Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылдарда балалар киносы мен ертегі жанры



Алғаш ертегі жанрыңа келген режиссер Виктор Пусырманов қазақ киносына 1975 жылы «Аруана» фильмімен келді. Одан кейінде «Кездеспей кеткен бір бейне» (1977ж.), «Қош бол бикеш» (1978ж.), «Алатаудың күміс мүйізі» (1979), сондай-ақ 1980 жылы «Біз енді екеуміз» фильмдерін түсірді. Режиссердің ертегі фильмінен кейін 1991 жылы «Қайсар», 1993 жылы «Әбілхайыр хан», 1996 жылы «Мерген Хомучи» фильмдері болды.

Ең бұқаралық мәдениет – кинода кештеу болса да сол жылдары ертегі жанрға ден қою «Жау, тоғызыншы ұлдан сақтан» (1985, сцен.авт.О.Бандаренко, реж.В.Пұсырманов) ертегі – фильмін түсіруден басталды.

Халықтың ғажайып сырлы осынау мол мұрасы бүгінгі күннің ертегілерімен толысып отыруы заңды. Балалар әдебиеті, ойын кинематографы, бүлдіршіндерге арналған мультипликациялық фильмдер бұлардың қай-қайсысы де ертегіге соқпай оған тоқталмай өте алмайды.

Ертегіні экрандау – балалардың көңілін көтеру үшін ғана түсірілетін жеңіл-желпі нәрсе емес. Ол бір халықтың рухани сыр-сипатын, этнографиясының ерекшеліктерін, тіпті керек десеңіз қоғамның адамгершілік болмыс-бітімін бейнелеу деген сөз. Сол жауапкершілікті толық сезінген өнер иесі ғана фольклор қазынасын асқан ілтипатпен жаңашылық сезіммен пайдалана алар еді. Қазақ ертегісі әр-қилы оқиғалар мен бейнелерге, көркемдік тосын шешімдерге бай. Демек, оны неғұрлым құнарлы етіп шығаруға мүмкіндік мол.

Бұрын қазақтың көркемсуретті кинематографиясында ертегі фильмі болмаған еді. Әрине, бұл жанрдағы фильм жасаудың өзіндік қиындықтары аз емес. Оның үстіне біздің кинематограф бұл лиро-эпостық жырлары мен халықтың аңыз желілердегі фильмдерді айтпағанда бұған дейін ешкім қадам баса қоймаған тың сала. Ал, осыдан соқпақ салу кім-кімге де оңвй емес, осындай тәуекелге тәуекелге қазақ киносындағы режиссерлердің ішінен алғаш аяқ басқан В.Пұсырманов болды. Сонымен, міне көркемсуретті кинематографиясындағы қазақтың тұңғыш ертегі фильмі- «Жай, тоғызыншы ұлдан сақтан». Біздің ойымызға ең алдымен «Фильм халқымыздың қай ертегісінің желісі бойынша түсірілді екен» деген сұрақ келеді. Ержанның тоғызыншы ұлы жайлы ертегі «Ер Төстік» болар?, бірақ осы бір ұқсастық болғанымен фильм «Ер Төстік» ертегісі негізінде түсірілмегені анық. Сценарий авторы О.Бондаренко қазақ ертегілеріндегі жоғалған ағаларын іздейтін тоғызыншы ұл туралы ертегінің негізгі бағытын ұстанғанмен, фильм оқиғасы түгелдей басқаша болды. Қай халықтың болмасын ертегі аңыздарындағы негізгі тартыс жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың күресі. Бұл фильмінің де негізгі арқауы осы. Адамдарға қарсы күресіп жүретін, төтелей қауіптен гөрі айла сиқыры көп, адамның күшіне бой бермейтін зұлымдық бейнесі мұнда қатыгез сиқыршы Тасбол (Н.Жантөрин) мен жылан адам Айдаһар (Б.Аюханов) бейнелерінде көреді.

Молдаван жазушысы П.Бацу «Ертегілер ешуақытта қартаймайтын жанр, ол жанрдан бір балалық дәуірімізді көрсек, екіншіден, ертегі біздің жанымызды жақсартады, пәле-жаладан тазартады, сөйтіп, рухани мықтылығымызды танытады», -1 деген.

Фильмде Еркенженің салмағы аз. Ол көтеруге тиіс жүктің бәрін жақсылық періштесі Ақ кемпір (Г.Әспетова) өз үлесіне алып қойған. Сондықтан да болу керек, біз Ер мен жамандық иелері арасындағы күресті емес, зұлымдық сиқыршысы мен ізгілік сиқыршысының арасындағы күресті көреміз. Фильмде сиқыр көп. Бұл фильмнен алатын әсерлерге де жас көрермендерді батырлық пен тапқырлыққа, өжеттілік пен өнерлікке бас қаһарманның өенгелік үлгісіне де өз ақауын түсірмей қалмаған. Халықтың ауыз әдебиетінде жауыздық пен жақсылық бейнелері айқындалып, жүйеленген символикалық бейнелер. Олардың әрбір әрекетіндегі әлеуметтік-логикалық мотивировка айқын болып отырады. Бұл фильмдегі ханның апасы Қарашашты жауыздық жасауға итермелеген қандай күш екен, жігерлі де, іскержан және де осы қасиеттері жамандыққа, зұлымдыққа қызмет етеді. Оның туған інісіне қастандық жасауға баруы жеткілікті дәлелденбеген. Ал ертегі аңыз оқиғаларында, тағы да қайталап айтамыз, қаһарманның іс-әрекеті дәлелденіп отруы шарт. Фильмдегі астроном бейнесі авторлардың өздері енгізгені сөзсіз. Осы қолдан жасалған бейне өзін-өзі ақтап тұр дей алмаймыз. Ал Айсұлудың Жақсыкелдіңң-жақсылықтың, қарапайымдылық пен ізгіліктің символындай.

«Айдай сұлу Айсұлу туралы аңыз» фильмі нақты бір ғана ертегінің емес, ауыз әдебиеті көрініс беретін типтік сюжеттер негізінде түсірілген. Кеә кітабы қиссаларда, дәлірек айтқанда «Мұңлық -Зарлық» дастанының оқиғалы бір тармағы (дүниеге жаңа келген егіз нәрестені егіз күшікпен алмастыру хикаясы) мүмкіндігінше қилыстырылып енгізілген. Орта Азия эпосында өткен суреткер фильмде бар. Мысалы баланы суға тастау, жаңа босанған әйелдің бауырына күшік салу бар. Мұнда әпкесінің жағдайы мен Қарашашты зұлымдық әрекеті Жақсыкелді бейнесін толықтырса, екі күшік Айсұлу басындағы трагедияны көрсетеді. Бас кейіпкер Айсұлу С.Жомартованың орындауында бірыңғай лирикалық бағдарда көрінеді. Оқиға бойынша солай болуы тиіс те. Ертегі фильм оқиғасы бақытты аяқталады. Фильм авторлары халқының қашан да келешекке зор үміт артатынын, оптимистік рухын бейнелейді. Фильмнің елеулі ақулықтары бар екеніне назар аудара отырып, ол ақаулықтардың себептеріне зер салалық. Фильм авторлары қазақ ертегілерінің өзіндік табиғатын, ерекшелігін, ұлттық даралық сипатын толық бермеген сценарийлары бар. Ойды, оқиғаны, характерлерді дараламай-ақ, шығыс әдебиеті шеңберінде, оның өздерінде жалпылама қарау тенденциясы басымырақ сезіледі. Жалпылама рухқа сүйену, ертегілердің тереңіне үңілмей-ақ жобалау сүреңсіздікке әкеп соғарын еске алсаң, фильмдегі елеулі кемшіліктер осы орайдан туындайды.

«Айдай сұлу Айсұлу туралы аңыз» фильміндегі әр түрлі ертегі, аңыщдардың оқиғалары негізінде құрастыруы мозайкалық дүние. Мұнан біздің жас көрермендеріміз өздерінің ұлттық фольклор, қазақ ауыз әдебиетіне тән ерекшелігін жете танымай қалады.

Бұдан кейін ертегі жанрында режиссерлар С.Райбаев пен А.Сулееваның «Сиқырлы спонсор» ертегі фильм 2000 жылы түсірілді...

70-жылдар кезеңінде жалпы кеңестік кезең кинематографиясының алдына қойған негізгі мақсаттағы бағыттарының бірі – ұрпақ тәрбиесін экрандық туындылар арқылы жалғастырудың мүмкіндіктерін мейлінше толық меңгеру. Балалар тақырыбындағы киношығармалардың эстетикалық тәрбие тұрғысынан аса жоғары дәрежеде болу қажеттілігі кино саласындағы суреткерлерді жаңа ізденістерге, жаңа мүмкіндіктерге жетеледі. Экрандық туындының бала тақырыбы саласын сөз етер болсақ, мұндағы мүмкіндіктер шетсіз-шексіз. Киношығармаға арқау болар тақырыптар - өмірдің бала кейіпкерге қатысты тақырыптары әр қырынан алғанда жалғаса береді. Сондай мүмкіндіктердің бірі – табиғат пен бала кейіпкер байланысы. Міне осындай тақырыпта 1972 жылы С.Нарымбетовтың сценарийі бойынша түсірілген «Шоқ пен Шер» (реж.Қ.Қасымбеков), Т.Теменовтың «Адамдар арасындағы бөлтірік», А.Сулееваның «Ауылым көктөбенің бөктерінде» фильмдері болды. Адам мен табиғат арасындағы терең бірліктің бала жанымен берілгендігінің көркемдік шығарма тұрғысынан нақты осы фильмдерді айтуға болады. Бұл фильмдер экранға шыққаннан бастап-ақ тек көрерменнің ғана емес, кино мамандарының да аса жоғары бағасына ие болған. Бұл туындылар бүгінгі күнге дейін өз көреременімен берге келеді. Сонымен 70-80 жылдар балалар фильмі жанрының даму кезеңі болды, өйткені 1980 жылдары бастап аға буын режиссерлармен қатар бір топ жас режиссерлер келді. Олар бүгінде кино тілінің қыр-сырын өз тәжірибелерінде жинақтап, белгілі кинематографистер Т.Теменов («Сен қайдасын Чапай» 1984, «Торо» к/м, 1987, «Адамдар арасындағы бөлтірік» 1989) фильмдерімен танымал болды. ВГИК-тің деректі және телевизия режиссерлігін бітірген А.Сулеева кинодағы тұнғыш қадамын балаларға арналған «Ауылым көктөбенің бөктерінде» фильмімен бастады. Ал Р.Әлпиев (С.Бодровтың қатысуымен) «Шөп өзегіндегі шырын» (1984) 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің өтпелі кезеңі туралы әңгімелейтін алғаш фильмін түсірді.

Сонымен бірге бұл жылдары алғаш ертегі жанрына 1984 жылы «Жау тоғызыншы ұлдан сақтан» ертегі фильмімен В.Пұсырманов (В.Чугуновпен бірге) (сц.авт. С.Бондаренко) келді. Одан кейін 1986 жылы Р.Тәжібаев осы жанрда (В.Чугуновпен бірге) «Айдай сұлу Айсұлу туралы аңыз» ертегі фильмін түсірді. Бұл жанрдағы туындылар балалардың айналасын қоршаған ортаны жақсы түсініп, мәңгілік категориялар – ізгілік пен зұлымдық туралы түсінігін қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Дегенмен де 60-70 жылдарды біріктіретін табиғаттың жайма шуақ кеңістігіндегі балалардың жан-жануарларға құштарлығы, қамқорлығымен үндеседі.

«Қазақфильм» киностудиясы шығарған балалар фильмі өмірге жақын ба? Балалар одан ғибрат алама? – міне, осындай өзекті ойларды «Шок пен Шер» (сцен.авт.С.Нарымбетов) фильмі қозғаған. Аталмыш фильмнің басты жетістігі – Шер мен Ғалымжанның Шоқты мәпелеп өсіруі. Олардың құлынға деген кішкене жүректеріндегі лүпілден мейірім тарайды. Бұдан балғын баланың бойындағы қайырымдылық пен сезімталдық секілді қасиеттердің пайда болып, қалыптасу эволюциясын өзгеше өнер өрнегімен жеткізіп, баланың сан бояулы әсем әлемін поэтикалық әуенмен көрсете білген режиссер тағылымды тәрбиелік мәні зор фильм тудырды. Бірақ осы туындының сценарийін жазған С.Нарымбетов өз сұқбатында «Мәселен «Шок пен Шер» сценарийі жақсы фильм болып шығып, әлемде бағаланғаны баршаға мәлім, өйткені ол Хрущев үстемдік құрған 60-шы жылдардың трагедиясын қозғаған болатын. Бірақ сондағы қайғылы сәттердің бәрі алынып қалған да, тек тәп-тәтті, мөп-мөлдір балалар фильмі болып шыға келді» - деп бір шындықтан хабардар еткен болатын.

Сценарий авторының жазуы бойынша суреттелген бейнелер мен мінездер кейбір кезде фильммен жұмыс жасау барысында өзгереді. Бұл режиссердің ісінен немесе сценарийді дұрыс түсінбегеннен емес, дәстүрлі және күтпеген жағдайлардың күшінен болады. Балалар фильмі режиссерінің жетістігі жасөспірім кейіпкер бейнесін жасуда ондағы балалар кинематографиясының тәжірибесін көрсету, ересек кейіпкерлер бейнесін жасаудан анағұрлым қиынырақ іс.

Экранда мөлшерленген уақыт ішінде сырғып өте шығатын киноөнерін дүниеге келтіріп, балалар өмірін көркем шындықпен бейнелеп, көрермендерге лайықтап ұсыну қыруар еңбекті талап етеді.

1980 жылдарда түсірілген режиссер туындыларындағы негізгі тақырыптар достық, жасөспірімдердің өтпелі кезеңдердегі нәзік сезімдері, адалдық, намысшылдық, адамгершілік балалардың балалық ойындарын, жан-жануарларғадеген құштарлықтары тәрізді мөлдір сезімдері табиғи түрде шынайы қозғалды және сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік тақырыптанда қыл береді.

Т.Теменовтың режиссерлық қадамы 80-ші жылдардың екінші жартысына келгенімен де, жаңа толқын режиссерларынан айырмашылығы, оның шығармашылығында балалар тақырыбындағы туындылары мазмұндық ерекшелігі, ұлттық таным және кейіпкерінің ішкі жандүниесі тереңдігінің ашылу мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда алдыңғы буын А.Қарсақбаев, Ш.Бейсембаевтың және орта буын режиссурасындағы Қ.Қасымбеков, А.Сулеева шығармашылығымен тікелей байланысты.

Т.Теменеовтың алғашқы балалар тақырыбындағы тың туындысын «Қайдасың сен Чапай?» (сцен.авт.Т.Теменов) фильмімен басталады. Фильм ауыл балаларының өмірінен сыр шертеді. Балалар арасындағы достық, адалдық, сенім сияқты ізгі қасиеттердің қалыптасуы белгілі оқиға арқылы қарапайым көрініс тапқан. Фильм оқиғасына балалардың соғыс ойыны өзек болған. Әншейінде командалас жолдастарының алдыңда көсемсіп, командир болып жүрген баланың қиын сәтте басқаша мінез танытуы тосын жәйт. «Чапайды» мұңша қорқақ деп ешкім ойламаған еді. Керсінше Петка болып сайланған балаға достары күлмек пе еді? Бірақ Петка сөзбен ақталған жоқ. Чапай екеуі қарсы топтың қоршауында қалғанда Петка өз батылдығын ісімен көрсетті. Сондықтан да режиссер фильмнің соңғы кадрындағы Чапайды-Айқындыэкранда бекер қалдырмаған. Бұл символикалық бейне ретінде көрінеді.

Рнжиссердің жоғарыда аталған фильмдері бір-бірімен өзектес. Бұлар кішкентай адамның «Биіктігі» туралы көпшілікке мәлімсіз сырлы аралды ашып береді. «Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмінде шешесі бақыт іздеп үлкен қалаға кеткен, әже қолында тәрбиеленген қамкөңіл баланың көкейіндегі көзінен танитын сезімталдығы, қисайған жағынан тұрмайтын қыңырлығы да, қадалған жерінен қан алмай қоймайтын қайсарлығы да бар.

Фильмде Саматпен бірге оқиға желісін алға апарып, режиссер идеясын айшықтап отыратын екінші бір тұлға бала Гели-Гели. Самат тазалықтың, адалдықтың белгісі болса, ал тағдыры ауырлау Гели-Гелимен Саматтың жан-дүниесінің жалғыздығы тағдырының қатпарлы жайын осы Гели-Гели арқылы толықтыра түсетіндей. Оған кішіден бастап, үлкенге дейін үстемдік көрсетеді. Олар кімнің-кімге қиянат жасайтындығын, қай жерде әділетсіздік болып жататынын, бәрін көріп біліп жүреді. Бірақ оның басындағы терагедия – сөйлей алмауы. Бар шындық кеудесінде өле береді. Осы орайда Саматтың басындағы көптеген оқиғалар Гели-Гели бейнесімен толығып отырады. Таратып айтқанда саматтың рухани жан-дүниесінің аза шегуі, тілсіз қасірет тартқан Гели-Геоидің жағдайымен пара-пар.

Жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде олардың бейнесі туралы әңгімелейтін фильмдер бізде сирек екенін ескерсек, бұл фильмге сүлесоқ қарай алмайтынымыз анық 14-15 жас аралығындағы жеткіншектер қоршаған өмірді тым нәзік түснінеді. Өйткені олар оң мен солың, ақ пен қараны ажырата бермейді. Өмірге деген көзқарастары толық қалыптасып қоймайды. Іс-әрекеттерінде салмақты ойдан гөрі әлде кімге еліктеу басым болып келеді. Әсіпесе, мұндай күрделі кезеңде ер балалар да, қыздар да өткінші сезімге берліген, арманшыл, қиялшыл болады. Міне, осы бағыттағы фильмдердің бірі режиссер А.Әльпиевтің (сцен.авт.С.Бодровтың қатысуымен, З.ерғалиева) «Сүйрігі» фильмнің бас кейіпкері жас бойжеткенге балауса махаббат қайталанбас қуанышпен келіп, орны толмас өкінішпен есте қалғанын әсерлі баяндаған.

Фильмінің финалында Сүйріктің «Балалық шақтың есейгенде елжіреп еске алатындай болып өткені жақсы ғой» - дейтін сөздері шығарманың негізгі ойларының бірі болса, сонымен бірге режиссерлар балалық шақтағы мектеп оқушылары арасындағы кездесе беретін алғашқы балаңсезімді жәй ғана баяндап шығу емес. Өмірдің бір үзік деректерінен құрылғаның соншама оқиға желісінің астарындағы бір-вқ мақсатты жеткіншектердің өтпелі кезеңдегі сүйіспеншілік, шексізшынайы алғашқы махаббат сезімдерін паш етіп, бірақ кей уақытта алдамшы сезімге шырмалып қалмай, өмір жолында өрелі қадам жасау керектігін ескертеді.

Иә, адамның рухани байлығы, жанының сұлулығы оның бала күндегі бастан кешкен сезімдерінен бастау алады. Сондықтан да жас ұрпақтардан дастық, махаббат, адалдық, сұлулық туралы түсініктерінің таза күйде қалыптасуы оның өмір бойына бірге алып жүрер қымбат та қасиетті қазынасы. Болашақтың балалық шақтан басталатыны да осыдан.

Жалпы жинақтап айтқанда мінез-құлқының, психологиясының қалыптасу процессі туралы әдемі сыр шерткен қызықты фильм жасалынуы қазақ киносының елеулі табысы. Бұл табыс жаңа үздік туындыларымен толықтырылды. Соның ішінде Әсия Сүлееваның (С.Бодровтың қатысуымен) «Ауылым көк төбенің бөктерінде» атты комедия жанрындағы фильмі әсем табиғатты, сүйкімді бала қылығымен баурап алатын тартымды туындылардың бірі болды.

Фильм авторлары драматург С.Бодров пен сценарийді бірлесіп жазған режиссер Ә.Сүлеева өз беттерінше өмір сүруге алғашқы қадам жасаған балалардың «с-әрекеті қаншама қиындықтарға толы екендігінде психологиялық қайшылықты, күлкілі басқа да жәйттарды шоғырландырған.

Фильмде шопан отбасынан шыққан жеті жасар баланың өмірдегі өзгерісі алынған. Ол мектеп-интернатқа оқуға келіп, бұрын таныс емес қала өмірімен бетпе-бет кездеседі. Қаланың әдеттегі қалыпты тіршілігі бала көзімен қарағанда қарбаласқа толы сияқты. Табиғатпен етене жақын өскен оған мұнда бір түрлі салқындық бардай. Осы бейтаныс орта арқылы оның өмірге деген көзқарасында есейгендік пайда бола бастайды. Ол өзі құралыптас балалармен достасып кетеді. Бірақ Ғұбайдолла сияқты ересектердің ренжітуінен кішкентай жүрегіне үйіне деген сағыныш орнайды.

«Ауылым көк төбенің бөктерінде» фильмінің авторлары Арман арқылы бала характерінің қалыптасуының, оның өзі тәріздес балалармен және ересектермен қарым-қатынасын көрсетуін көздеген. Әнелдің әкесі мектептің элетригі, жеке машинасы бар Ғұбайдолла (Д.Ахимов) бұны бірталай көңілсіз жәйттарға душар етті. Арманның пәк көңілінде ешқандай жамандық болған емес. Ол Арманды машинасын әдейі бүлдіргелі жүрген нағыз қаскүнем бала деп есептейді. Баланың балалығына терең үңілмей үстіртін, орынсыз күйгелектік танытады. Тіпті кей жағдайда ересектердің кішкене бала алдында лажсыздан дәрменсіз болатындығы көрсетілген.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1166 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...