Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. Қазақ киносы тарихындағы «Жаңа толқын» кезеңі (1989)



1. Қазақ киносы тарихындағы «Жаңа толқын» кезеңі (1989).

2. «Қазақфильм» киностудиясының қызметі.

3. Жастар мен жеткіншектер тақырыбындағы фильмдер.

4. Тарихи шындық және экология тақырыбындағы фильмдер.

Қазақ киносы тарихында «жаңа толқын» деп айдарланған тұтас бір белестің жетістігі жетпіс жыл бойы сақталған қоғамдағы қалыпты көзқарасты бұзып-жарып өткендігінде болса, сол «қазығынан қозғалған» әлеуметті маңызды тақырыптардың бірқатары соңғы онжылдық кезең киношығармаларында әр режиссердің өзіне ғана тән суреттеу ерекшелігі тұрғысынан да алуан түрлі бағытта жан-жақты ашылуы мүмкіндіктеріне ие болды. Әсіресе, басты назар аударатын сұрақтар қатарына жаңа заман тақырыбы мен замандас бейнесі. 1989 жылы қазақ киносына «жаңа толқын» деп аталатын анықтама келді. Қазақ киносының «жаңа толқын» режиссурасының қалыптасуының бастапқы кезеңінде басты тақырыптардың бірі қоғамдағы өзгерістерге жастардың көзқарасы мен олардың осы өзгерістерді қабылдау ерекшелігі болды. «Жаңа толқын» режиссерлары кинематографиялық процесте батыл қимылмен жұмыс жасады. Р.Нұғманов «Игла», А.Қарпықов «Сновидение в дороге» - жұмыс үстіндегі аты «Влюбленная рыбка» түсірілді. Ал А.Әмірқұлов «Отырардың күйреуі» картинасына кинопробы өткізіп жатты, Д.Өмірбаев өзінің бірінші қысқаметражды «Шілде» фильмін түсіріп бітірген. Ә.Қарақұлов «Листья» қысқаметражды фильмін өндіріске жіберді. С.Апрымов «Соңғы аялдама» фильмін түсірді. 1970 жылдың аяғы 1980 жылдың басында қазақстан киносында режиссура жағынан біраз саябырлық танытылды. Осы уақытта театрлардан, телевизиядан және басқа да елдерден (Россия, өзбекстан, Грузия т.б.) режиссерлар шақырылып, өзіміздің тақырыптарда фильм түсіру қолға алынды. Солардың ішінде С.Соловьевта болды, ол Қазақстанда «Чужая, белая и рябой» фильмін түсірді. «Жаңа толқынның» келуі Сергей Соловьевтың шеберханасында оқығандықтан емес, қазақтың жаңа киносының пайда болуын сезіну. Осы орайда Гулнара Әбекееваның айтқаны: «Кинематографияда неліктен «жаңа толқын» пайда болды? Мүмкік бір уақытта жаңа ұрпақ (жаңа ағым) – киноға бірегей ойлаушы, бірегей көзқарастың адамдары келуінен болар, сондақтан да олар барлық айналасын өзгертуді бастайды. (сондақтан да олар барлық жан-жағында болып жатқан жағдайды басқаға алмастыра бастайды)». 1.

Қазақ киносына бір топ адамдар жәй келген жоқ, олар бірегей ойлаушы (единомышленик) ресей кинорежиссері С.Соловьевтың шеберханасын бітірушілер Рашид Нұғманов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлов, Серік Апрымов, Даріжан Өмірбаев, Әмір Қарақұловтар болды.

«Балкон» ретро (1988, сц.авт. Ш.Құсаинов, реж.Қ.Салықов) фильм Алматыдағы 1950 жылдардың соңы, 60 жылдың басында болған оқиғаны суреттейді. Фильм Олжас Сүлейменовтың поэмасының желісі бойынша қойылған. Фильмде Айдар есімді жасөспірім жеткіншектің қалыптасу тарихы және оның ауладағы достары туралы айтылады. Ол уақыт әліде сталиндік репрессияның болып тұрған кезі. Режиссерға фильмде тарихты әңгімелеуден бұрын, сол кездегі уақыт атмосферасын айту маңызды болды. Фильмде режиссерлік тапқырлық пен маңызды эстетикалық бейнелеу бар. Бұл жылдары әлі халықаралық кинофестивальға жол ашылмаған,бірақ 1995 жылы «Балкон» Брадншвейкдағы фестивальға қазақ киносының ретроспективалық бағдарламасы үшін алынды.

1988 жылы «Новый фильм» журналына берген Рашид Нұғманов өз сұхбатында былай дейді. «ВГИК-та үш жыл оқу барысында «Кополь Брода» сценарийімен жұмыс жасадым (басты роль В.Цой үшін болды). Бұл 1950 жылдың соңы 60 жылдың басындағы Алматы «Бродвейлердің стилі» туралы тарих болатын. Содан «Қазахфильмде» Бродвейлер туралы «Балкон» фильмі өндіріске жіберілетінің білгенде менде өте қатты таң қалушылық болды. Енді бұл жазылған сценарийді шкафтың полкасына салып тастаудан басқа ешқандай амал қалмады» - дейді. 1. Бірақ дегенмен де Виктор Цой экранға шықты. Режиссер Рашид Нұғманов «Игла» фильмінің жартысы түсіріліп қойғанда қолына алды. Неге? Өйткені бұл фильмнің режиссері мен сценарий авторының келіспеушілік қайшылықтарынан кейін сценарлық редакция коллегалары режиссерді ауыстыру керек деген шешім қабылдады. Сөйтіп Р.Нұғымановқа тапсырылды, бірақ Р.Нұғымановтың қойған шарты болды. Фильм басынан бастап түсіріледі және басты рольде В.Цой ойнайды деген. «Игла» картинасы жайлы көп жазылды.

Бұл жылдары ірі маштабта түсірілген Б.Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмі режиссердің ғана емес, студия жеңісі болды. Осы жылы «Қазахфильм» киностудия редакторы Мұрат Әуезов фильм туралы пікірінде «Фильмде 13 – ғасырдағы оқиға айтылса да жаңа басқа бір тарихи көзқарасымен және көрерменге жақсы таныс емес дәуірдің ұлы моголо тарихын көреміз»-дейді. 3.

Сонымен бірге Е.Шынарбаев «Кек» фильмін, А.Барановтың «Женщина дня», А.Айтуаровтың «Прикосновение», Т.Теменовтың «Адамдар арасындағы бөлтірік» т.б. фильмдер қойылды. Каннда Қазақстаннан бірінші фильм болып «Кек» (реж.Ермек Шынарбаев) фильмі «Особый взгляд» бағдарламасында көрсетілді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1108 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...