалды блоктардан түрады:

• Деректерді қалыптастыру процедуралары алғашқы деректерді диалог түрінде енгізуден немесе реляциялық файлдарды қосып, параметрлердің өзгерісінің үлестірім заңдылықтарын идентификациялауды қамтиды.

• Ресурстарды үлестіру мәселесін (РҮМ) шешу процедуралары параллельді объекттер арасындағы шектелген ресурстардың тиімді үлестіруін табу алгоритмдерін қамтиды.

• Параметрлердің өзгеруі мүмкіншіліктерін модельдеу. Берілген блокта үлестірім заңдылығы бойынша параметрлердің өзгеруін модельдеу алгоритмдері жүзеге асады.

Мәліметтерді түрлендіру процедурасы
РҮМ-ні шығару процедурасы
Алынған нәтижелерді талдау
Параметрлердің өзгеруі мүмкін шілігін модельдеу
Алынған шешімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін параметрлердің өзгеру облысын анықтау
Тиімді шешімді жақсартатын параметрлердің ӨЗГЕРУ ОБЛЫСЫН АНЫҚТАУ
Нәтижелерді шығару

Сурет.

• Алынған нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін параметрлердің өзгеру облысын анықтау. Бұл жерде параметрлердің алынған шешімнің тиімді болуын сактайтын тербелістерінің амплитудасы есептеледі. Тиімді шешімді жақсартатын параметрлердің өзгеру облысын анықтау.

• Мұнда параметрлердің, олардың шектік мәндерімен алынған шешім жақсаруы мүмкін тербелістерінің амплитудасы есептеледі.

• Нәтижелерді талдау. Бұл блокта алынған шешім бағаланады, параметрлердің өзгеруі мен олардың салыстырмалы сипаттамалары талданып, шешімнің тұрактылық облысынан параметрлердің шығуы анықталады.

• Нәтижелерді шығару.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 746 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...