Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Агрегаттың жұмысын модельдеу



Модельдеудің мақсаты ретінде зерттелетін жүйелердің күй сипаттамаларын анықтау мәселесін қоялық. Сонда осы агрегатты модельдеу арқылы оның кейбір уақыт мезгілдеріндегі z(t) функциясының мәнін табу керек.

Енді 11.3 параграфында қаралған агрегаттың жұмысын модельдеуші алгоритмді құрастырайық.

Бұл алгоритмнің сұлбасы бастапқы деректерді программаға кіргізетін 1-ші оператордан басталады (11.1 - сурет). 2, 3 және 7, 8-ші операторлардың көмегімен басқарушы және кіріс хабарларының агрегатқа келіп түскен моменттері анықталады. 4-ші және 9-шы операторлар осы мезгілдердің модельдеу аралығында жатқанын тексереді. 4-ші оператордың шарты орындалмаса, 5-ші оператор соңғы басқарушы хабардың келген мезгілін модельдеу аралығының шегіне теңдеуі тиіс. Ал 9-шы оператордың шарты орындалмаса, агрегатты модельдеудің бір нақтыламасы аяқталады деген тұжырыаға келіп, кезекті 29-шы операторға, яғни осы модельдеудің нәтижелерін өңдеуге береміз.

10-шы оператор ti және ij моменттерін салыстырып, сырттан келетін екі хабардың қайсысы ертерек жеткенін анықтайды. Осы оператордың жұмысының нәтижелері 11 және 12-ші операторларда l белгісімен бекітіледі.

Сонымен, бастапқы 12 оператордың көмегімен кіру және басқару хабарларының келіп түскен мезгілдерін тауып, оларды салыстыру арқылы бірінші болып келген хабарды анықтаймыз.

Келесі операторлар тобы (14-20) агрегаттың ерекшелік жағдайлардың аралығындағы жүмысын модельдейді. Бұл аралықтарда агрегаттың күйін U1 операторының көмегімен сипаттауымыз керек (14-ші оператор).

Алайда осы аралықта да ерекшелік жағдайлар кездесуі мүмкін. Ол шығу хабарларын беру моменттері. Сондықтан U1 операторы шарттарының орындалуын мұқият қадағалап отырып, әр мезгіл үшін шығу хабарын беретін ең бергі мезгілді анықтайды (15-ші оператор):

Осы мезгілі сырттан келген хабарлардың түсу моменттерінің аралығында жатқан болса (16-шы оператор), бұл шығу хабары іс жүзінде берілуі тиісті. Сондықтан сипаттамасын анықтап (17-ші оператор) шығу хабарының () нақтылы мәнін табу керек (18-ші оператор). Бұл, әрине, ерекшелік мезгілі, сондықтан сипаттамасын (19-шы оператор) табу қажет. Ал келесі 20-шы оператор осы сипаттаманың жиындарына қатысын анықтай отырып, сол мезгілде тағы бір шығу хабары беріле ме деген сұраққа жауап іздейді.

Егер 20-шы оператордың шарты орындалмаса кезек 13-ші оператор арқылы 14, 15-ші операторларға, келесі сырт хабарларының келіп түсу мезгілдерін модельдеуге беріледі.

Енді 16-шы операторға қайтып оралайық. Бұл оператордың шарты орындалмаса, 21-ші оператор сыртқы хабар келген мезгіліндегі агрегаттың күйін анықтайды, ал 22-ші оператор бұл кабардың түрін ажыратады.

Келесі (23-25) операторлар тобы мезгілінде келетін кіру хабарын, ал (26-29) оптераторлар тобы мезгілінде келетін басқару хабарын қабылдау процестерін модельдейді. Осы топтардың жұмысы жоғарыда қаралған (18-20) операторлар жұмысымен сәйкес.

Егер 25 және 28-ші операторлардың шарттары орындалса, кезек 18-ші операторға, яғни жаңа шығу хабарын даярлауға беріледі. Ал бұл операторлардың шарттары орындалмаса, кезек 7-ші және 2-ші операторларға, келесі кіру немесе басқару хабарлары келіп түсетін мезгілдерді модельдеуге беріледі.

Соңғы (29-36) операторлар тобының жұмысы көптеген модельдеуші алгоритмдерге тән болғандықтан, өткен параграфтарда бірнеше peт айқындалған.

Осы модельдеуші алгоритмдердің сұлбасымен таныса отырып, агрегаттарды модельдеу онша қиын емес деген тұжырымға келеміз.

1 Кіріс
2 модельдеу: τg
3 ti = tj+1 + τg
ti < T
 
5 ti = T
 
j ≥ 1
 
 
7 модельдеу: τx
8 tj = tj-1 + τx
 
tj ≤ T
 
 
 
tj < ti
11 L=1
 
12 L=0
 
 
 
13 ерекше жағдай моментін өзгерту ti=tj+1x
14 z(t)=UL0[z(t0+0); t]
15 tвых=minty
 
tвых≥=ty
 
17 z(tвых) табу
 
 
18 y- ті есептеу
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет

 
19 z(tш+0) есептеу
z(tш+0)εZy
 
 
 
 
21 z(tвх)- табу
 
L>0
 
23 модельдеу: хj
24 z(tj+0)
 
z(tj+0) εZy
 
 
26 модельдеу:gi
 
27 z(ti+0)
 
z(t1+0) εZy
 
 
 
29 z(t) анықтау
30 нақтылама нәтиж.бекіту
31 N=N+1
 
N<N*
33 келесі нақтыламаға көшу
34 нәтижені өңдеу
35 баспалау
36 Соңы
 
 
 
 
 
 
 
 
 





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 371 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...