Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көрсетілім семинар



1. «Алып туралы ән» (1942ж., реж. В.Строева) фрагмент

2. «Ақ гүл» (1943ж., реж.Е.Арон) фрагмент

Пәннің аты: «Қазақ киносының тарихы»

Сабақ тақырыбы: Алматы дербес киностудиясы 1945ж.

1944 жылы ЦОКС таратылғаннан кейін Қазақстандықтар өздерінің ткхникалық базалары және жеке мамандарымен өндірістік-шығармашылық Алматы көркемсуретті фильмдер (Алматы дербес киностудиясы, 1984 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазахфильм» киностудиясы аталды) киностудиясы болып қалды.

Сонымен, Алматы дербес киностудиясы 1944 жылы құрылады да Қазақстанның дербес құрылған киностудиясында «Абай әндері» (1945ж., сцен.авторлары М.Әуезов пен Г.Рошаль; реж Г.Рошаль) фильмі түсіріледі. «Абай әндері» фильмі қазақ халқының типтік бейнелерін, қазақ өмірін, олырдың тұрмысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Картинада қазақ киносының көптеген шығармашылық жұмысшылары ат салысты. Бұл фильм киностудияның ең алғашқы туындысы болып есептеледі. Фильмде Абай сында ұлы ақын өмірінің соңғы он жылы қамтылған. Жеке кейіпкердің бейнесін айқынырақ сипаттауда ақын шығармашылығының шарықтау тұсы және сол кезеңге сәйкес келіп тұрған ақынның талантты шәкіртерінің өмірі мен олардың шығармашылықтары қамтылады. Абай шығармашылығы және ақын айналасындағы жас ақындардың оған деген көзқарастары күрделі жағынан қамтылған. Фильмнің авторлары ұлы ақынның бейнесін, оның өмірі мен қайраткерлігінің нақты деректер, фактілер мен оқиғалар жолымен тікелей суреттемейді, бұл картинада ғашықтар Айдар мен Ажардың сүйіспеншілігі, олардың сезімі мен іс-әрекетіне үлкен суреткер ретінде Абайдың қарым-қатынасын экранда көрсету.

Халықтың тұрмысы, тап арасындағы тартыс, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздік сияқты қоғамдағы келеңсіз оқиғалар Абай трагедиясының баста себептері ретінде беріледі. Оқиғаның өрбуі Абай мен жесірін даулап, қуып келген Нарымбет арасындағы сөз тартысымен беріледі. Айдарға тартылған айыппен би өкімінде Абайдың Айдар мен Ажарға араша болуы. Абай жастарды ақтап алды, бірақ онымен оқиға шешілмейді, Шарип пен Айдар арақатынасымен шиелінісе түседі. Актер Қалибек Қуанышбаев Абай бейнесін сомдауда үлкен талант иесі. Трактовкада Қуанышбаевтың-Абайдың әрбір қозғалысы өте сенімді, салмақты, әрбір кадрда поэтикалық терең сезім, шығармашылық шың сезіліп тұрады. Шакен Айманов талантты ақын, бірақ кекшіл, ашушаң, өзімшілдік Шарип ролін өте шынайы сомдаған. Шиелініс көзқарасы мен ызаға булыққан Аймановтың-Шәріптің бейнесін көреміз. Ондағы ала халат пен Абайдың ақ шапанымен констрат өте нанымды шыққан. Шарип Абайды өте жақсы көреді, сөйте тұра оның Айдардан қызғанғандықтан оған деген өшпенділігі ақыр соңында қайғыға апарады. Ең соңғы кадрда Шаріптің Абайдың теріс батасынан кейінгі оның жалғыз қалған бейшара түрі Айманов сомдауында шебер бейнелеген. Серке Қожамқұловта өз ролінің шебері. Ол Абайдың досы Беймагамбет бенесі халықтың дана және табиғатынан әзілқой қарт. Қожамқұлов өзінің әрбір роліндегі қымыл-қозғалыс, іс-әрекеттері, өте мәнерлі беріледі. Қ.Сиранов айтады – «Ажар бейнесі сценарийде толық ашылмаған, бірақ Амина Өмірзақованың талантымен Ажар бейнесі фильмде өз шешімін тапқан. Соңғы кадрда Айдар қайтыс болған соң Ажардың үнсіз қолынан білезік, сырғаларын шешуіп жатып, оның көздеріндегі мөлдіреген жасы, бір нүктеге қарап қалған отырысы, ішкі күйзеліс-мұңы өте мәнерлі шыққан». Сондай-ақ Қапан Бадыров (Айдар), Елубай Өмірзақов (Ерден), М.Сыздықов (Нарымбет) ролдері өте сәтті шыққан.

Фильмдегі табиғатты оператор Г.Пышкова Абай көз-қарасымен бейнелейді. Ең соңғы кадрда Абайдың назданған көңілі, оның табиғатпен мұңдасу бәрі өз шегімен мәнерлі берілген. Композицияда және кадрдың тональдық шешімінде кейіпкердің ішкі жан дүниесі ашылады.

Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ киносын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: бірінші кезең – 1946-1952 жылдар аралығындағы көркем фильмдер өндірісі, екінші кезең – 1954-60 жылдар аралығындағы кино өндірісі.

Бірінші кезең – киноөндірісінің күрт төмендеп кетуімен сипатталады. Бұл жылдары бар жоғы екі көркемсуретті фильмдер түсіріледі. «Абай әндері» фильмінен кейін араға үш жыл салып 1948 жылы – «Алтын мүйіз» (реж. Е.Арон) фильмі шықты. Фильмде мал шарушылығы саласында ізденіп жатқан ғалымдар өмірінен алынған. Басты рольдерде Шакен Айманов, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуашыншбаевтар. 1952 жылы «Жамбыл» (сц. авторлары Н.Погодин, Ә.Тәжібаев, реж.Е.Дзиган) фильмі түсірілді. Фильмде Жамбыл ақынның ұзақ өмір жолдындағы басты кезеңдері оның шығармашылығымен тұтастықта қарастырылған. Өмірнің биографиялық елеулі кезеңі – бұл қазақ халқының тарихы. Сондықтан да фильм авторларының алдында өте күрделі міндет - ол бір фильм ішіне Жамбылдың және халықтың өмір тарихын сидыру болды. Кейіпкердің өмір тарихы композициялық жағынан картинада екі бөлімге бөлінді. Біріншісі – Революцияға дейінгі Қазақстандағы ақын өмірі, екінші бөлім – Кеңестік үкіметтің орнауынан кейінгі өмірін қамтиды. Фильмде Жамбылдың мінезі ақын өзінің бірінші шағармашылық қадамын халық даналығының өткірлігімен байды өлеңдерімен күлдіріп, көңіл көтеруі драмалық қарама-қайшылықтармен шешілген. Қарапйым халықтың мұңының жырлаушы Жамбыл Қадырбайдың көңілін көтеріп ән салуға көңіліде болмайды, бірақ сүйікті қызы Салтанат тұр. Бүгінгі поединка олардың тағдырын шешеді. Қадырбай Жамбылға итің мақтап өлең айтуын сұрайды. Жас ақын не айтатының білід. Сөйтіп итің мақтап өзін жерге қаратып кетеді. Айманов бұл жерде байға қатты айтумен өз кейіпкерінің революциялық сенімділігін мәлімдемейді, оның қалыптасу шартын көрсетеді. Осыдан бастап фильмде бұл сенімділік қатая түседі де оның өмірлік және шығармашылық позициясында ең басты болады.

Сонда-ақ фильмде патша өкіметіне және феодалдық-байларға қарсы күрестегі орыс және қазақтардың бірігумен достық тақырыбы өте қызықты шешімін тапқан. Бұл тақырыпты фильмдегі тағы бір эпизодтардан көруімізге болады. Жамбылды қамауға алғанда оны күзетіп отырған солдат өте көңілсіз ән айтып отырады. Солдаттың өзі қазақ жерінде, ал оның ойының бәрі алыстағы отбасы мен отаныңда. Бұл ойды ақын өте бір нәзік сезіммен түсінеді. Ол өз домбырасымен солдат айтып отырған әнді орындайды. Солдат музыканың мелодиясын біледі. Міне, осында көрністер фильмде өзінің ерекше шешімін тапқан.

Соғыстағы баласы Адайдың қаза тапқаның естігендегі ақынның қайғысын, ішкі-жан тебіренісін режиссер мен оператор табиғаттың аумалы-төкпелі күйімен береді.

«Жамбылдың бейнесін сомдауда актер Айманов рольдің материалымен қана шектелмеді. Ол ақынның барлық шығармашылығымен танысты, оның биографиясын түп-тамырына дейін қортындылады. Актер шынайы тарихи тұлғаны сомдауда ең бастысы сыртқы, порттретті үйлесімдік емес, оның өзінің рухани бейнелік ұқсастығы болу керек деген дұрыс мәселе көтерді»,- дейді Роза Абдулахатова. 2.

«Жамбыл» арқылы жас ұлттық кинематография тағыда үлкен маштабты фильм түсіре алатының көрсетті.

Осы кезеңде «Жамбыл» фильмінен кейін қазақ киносында біраз үзіліс болғанмен оның есесіне дубляж жұмысы жанданды. Қ.Әбусеитов, Д.Тналина, Т.Масановалар аударма жұмысында алғашқы қадамдарын бастады. Қазақстан деректі киносының негізін қалаушылардың бірі Ораз Әбішев 1945 жылы алғашқы «Біздің колхоз Қызыл Ту» деректі фильмін түсіреді. Сөйтіп, деректі фильмдер өндірісі жолға қойылады.

Екінші кезеңде, 1954 жылдан киностудия жұмысында елеулі өзгерістер бола бастайды, кино өндірісі қызметі жандана түседі. Көркемсуретті фильмдердің саны екі-үш есе артады. Кинематографистер үшін басты мақсат - экранда жағымды кейіпкердің бейнесін ашуда болады. Алайда, кейіпкердің бітім-болмысы сценарий негізінде алынған басты конфликтіден алшақ қалып отырды. Нәтижесінде жағымды кейіпкердің бейнесі жекеленген қасиеттері мен мінез-құлқының қосындысында бөлшектеніп кетеді. Ол фильмдер «Мазасыз көктем» (1956, реж. А.Медведкин), «Ертістің асау жағалауында» (1959, реж.Е.Арон) т.б.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 515 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...