Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кешеннің математикалық модельдері



Күкірт қышқыл өндірісі көптоннажды өндіріс болғандықтан оның технологиялық процестерінің әрбір сатысында бір емес, бірнеше біріне бірі ұқсас қондырғылар қатар жұмыс істейді. Осы қатарлас қондырғыларды бұдан-былай бір ішенекешен деп атайық. Сонда, күкірт қышқылын өндіретін кешен бірнеше параллельді қондырғылардан тұратын ішенекешендердің тізбегін құрайды (13.5-сурет).

Басқаруға жататын объект ретінде осы тізбекті-параллельді кешен мынадай қасиеттермен сипатталады:

- жалпы кешенді алғанда оның технологиялық режимінің стационарлығы; осы қасиеттің негізі-ішенекешендердің арасындағы коллекторлық байланыстың болуы;

1.1
1.2
1.n1
.
.
2.1
2.2
2.n2
.
.
n.1
n.nn
.
.
n.2

Сурет

- көпөлшемділік; бұл қасиет осы кешеннің өзгермелі айнымалыларының көптігімен байланысты;

- көп критерийлік; бұл қасиет кешеннің әрқайсысының өз нысанасы бар көп ішенекешендері болғандығынан туады;

- сатылылық; бұл қасиет әр қондырғылардың бір ішенекешенге бірігіп, ал ол ішенекешендер бір күрделі кешенді кұрғандығынан көрінеді.

Осы қасиеттерге сүйене отырып, қарастырылатын кешеннің статикалық моделін құрастыруға болады деген тұжырымға келеміз. Кешеннің математикалық моделі мына қатынастарынан тұрады:

- әрбір қондырғының кіріс айнымалары басқарушы
айнымалары және шығу айнымалары аралығындағы
тәуелділіктер

(13.1)

- әр ішенекешеннің ішіндегі қондырғылардың арасындағы
айнымалар қатынастары

Бұл жерде және кіріс айырмашылығын айтып кету жөн. айнымалысы арқылы қондырғыға келіп түскен газдың мөлшерін белгілеп, ал арқылы осы газдың кондициялық параметрлерін бейнелейміз (температурасы, күкіртті газдың проценті және т.б.);

- ішенекешеннің аралығындағы материалдық және кондициялық айнымалар байлаыыстары

(13.2)

L1 және L2 - материалдық және кондициялық ағындарды бейнелейтін айнымалардың индекстерінің ішенежиындары.

Бүкіл кешеннің критериі Ғ, ішенекешендердің критерийлері Fi және әр қондырғылардың критерийлері Ғij аралығында мынадай приоритеттер болсын Ғ>Ғiij.

Жоғарыда келтірілген (13.1) тәуелділіктерінің нақтылы түрлері белгілі идентификациялау алгоритмдерінің көмегімен, ал (13.2) қатынастары күрделендірумен алынады [35, 36].





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 467 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...