Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақфильм» киностудиясының қызметі



1988 жылы «Қазахфильм» киностудиясы кинофабрикаға және деректі кино, анимация, дубляж бірлестігі болып бөлінді. «Мирас» өзінің шығармашылық бағдарламасында Қазақтың ұлттық мәдениеті жөніндегі мәселелермен жоспардағы тарихи, этнографиялық, фольклорлық шығармаларға көбірек көңіл бөлді. Ал «Әлем» шағын киностудиясы бағдарламалары әлі де қайда кеңірек болды, өйткені олар шығармашылық үшін жан-жақты тақырыпқа қадам жасады. «Әлемді» Мұрат Әуезов, ал «Мирас» бірлестігін кинорежиссер Дәмір Манабай басқарды. «Мираста» Болат Қалымбетовтың «Айналайын», Сатыбалды Нарымбетовтың «Созақтан келген Гамлет» және т.б. фильмдер түсірілді. «Әлем» шағын киностудиясында көбінесе «Жаңа толқын» режиссерлерінің фильмдері түсірілді. Осы жылдары хозрачет деп аталған «Катарсис» киностудиясында режиссер Бахыт Қилыбаевтың «Трое» және «Клещ» фильмдері түсірілсе, ал Қалықбек Салықовтың бірінші толықметражды лентасы «Балкон», Болат Омаровтың «Выше гор» және т.б. фильмдермен қатар «Жаңа толқын» лебін әкелуші режиссерлердің бірі Рашид Нұғмановтың «Игла» фильмдері «Қазахфильм» киностудиясында қойылды

Кеңес Одағы ыдыраған тұста жеке республикалар киностудиялары да жаңа өндірістік қарым-қатынасқа көше бастайды. Бұдан былайғы кезеңде «Қазақфильм» киностудиясы да аударма фильмдерінен гөрі, ұлттық фильмдер өндірісіне басымырақ көңіл бөлді. Бір ғана онжылдық көлемінде (1988-1998 жылдар аралығында) Қазақстанда 84 көркемсуретті фильм түсірілді. Қазақстан кино өндірісінің осындай жылдам қарқынмен дами бастауына себеп болған құбылыс – осы жылдарда көптеп пайда бола бастаған жеке шағын киностудиялардың үлесі еді. Бұл ұлттық кино өнеріміздің сапасы мен сандық деңгейіне тікелей әсер етті. Қазақстан егеменді алардан бір жыл бұрын 1990 жылы көптеген тәуелсіз киностудиялар ашылды. Бірінші тәжірибелі продюссерлік кинематография туды. Нарық басталған уақытта «Қазахфильм» киностудиясындағы 56 кинорежиссерларымен құрылған 27 жеке меншік киностудия пайда болды. Мұнда ерекше жұмыла жұмыс жасаған «Катарсис» студиясы болды, оның директоры және көркемдік жетекшісі М.Смагулов болды. «Катарсис» өз шығармашылығында бағдарлама жасай отырып, көркемдік кеңес (совет) құрды. Студияның режиссерлары Б.Омаров, Р.Нұғманов, Б.Қилыбаев, М.Ахметов және т.б. республикадан режиссерлар болды. Осы жылы «Катарсис» студиясында Е.Болысбаевтың «Ұлтуған», А.Тәжібаевтың «Құланның күйреуі», Б.Омаровтың «Восточный каридор или рэкет по среднеазиатский» фильмдерімен қатар үлкен тарихи лента Д.Манабайдың «Сұрапыл Сұржекей» және т.б. фильмдер түсірілді. Бүтіндей алты жыл ішінде «Катарсис» студиясында 50 толық метражды көркемсуретті картиналар түсіріліп, солардың көптегені халықаралық кинофестивальдардың жүлдегерлері болды. «катарсистің» жұмысты тыңғылықты жасауы басқада студияға әсер етпей қоймады. Солардың бірі «XXL» студ. А.Қарпықов «Воздушный подцелуй» фильмін, Қ.Салықов «Скиф» к/ст. ашып («Любовники декабря») «Желтоқсан ашыналары» фильмін түсірді. Біраз уақыт өткеннен кейін И.Вовнянко «Кадр», Ғазиза Шалдыбаева «Қадам», Саина Ғабдуллина «Кино», Е.Абдрахманов «Ер», Е.Болысбаев «Маржан», А.Ашимов «Елім-ай», тіпті Шымкентте «Шымкино» студиялары ашылды. Бұл тәуелсіз киностудиялар бір-екі картиналарды шығарудың өндірісі ғана болды, өйткені олардың фильмдері бір-екі копиядан болғанымен де прокаттары болмады.

1990 жылдары қоғамдық өзгерістер мен экономикалық дағдарыстер кедергісіне қарамастан Қазақстан кино өнері сексеніші-тоқсаныншы жылдар аралығында шығармашылық ізденіс және экрандық сипаттау мүмкіндіктерінің ерекшеліктері тұрғысынан жаңа сатыға, әлемдік кино өнері деңгейіне көтеріле алады. Бұл кезең адамның ішкі жан-дүниесіне, жеке кейіпкер характерінің сомдалу ерекшеліктеріне орай тереңірек зерттеуге ұмтылған күрделі туындылар. Осы жылдар тұсын ұлттық киномыздың әлемдік деңгейіне көтерілген аса бір нәтижелі кезең ретінде жоғары бағалауға болады. Бұл жылдары «Жаңа толқын» режиссерларының фильмдерінің көпшілігі әлемдік деңгейдегі дәрежелі халықаралық кинофорумдар мен фестивальдарға қатыса бастады. Әлем біздің киномызды тани бастады. Көріп қана қоймай, аса жоғары бағалап, қазақ киносының өзіндік ерекшеліктерін мойындай бастады.

1993 жылы – Страсбург қаласында өткен халықаралық кинофестивальда «Қайрат» фильмі (реж. Д.Өмірбаев) Бас жүлдені иеленді; Локарно (Швейцария) кинофестивалінде «Азғын үштіктің азабы» фильмі (реж.Е.Шынарбаев) Золотой леопард» жүлдесін иеленді; Турин (Италия) кинофестивалінде «Соңғы ызғар» (реж.Б.Қалымбетов) фильмі Фипресси сыйлығын жеңіп алды және режиссурадағы үздік табысы үшін деген жүлдені иеленді.; Испания Халықаралық кинофестивалінде «Әзәзіл қыз» фильмі (реж.Ә.Қарақұлов) режиссура үшін сыйлығын алды. Әмір Қарақұловтың «Көгершін қоңыраушысы» фильмі бір ғана 1993 жыл ішінде Нант (Франция) фестивалінде, Роттердам (Голландия) және Геттербург (Швеция) фестивальдеріне қатысты, ал 1994 жылы бұл фильм Таорамин (Италия) кинофестивалінде Бас жүлдені иеленді. 1994 жылы тағы бірнеше фильм аса жоғары бағаланып, Халықаралық кинофестивальдерде бас жүлделерді иеленді («Стрейнджер» - реж.Тимур Сүлейменов, Гран-при, Братислава кинофестивалі; «Көзімнің қарасы» - реж. Сатыбалды Нарымбетов, авторлық кино бағдарламасының арнайы сыйлығы, Анже кинофестивалі, Франция; «Әлсіз жүрек» - реж. Ермек Шынарбаев, Сан-Себастьян Халықаралық Қазылар алқасының арнайы сыйлығы, Испания). 1990 жылдары қазақ киносында өрлеу жылдары мен тоқырау алмасып отырғаны белгілі. Бұл кездегі фильмдер авторлық фильмдер болды, бұл шығып жатқан фильмдердің біразы мемлекет тарапынан да қосымша қаржыландырылып отырды. Мемлекет және жеке киностудиялар бірлестігі нәтижесінде 1990 жылы 14 фильмнің екеуі мемлекет тарапынан, 1991 жылы 18 көркемсуретті фильм болса мемлекеттік және жеке киностудиялар тепе-тең болды. 1992 жылы 12 толықметражды көркемсуретті фильмдер ішінде таға екеуі мемлекеттен, ал 1993 жылы шыққан 15 фильмнің 13-і жеке киностудиялар тарапынан қаржыландырылды. Осындай құбылыстардан қазақ киносында тоқсаныңшы жылдары біраз дағдарыс болды. Бұл кезеңде жеке кинобірлестіктің өндірістік жағынан әсіз бола берді, сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілген тапсырыс бойынша қойылған биографиялық фильмдердің сапалық көрсеткіші бәз болмады.

1995 жылы бар-жоғы 5 көркемсуретті фильм экранға шықты: «Абай» -реж.А.Әмірқұлов, «Аллажар»-реж. Қ.Әбенов, «кардиограмма»-реж. Д.Өмірбаев, «Аңшы жанұясы»-реж.Шапиға Мусина, «Мерген Хомучи»-реж. В.Пусырманов. Бұдан былайда тоқырау жалғаса берді. 1996 жылы экранға төрт қана фильм шықты.: «Соңғы каникул» - реж.Ә.Қарақұлов, «Бәрінен де нәзік жан» - реж.А.Қарпықов, «Шанхай» - реж. А.Баранов, «Жамбылдың жастық шағы» - реж. Қ.Қасымбеков. 1997 жылы «Қазақфильмнің» күші екі-ақ фильмге жетті: «Ақсуат» – реж. С.Апрымов, «Заман-ай» - реж. Б.Шарип. 1998 жылы көркемсуретті фильмдер қайта қарқын ала бастады, өйткені осы жылы бес фильм түсірілді. «Дар богов» - реж. В.Чугунов, «Киллер» - реж.Д.Өмірбаев, «ОМПА» - реж. С.Нарымбетов, «Тауқымет» - реж. Ұ.Қолдауова, «1997» - реж. А.Әмірқұлов. 1999-2000 жылдар орта буын режиссерлары үшін де, «жаңа толқын» режисерлері үшін де табысты жылдар болды: «Десант» реж. Л.Аранышева, «Қазақи оқиға» реж. Д.Манабаев, «Куклы колдуна» реж. А.Сулеева, «Өлімнен кейінгі жаза» реж. Т.Теменов, «Күлпаш» реж. К.Дүйсенбаев, «Үш ағайынды» реж. С.Апрымов.

1996 жылы «Сорос-Қазақстан» фондының жәрдем беруімен «Кино с тремя «Н» - независимое, неизвестное, неформальное кино Казахстана» деген акция жүргізді. Ол Алматыдағы киноүйінде әрбір сенбі күні кешкісін тәуелсіз киностудияның түсірген фильмдері көрсетілді. Көрсетілімнен кейін көрермендермен бірге фильмге талқылау әңгімелер өткізіліп отырды.

Заман талабымен келіп жеткен қоғамдағы көп өзгерістердің сипаты ұлттық кино өндірісінің даму деңгейіне де өз әсерін тигізбей қоймады. 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап басталған тоқырау кезеңі әлі жалғасып жатқан тұста «Қазахфильм» киностудиясының өндірістік құрылымында да біраз өзгерістер байқалды. 1997 жылы «Қазахфильм» киностудиясы қазақ кинофабрикасы деп атын өзгертті. Алайда, бұл әрекет тұғырыққа тірелген ұлттық кино өндірісіміздің жағдайын жеңілдете қоймады. Бір кезде өндірістік қуаты одақтас республикалар студиясының ішінде ең озықтар қатарында саналған «Қазақфильм» киностудиясының түсіру павильиондары мен өндірістік және өңдеу цехтары 1995-2002 жылдар аралығында мүлдем істен шығып, жарық, жылу беру тоқталды, киностудия қызметкерлері басқа жақтан жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Ал, осы тұста, керісінше, кинопрокат жүйесінде көп өзгерістер болып жатты. Қазақстанның Алматы, Астана сияқты ірі-ірі қалалары мен басқа да облыстық орталықтарындағы кинотеатрлар біраз жылғы тоқырау жағдайларынан бас көтеріп, қайта жандана бастады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 910 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...