Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс №14



КҮРДЕЛІ ЖҮЙЕЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ

Ор жинау жүмысын ұйымдастыру процестерін модельдеу

Қор жинау мәселесін дұрыс ұйымдастыру талабы іс жүзінде көп кездесетіні анық. Әсіресе бұл мәселе тауарды көп мөлшерде сатып алатын және оны шығаратын өндірістерде жиі қаралады [ 1].

Қор жинау мәселесін шешкенде көбінесе қорды толықтыру мөлшерін және мезгілін анықтау қажет болады. Және, іс жүзінде, осы жүйенің біраз параметрлерінің мәні кездейсоқ шамалармен сипатталатыны мәлім.

Жабдықтаушы Қойма Тұтынушы

 

Сурет

Енді "жабдықтаушы-қойма-тұтынушы" жүйе жұмысын қарастырайық (13.1-ші сурет). Күнделікті таңертең қоймадағы тауардың бір бөлшегі тұтынушыларға, мысалы, дүкендерге жіберіледі. Осы бөлшектің мөлшері күнделікті сұранысқа сәйкес болсын. Сондықтан ол кездейсоқ шама ретінде қаралуы тиісті. Егер осы қордың деңгейі белгілі бір мөлшерден азайса, қойма басқармасы қорды толықтыру үшін жаңадан жабдықтаушыға тапсырыс жасайды. Бұл тапсырыстың мөлшері алдын-ала келісілген болғанымен, оны орындау уақыты іс жүзінде кездейсоқ шамамен сипатталатыны мәлім. Тапсырыс орындалғаннан кейін қойманың сол уақыттағы деңгейі келіп түскен тауардың мелшеріне көтеріледі.

Осы жүйені модельдеудің мақсаты ретінде әртүрлі мәселе коюға болады. Соның бірі, қойма қорының теменгі шек деңгейінің осы қойманың жалпы жұмсалған қаражатына ықпалын анықтау бола алады. Бұл жалпы қаражат қорды сақтауға жұмсалған, жаңа тапсырыстарға төлеген және тұтынушылардың сұранысын орындай алмаған үшін төлеген айып ақысынан тұрады.

Осы жүйенің имитациялық моделін құру үшін мынандай параметрлер мен айнымаларды тағайындайық;

Px- тауардың бір данасын қоймада бір күн сақтау үшін жұмсалған қаржы;

Pн - қойманың қорын бір рет толықтыруға жұмсалған қаржы;

PD - қоймадағы тауардың тұтынушыларға жетпей қалу себебінен пайда болған шығын (тауардың бір данасына есептегенде);

VPx,VPh,VPD - осы шығындардың қосынды мәндері;

vp - қойманың толық шығыны;

v0 - қордың бастапқы деңгейі;

T - модельдеу периодының ұзындығы;

п - кезекті күн;

t - кезекті тапсырыстың орындалатын күні;

V - қоймадағы қордың мөлшері;

Zi - і- ші күнгі сұраныс;

Θj -жабдықтаушының тапсырысты орындау мерзімі;

X - бір тапсырыстың мөлшері;

Vш - қордың төменгі шек деңгейі (қорды толықтыру нүктесі).

Енді осы жүйенің модельдеуші алгоритмін құрастырайық.

Бірінші оператор X, vm, рх, рн, PD, v0 параметрлері мен z және ө кездейсоқ шамаларын сипаттайтын заңдылықтарды программаға енгізеді (13.2 - сурет). Келесі үш оператор осы жүйенің бастапқы күйін бейнелейді. 5 - ші оператор кезекте күнгі тауарға сұранысты модельдейді, ал 6-шы оператор осы модельдің "сағатын" келесі күнге ауыстырады. 7-ші оператор, әдеттегідей, модельдеу процесінің аякталу шартын тексереді. Егер имитациялық модельдеудің бір нақтыламасы аяқталса, 8-ші оператор жүйенің жалпы жұмсалған қаражатын есептейді. Керісінше жағдайда, 10-шы оператор кезекті күн, алдын-ала жасалған тапсырыс қоймаға келіп түсетін күн болу мүмкіншілігін тексеріп бұлшарт орындалса, қойманың қорын осы тапсырыстың мөлшеріне өсіреді (11-ші оператор).

12-ші оператор қойманың қорын тұтынушыларға жіберетін тауардың мөлшеріне азайтады. Ал 13-ші оператор койманың қоры тұтьшуншлардың күнделікті сұранысын орындауға жете ме деген сұраққа жауап іздейді. Егер бұл сұраққа керісінше (v<o) жауап берілсе, 14-ші оператор қойманың шығынын есептеп, 15-ші оператор оның босап қалғанын белгілейді.

13-ші оператордың шарты орындалса, яғни қойманың қоры сұраныстан артық болса, 16-шы оператор кезекті күні қоймадағы қорды сақтауға жұмсалған қаражатты есептейді:

vpx=vpx+v*Px

17-ші операторда тексерілетін vmv шарты орындалса, кезек 5-ші операторға беріледі, ал орындалмаса, қоймадағы қорды толықтыру керек деген шешім шығарылады. Сондықтан 18-ші оператор бұрын жасалған тапсырыс қоймаға жеткізілді ме деген сұраққа жауап береді.

Егер ол тапсырыстың орындалуы алда болса, кезек 5-ші операторға, яғни тұтынушылардың келесі күнгі сұраныстарын орындауға, беріледі. Керісінше жағдайда, 19-шы оператор жаңа тапсырыс жасауға даярлық ретінде оған керекті қаражатты есептеуге кіріседі, ал 20, 21-ші операторлар осы тапсырыстың орындалу мерзімін анықтайды, Содан кейін кезек тағы да 5-ші операторға берілетіні анық.

1 Деректер енгізу
2 t=0, tp=0    
3 VP1=VP2=VP3=VP=0    
4 V=V0
 
15, 16
5 Модельдеу: Z
6 t=t+1
t<=T
 
 
t=tp
 
9 V = V+X
10 V = V-Z
V < 0
 
 
12 VP3 = VP3 + V*P3
 
 
13 V = 0
14 VP1 = VP1 + V*P1
 
V<=Vm
 
 
t<=tp
 
 
17 t3 = t
18 VP2 = VP2 + P3
19 Модельдеу: Q
20 tp = t + Q
 
 
21 VP = VP1 + VP2 + VP3
22 Баспалау
23 Соңы

Сурет

Осы модельдеуші алгоритмнің көмегімен қарастырылып отырған жүйенің әртүрлі жағдайлардағы жұмысын талдауға және параметрлерінің тиімді мәндерін табуға болатынын көреміз.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 369 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...