Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көп өлшемді кездейсоқ шамалар



Осыған дейін айтылған кездейсоқ шамаларды бірөлшемді кездейсоқ шамалар деп те айтады. Сондай-ақ екіөлшемді, үшөлшемді, жалпы, көпөлшемді (бірнеше өлшемді) кездейсоқ шамаларды да қарастыруға болады. Бірөлшемді кездейсоқ шамаларды қарастырғанда, олар әр түрлі сандық мәндерді қабылдайтынын, геометриялық кескіні түзу бойындағы нүктелер болатынын байқадық. Осыған орай жазықтықтағы нүктелерді кескіндейтін кездейсоқ шамаларды екіөлшемді, ал кеңістіктегі нүктелерді кескіндейтін кездейсоқ шамаларды үшөлшемді деуге болады. Кездейсоқ шаманың өлшемі үштен көп болса оны геометриялық кескіндеуге болмайтынын ескертеміз. Сонымен, кездейсоқ шамалары берілсе, оны n-өлшемді кездейсоқ шама (фактор) дейміз. Бірөлшемді кездейсоқ шама сияқты көпөлшемді кездейсоқ шамалар да дискретті және үздіксіз болады. Көрнекілік жағын көздеп негізінде екіөлшемді кездейсоқ шамаларды қарастырамыз.Олар үшін айтылғандарды әрі қарай көпөлшемді кездейсоқ шамаларға тарату қыинға соқпайтынын ескертеміз.

Мысал. Автоматты - станок болатты плиткаларды істеуде. Егер бақылаулар өлшемдері болып ұзындығы Х пен ені У берілсе, онда екіөлшемді (X, Y) кездейсоқ шама бар деп айтамыз; егер биіктік Z-те бақылау да болса, онда үшөлшемді (X, Y, Z) шама бар болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1918 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...