Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. 70 жылдың бірінші жарты жылдығында ең үздік фильмдер



1. 70 жылдың бірінші жарты жылдығында ең үздік фильмдер.

2. Театр, телевизия және басқа студиядан келген режиссерлер фильмдері.

3. Балалар киносы жанрының дамуы мен ертегі жанры.

1970 жылдары ең белгілі фильмдер «Қыз Жібек», «Атаманың ақыры», ең үздік балалар фильмдерінің бірі «Шок пен Шер», «Алты жасар Алпамыс» сонымен бірге көп жылдар бойы сөреде жатып қалған «Құлагер» т.б. фильмдер түсірілді.

«Атаманның ақыры» Ш.Аймановтың ең соңғы экрандық шығармасы 1970 жылы қойылды. Фильм оқиғасы азамат соғысы кезеңін қамтиды және тарихи деректерге негізделген. Ақ гвардияшылар атаман Дутов басқарған отрядының Қазақстанға шабуылының алдын алудың совет чекистерінің ерлігіне арналған. Фильм оқиғасы басынан аяғына дейін бір ритмде өтеді. Бұл фильмде әрбір кадрдың өзі драматургиялық ойға құрылған, бұнда кинокамера үлкен рол атқарады. Мысалы: кинокамера драматургиялық іс-әрекетте, оқиғаның дамуында басымдылық етеді. Ол әруақытта іс-әрекеті жүзеге асырады, оның драматургиялық ойларын ашуға тікелей қатысады, суретші ойларының қозғалысын көрсетеді. «Атаманның ақыры» фильмінде атаманды өлтіру тапсырмасын орындап Қасымхановтың атпен қорғаннан шығып қашқандағы көріністерде кинокамера драматургиялық қобалжу мен мазасыздануды бере отырып іс-әрекетті жүргізеді. Тапсырманы орындап, бірақ әліде мазасызданған адамның толқу сезімін кинокамера өте мәнерлі берген.

Басты рольде А.Әшімов, В.Авдюшко, Г.Юдин, Ю.Саранцев, Н.Жантөрин, Н.Ықтымбае және т.б. Фильм 1972 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Басты роль Қасымхан Чадияровтың бейнесін сомдағаны үшін А.Әшімовке, сценарий авторлары А.Михалков пен Э:Тропининге Қазақ ССР Мемлекетті сыйлығы табыс етілді.

«Қыз Жібек» (1970ж., реж. С.Ходжиков) өте кең танымал қазақ эпосының желісі бойынша Ғ.Мүсіреповпен жазылған сценарийдің екі варианты болды. Біріншісі 1961 жылы, ал екіншісі 1967 жылы. Сценарийдің екінші варианты бірінші вариантына қарағанда оқиғаны кеңірек қамтиды. «Қыз Жібек» История любви и гибели Жибек и Тулеген проходит на фоне крупных социальных явлений прошлых веков. Лирическая поэма превращается в эпический сказ о судьбах и бедах народа. «О чем будет наш фильм? Сюжет казалось бы, традиционный. И героями движет любовь – на этом вечном чувстве держится эпос. Но фильм не только о любви двух молодых сердец. Это философское раздумье о формировании нации, о судьбе народа, его горестях и чаяниях, его вековой мечте о свободе...», - так изложил Г.Мусрепов свой замысел-кредо, философскую и художественную суть сценария «Қыз Жібек», по которому поставлен фильм.

М.Әуезов шығармалары бойынша қырғыз режиссерлерімен Б.Шамшиевтің «Қараш-қараш» (сц.авт.Ә.Тарази, 1969), Т.Өкеевтің «Көксерек» (сц.авт.А.Михалков-Кончиловский, Э.Тропинин1973) фильмдері түсірілді.

1970-80 жылдарда қазақ киносының ұлттық мектебін қалаған бірқатар киноқайраткерлері өздерінің соңғы фильмдерін түсірді. Ш.Аймановтың «Атаманның ақыры» (1970), М.Бегалин «Отқа оралған Орал» (1975), А.Қарсақбаев «Балалық шақтың кермек дәмі» (1983), С.Қожыков «Күш атасын танымас» (1985), Ш.Бейсембаев «Несібелі» (1986) фильмдері. 1970-80 жылдары шығармашылық мүмкіншіліктердің дәуірлеп тұрған кезінде қазақ киносының алыптары бірінен соң бірі өмірден өтті. Ең өкініштісі олардың орнын толтырар, дәстүрлі ұлттық режиссура мектебін жалғастыратын шәкірттер санаулы ғана болды.

70-ші жылдардың соңы – 80 жылдары «Қазахфильм» киностудиясында дағдарыс болды, оның ішінде әсіресе режиссурада. Бұл уақытта тоқыраудың болуы кәсіби ой-өрістің жоқтығы емес, ең бастысы ұсақ-түйек тақырыптар мен көркемдік шабыттың жоқтығымен сипатталады. Студия жағдайының күрделеніп бара жатқаның мойындай отырып эксперимент қанаты кеңге жайды. 1-шіден басқа республикадан режиссерлар мен сценаристер шақырылса, екіншіден жастарға өз күштерін байқауға мүмкіндік берілді. 1970-80 жылдарда қазақ киносының шығармашылық даму деңгейі ең алдымен сцеанрий және режисерлік мәселелерді шешу болды. Бұл жылдары тұүсірілген көптеген фильмдердің сценарий авторлары мәскеулік драматургтер болды. Мысалы Ф.Фрацузов «Бәрі сенбі күні басталады», Л.Агранович «Қала қақпаны», А.Степанов «Бандыны қуған Хамит», О.Осетинский «Жаушы» т.б. Көбінесе сценаристер ең үздік шығармаларын өзге студияларға ұсынып жатты. Л.Хуснитдинованың көркемдік деңгейі жоғары сценарийлерінің негізінде «Алты жасар Алпамыс», «Орнамент» сияқты фильмдер түсірілді. Сонымен бірге 1980-ші жылдар тұсында «Қазахфильм» киностудиясында басқа студиялардан шақырылған режиссерлар да сәтті шыққан туындыларымен ұлттық киномыз тарихында елеулі үлес қосады. «Өзбекстан» киностудиясынан режиссер Б.Мансұровтың («Құлагер»-1987, «Сұлтан Бейбарыс-1989», Қырғызстаннан Б.Шәмшиевтың («Мергендер-1985»), фильмдердің көркемдік деңгейі жоғары болды.

Ең жарқын шыққан Грузия режиссері И.Квиркадзенің «Өлместің оралуы» фильмі болса, ресейден тағы бір дебют кинодраматург С.Бодровтың «Профессионалдар емес» (1985ж.) және режиссер В.Соловьевтың «Чужая, белая и рябой» (1986) фильмдері болды. 1986 жылдары «Қазақфильмде» О.Сүлейменов редактор болып жұмыс жасады, ол Соловьевқа Алматылық жас киноға талпынушы жастарды өз шеберханасына оқытуға ұсыныс жасады, сөйтіп Қазақстандық біраз жастар ВГИК-та С.Соловьев шеберханасына қабылданды. Олар 1989 жылдары «Жаңа толқын» кезеңінің режиссерлары.

80-ші жылдары студияға ВГИК-ты тамамдаған жас режиссер Ермек Шынарбаев келді. Оның қысқа метражды «Қаралы сұлу» (1983) фильмі дебюті болды. Содан кейінде 1985 жылы телевизиялық «Қарындасым менің Люся» фильмін түсірді. 1989 жылы оның режиссерлік қолтаңбасы үлкен стильді кино шебері (мастер) болып, ол ең үздік фильмдерінің бірі Анатолий Кимнің сценарийі бойынша «Кек» фильмін түсірді.

2-шіден театр және телевизия саласында қызмет істеп жүрген режиссерлар киноға келді. Бұл кезеңде тарихи тақырыптардың ашылу мүмкіндіктері болды. Сексенінші жылдары қазақ режиссерлері әдеби шығармаға бет бұрды. Осы кезең туындыларының негізгі бағыт-бағдарын айқындаған режиссерлер қатарында В.Пұсырманов, А.Тәжібаев, Ә.Мәмбетов, Д.Манабай, Б.Шәріп, Б.Омаров, А.Айтуаровтың есімдерін атауға болдады.

80-ші жылдар киношығармаларында негізгі екпін қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын экрандау, оның ішінде, әсіресе, тарихи тақырыптарды меңгеру болса (Ә.Мәмбетов, А.Тәжібаев фильмдерінде), ал бұған дейін дәстүрге айналып үлгерген қазақ балалар киносына ертегі жанры (В.Пұсырманов) келді. Аманжол Айтуаров және Болат Омаровтың («Ай үстіндегі үй») фильмдерімен жаңа заман кейіпкерінің күрделі бейнесі кинода тосын жаңа қырымен ерекшеленеді.

  1. Революция және Азамат соғысы тақырыбындағы фильмдер «Охрана бастығы»-1978ж., «Ақырғы аманат»-1981ж. реж. А.Тәжібаев, «Қызыл отау»-1982ж. реж. Қ.Қасымбеков.
  2. Тарихи тақырыпта әдебиеттен экрандалған фильмдер

«Қан мен тер» (1978ж., реж.А.Мәмбетов), «Жаушы» (1982ж.,

реж.Ә.Мәмбетов), «Сұлтан Бейбарыс» (1989ж., реж. Б.Мансуров),

«Құлагер» (1970ж., реж.Б.Мансуров), «Ай астындағы үй» (1983ж., реж Б.Омаров).

Б.Мансұровтың «Құлагер» фильмі 1970 жылы түсіріліп, 17 жылдай уақыт бойы полкада жатып қалды. И.Жансігіровтың аталмыш поэмасының желісі бойынша, режиссерлік алғашқы қадамын Б.Мансұров қолға алады. Сценарийін жазған да, фильмнің редакторы болған – Асқар Сүлейменов. Рольдерде: Ж.Сатаев, Кененбай Қожабеков, Байтен Омаров. Әйгілі Ақан сері бір басына батпан қайғы түскен сын сағатта баспа-бас қызға бермес «Құлагерін» қасіретті әнге қосты. Өз заманында Ереймен өңірін түгел билеп тұрған Сағынайдың асында аламан-асыр ат бәйгесі өткізілді, сол бәйгеде алдына қара салмай мәреге жақындаған құс қанатты құлагер көзіне қан толған қарақшылар қолынан мерт болды. Бұл фильм көптеген жылдардан кейін тек «Ас» деген атпен (трагедия) экранға шықты.

  1. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы фильмдер.

«Ұзақ құс жолы» (1983ж., сц.авторлары Б.Ғабитов-Жансүгіров, С.Бодров,

реж. А.Тәжібаев, опер.Э.Дауылбаев), «Мергендер» (1985ж., реж.Б.Шәмшиев),

«Қарындасым менің Люся» (1985ж., реж.Е.Шынарбаев),

«Тройной прыжок пантеры» (1986ж., реж.Л.Аранышева).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 801 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...