Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Ақын‑жыраулар шығармашылығын таныту



Мақсаты: Ақын-жыраулар шығармашылығына байланысты мағлұмат беру.

  1. Ақын, жыраулар, олардың шығармашылық ерекшелігі
  2. Толғау, жыр, құрылысы, көркемдігі

Негізгі ұғымдар: ақын, жырау, жыршы, жыр, толғау, дидактика, тирада.

Қазақ әдебиеті тарихын жеке бір дәуір аумағында ғана емес, қоғамдық дәуір эволюциясымен тұтастыра зерттеу әдеби процестің қаыптасу, даму заңдылықтарын толық ашып береді. Демек, әдебиет және мәдениет тархы халық тарихымен, әдеби процеспен тығыз әрі табиғи байланыс тұрғысында қарастырылуы керек. Әрір халықтың өсіп‑өніп, біртұтас халық ретінде дүниеге келуінің тарихи‑әлеуметтік, этногеографиялық, мәдени‑тілдік факторлары бар. Олар уақыт жағынан бірнеше ғасырлар нәтижесінде пайда болды. Мәне, осындай ұзақ жылдар ішінде біздің қоғамымызда алуан түрлі оқиғалар, өзгерістер болып жатады да оның рухани немесе мәдени тарихы да өзінің алғашқы бастауларын ғасырлар тереңінен алады.

XVIII ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алып, біздің дәуірімізге молырақ жеткен кезі. Бұл дәуір поэзиясының өзіне дейінгі поэзиядан бір ерекшелігі мұнда ерлік, елдік тақырыбы үндес жырланады.

XVIII ғасыр әдебиеті де қоғамда аласапыран өзгерістер заманында – Жоңғар шапқыншылығы өрістеп, қазақ халқының басында үлкен сын туып, Ресейге қосылу процесі жүре бастаған шақта өмірге келді. Бұл келең ел басына күн туған кезде ел қорғаны батырлардың, дуалы ауыз уәзшілер – ақын‑жыраулардың өмір кешкен дәуірі болды.

Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырым белгілерін алғаш таныған – Құрбанғали Халид. Ол ақын мен жыршыны жіктеп, ақынның шығармасын “өлең” деген.

Мәселен, өз кезіндегі талай жорықтарға қатысқан ер де өр мінезді Ақтамберді жырау “Күлдір‑күлдір кісінетіп” дген ұзақ толғауында қазақтың төл тіршілігіне тән әдет‑дәстүрлерді тізбектейді:

Өзенге бие байлатып,

Төрткүлдеп ошақ қаздырып,

Төбе бие сойғызып

Төменде бидің кеңесін

Біз де құрар ма екенбіз. Барша жырауларға ортақ қасиет – ақыл, өсиет айту болса, бұл Ақтамбердіге де тән:

Ей, адамдар, шоралар,

Атты мінсең зорды мін,

Биік біткен теректей.

Қару алсаң, мылтық ал,

Қарның ашса, тамағың,

Жаяу жүрсең таяғың.

Бұқар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханұлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мәлімет бере кеткен жөн. І.Есенберлиннің “Көшпенділерінде”: “Бұқар ұзын бойлы, қапсағай денелі, шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата‑бабаларымыздың көкейлерінде қалған армандарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере құрмет тұтатын себебі оы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерің бірі, “көмекей әулие” атанған”,‑деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бұқар жырау туралы әдебиет тарихында әрқилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М,Әуезов екенін студнттердің есіне сала кеткеніміз жөн. Бұқар жырау халқының елдігін, ерлігін жырға қосып, “Ей, Абылай, Абылай”, “Садыр қайда барасың” дегн толғауларында елдің бірлігін жоғаы қойған. Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса (“сен он бір жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмәмбет төренің түйесін баққан құл едің”), кейде дәріптеп (“..елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің”) отырған. Бұқар ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені кейінгіге үлгі боларлық өсиет‑насихатқа, ақыл‑кеңеске толы. “Ай не болар күннен соң”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Жал құйрығы қаба деп”, “Жиырма деген жасыңыз” “Асқар таудың өлгені” деген толғауарында өмірдің өткіншілігін, адамдық пен адалдық, жақсылық пен жамандық, дос пен қас туралы ойларын ортағам салады. Өмір құбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең да мағыналы тұжырым жасайды.

Бірыңғай импровизация дәстүріне туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулық пэзияның өзіндік өзгешеіктеі бар. Ақындық поэзида тақырып ауқымы кеңдігімен қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: “Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, трихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз етді. Ал, ақындық дарынның ерекшелігін ғалым Е.Ысмайылов: “Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой‑өрісі дәржесінде таниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін қабылдауы шапшаң, тез әсер алады. Алған әсері жөнінде ұғымын есте сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенін де, көргенін де тез қабылдап, жылдам жырлап, қас‑қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі” дейді. Бұл мәселеде М.Мағауиннің “Қобыз сарыны”, Қ.Сыдиқовтың “Ақын‑жыраулар”, Е.Тұрсыновтың “Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері”, Ә.Дербісәлиннің “Дәстүр мен жалғастық” еңбектерін атауға болады.

Көтеш – ақындар поэзиясының тұңғышы, ақпа ақын. Ол кәдімгі қара өлең, қайым өлең үлгісінде шығарған. Өмір сүрген кезеңі жоңғар шапқыншылығына тұспа‑тұс келген ақын халық қайғысын көріп, оны өлеңдерінде өрнектей білген. Көтеш ақынның өлеңдерін жинастырған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуынша, оның ақын ретінде алғаш танылуы Абылай алдында болса керек. Ел жадында сақталған “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің” деп басталатын толғауын айтуы, І.Есенберлиннің “Жанталас” романында келтірілген. Көтеш‑импровизатор ақын. Оның ”Қойым‑ау, кел, қойсаңшы өргеніңді”, “Қартайғанда қатының дұшпан болды”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл” деп басталатынөлеңдерінде тұрмыстық сарын, жоқшылық ауыртпалығы көрінеді. Алайда, тұрмыс қатаңдығына қарамастан, ол ешқашан мал үшін жағын жалдап, тілін беземеген. Көтештің “Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар” деп басталатын өлеңінде үлгі‑өнеге, тәрбие мәселесі қозғалса, “Кәрілік жылы жұмсақ ас жарай ма” деп келетін өлеңде адамның қарттық шағындағы кезңін жырлайды. Тәтіқара шығармашылығында ерлік сарынының басым жату себебі, ол ақындығымен қоса ержүрек батыр. Абылай бастаған сарбаздарың айтулы жыршысы. Жалаң қылыштай өткір мінезімен, табан астында суырып салма шапшаң айтқыштығымен үлкн беделге ие болған. Көптің көш басы болар серкесі іспеттес ұранды алға тосады:

... Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,

Ер жігіттің ерлігі осындайда, ‑ деп тосылып тұрған сарбаздардың намысын қайрап, өлмес рухқа шақырады. Әр батырдың есімін атай отырып, оның батырлық жігерін оятады.

Зерттеуші Ш.Уәлиханов Шал (Тілеуке) ақынды эпик ретінде танып, “менің бабам Абылайдың замандасы Шал ақынның жырлары өте тамаша, бірақ оны білушілер аз”, ‑ дейді. Шал мұралары бізге мол жеткен. Шығармаларының тақырыптары да алуан түрлі. Ақын өлеңдерінде өмір тәжірибесін жинақтаған салмақты ой, терең тұжырым, түйінді тәлім тән. Ақын өлеңдерін топтайтын болсақ: а) өсиет; ә) сын‑сықақ; б) адамгершілік, білім, тәлім‑тәрбие; в) арнау; г) сөз қағыстары. Ақын айтайын дегенін дөп айтып, қарапайым, шыншыл жеткізеді. Соның өзінде халықтық мақал‑мәтелдерге іргелес тұрған өрнектерді табамыз. Мәселен:

Білімің болса‑дағы ұшан‑теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей,‑ немесе

Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп,

Қаша гөр, жамандықтан аулақ беттей.

Ақын тәрбиеге үлкен мән берген. Ұл мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктерін еске салып: “қыз он беске келгенде, жақсы мен жаманды айырады”, “жігіттің жақсысы сегіз қырлы, бір сырлы болады” дейді. Ақын өлеңдерінде тұспал, меңзеу аз, ойы анық, дәл. Жігітке, қызға, әйелге өлең арнай отырып, олардың түрлеріне сипаттама береді. Мәселен, “бір жігіт бар – құр жан, бір жігіт бар – тірі жан, бір жігіт бар – жігіт жан” дей келе, қолынан ештеңе келмейтін құр жан болудан, бар тапқанын асы мен киіміне жұмсап, берекесіз тірлікпен айналысқан тірі жан болудан сақтандырып, өмірге икемді, өнерлі болуға үндейді. Осыған үндес ойлары қыздарға, келіндерге, әйелдерге арнауында да кездеседі. Шал ақын – тұрмыстық мәселелерден бастап, өмірлік терең жайттарды қозғаған ақын.





Дата публикования: 2014-11-19; Прочитано: 2812 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...