Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. Қазақ киносы тарихында эпостық шығарманың экрандалуы



1. Қазақ киносы тарихында эпостық шығарманың экрандалуы.

2. Әдебиеттен экрандалған фильмдер.

3. М.Әуезов шығармаларының экрандалуы.

Әдеби шығарманың алғашқы экранизациясы, оның ішінде фольклор жанрының экрандық бастамасы Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драмасы бойынша «Махаббат туралы аңыз» (1953ж., реж.Ш.Айманов) фильмі болды. Автордың халық эпосының желісімен жазған, қазақ драматургиясындағы ең үздік пьесаларының бірі болып келеді. Оның нық және қайратты мінездері, терең сезім мен кейіпкерлер құштарлығы – бұның барлығы, әрине нағыз терең-ойлы фильм жасауға мүмкіндік берді. Эпостың және пьесаның лейтмотиві – мәңгілік тақырып: махабат мұңы мен бақыттылықты береді.

Бұдан кейін Ш.Айманов тағыда фольклорда аңыз бойынша трагикомедиялық жанрда «Алдар көсе» (сц.авторы Лев Варшавский Ш.Аймановтың қатысуымен) фильмін қойды. Алдар көсе бұл адамның есімі емес, лақап атауы. Бұл адамды шын мәнінде қалай атады, ол өмірде болды ма? Ешкімде дәл басып айта алмайды. Әрбір қазақ ауылында, жайлаудағы әрбір киіз үйде Алдар-көсе жайында бейне бір жарқын танысындай әңгіме айтады. Ол туралы қалай айтса да, бәрі оның кедей және қайырымды болғанын, халық қанаушыларын жек көргенін, әділетсіздікпен күресіп, жәбір көргендерге көмектескенін бір кісідей растайды...

Жел қуған қурайдай, өмір бойы қазақтың кең даласын кезіп жүрген Алдар-көсе бірде сұлу Қарашашты кезіктіріп, оған ғашық болып қалады. Бірақ қыз батыл да шыншыл, қайырымды кедей Тәкенді жақсы көреді. «Маған өмірде бақытты болуды жазбасада Қарашаш пен оның сүйіктісі бақытты болуы үшін қолымнан келгенің бәрін жасаймын»-деп, шешеді Алдар-көсе.

«Қыз Жібек» (1970ж., реж. С.Ходжиков) өте кең танымал қазақ эпосының желісі бойынша Ғ.Мүсіреповпен жазылған сценарийдің екі варианты болды. Біріншісі 1961 жылы, ал екіншісі 1967 жылы жазылды. Сценарийдің екінші варианты бірінші вариантына қарағанда оқиғаны кеңірек қамтиды. Жібек пен Төлегеннің махаббаты мен қаза болу тарихы өткен ғасырдағы ірі әлеуметтік құбылыстардың аясында өтеді. Лирикалық поэма халықтың бақытсыздығы мен тағдыры туралы эпикалық әңгімеге айналады.

«О чем будет наш фильм? Сюжет казалось бы, традиционный. И героями движет любовь – на этом вечном чувстве держится эпос. Но фильм не только о любви двух молодых сердец. Это философское раздумье о формировании нации, о судьбе народа, его горестях и чаяниях, его вековой мечте о свободе...»,-фильм қойылған «Қыз Жібек» сценарийінің философиялық және көркемдігі туралы Ғ.Мүсіреповтың өзіндік ой-кредосын осылай айтқан еді. 1.

Фильмде ата-бабамыздың сол дәуірдегі қайғы-қасіреті мен асыл арманың, батыл әрекеті мен қажырлы күресін, эстетикалық биік талғамы мен талабын сипаттайтын тарихын суреттейді. Халықтың асыл туындысын бүгінгі заманның маңызды да әсерлі өнері – кино тіліне аударып, жандандыруы, қазақтардың ертедегі ұлттық бейнесін бүкіл әлемге танытатындай етіп экранда көрсетті. Белгілі драматург Ғ.Мүсіреповтың дастаны сценарийде жинақталып, кейіпкерлердің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері, көздеген мақсаттары айқындала түскен. Бұған жазушының эпосы, пьеса либеретто жазуындағы тәжірибелері көмек болған. Дегенмен де фильм жасау ауыртпалығы көбінесе режиссер мен актерлерге, операторлар мен суретшілерге, композитор мен кино өндірісшілеріне түсетіні мәлім. Олай дейтініміз – кино майталмандары әдеби сценарийде белгіленген шығармашылық бағыттың нақты кинематографиялық шешімдерін тауып, эпикалық ауыз әдебиет шығармасын киноның ерекшелітері мен мүмкіндіктеріне бейімдей келіп, экран туындысы етіп жарыққа шығарды.

Фильмде Төлеген мен Жібектің кіршіксіз мөлдір махаббаты, екі араға әзәзілдей кіріп кеткен Бекежанның сүйіспеншілік арбаған арам әрекеті. Жалғыз ұлының қасиетті сезімін таптаған мейірімсіз әке Базарбай қатігездігі фильмде аса әсерлі көрсетілген. Сонымен қатар фильмде Қыз Жібек заманының әлуемттік сипаты да нанымдды баяндалады. Қазақтардың сол тұстағы жікке бөлінуі, ру араздығы және қауымның берекесіздігін жаулардың пайдаланып, халыққа көп азап шектіргені экраннан нанымды көрініс табады. Сырлыбай мен Базарбай бейнелерінің бір-біріне қарама-қарсы көрсетілуіне фильмде көп мән берілген. Жібектің әкесі Сырлыбай халық қамын ойлайтын, адамдардың тату-тәтті болуын көздейтін адал ниетті адам. Ал, Төлегеннің әкесі Базарбай жеке өз басының қамын ойлаған, руын шыбықтап бағындырған үстемшіл, дойыр мінезді адам. Жібек пен Төлеген махаббатының қайғыға ұшырауы да әке кесірі, бұл әрине, фильмнің көрермендерді сендірері тұжырымы болып келеді. Фильмнің көркем бейнелеу шешімдеріне зер салсақ, көптеген сәттілікті аңғарамыз. Бұл салада оператор Асхат Ашрапов пен суретші Гульфайрус Исмаилова айтарлықтай еңбек сіңірді. Оператордың мәнерлі шеберлігімен әсем дала көріністерін, сәулелі, сымбатты бейнелей алғаны-ақ дәлелдейді. Фильмдегі әсерлі әдемі көрністер фильмнің шығармашылық басқа компонентерін солғындатпай, қайта солармен үндесетік тапқан. А.Ашрапов «Қыз Жібек» фильмімен қатарласа «Атаманның ақыры» фильмінде түсірді. Бұл арада фильмдердің тақырыбы да, жанр сипаты да, әрекет дәуірі де әр қилы. Міне, оператор А.Ашрапов екі фильмнің әрқайсысына сыйымды ерекше бейнелеу шешімдерін сәтті таба білген. Грузия астанасы Тибилиси қаласында болып өткен Бүкілодақтық V кинофестивальде Г.Исмаилованың «Қыз Жібек» фильміндегі жұмысы ерекше аталып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Фильмдегі декорациялыр, сауыт-саймандар, тігілген киімдер сол көне заманның дерегі ретінде қызмет етеді. Сырлыбай мен Базарбайдың киіну талғамына зер салсақ, мінез-құлық, тәлім-тәрбиесі қарама-қайшы екенін бірден аңғарамыз. Сондай-ақ музыка фильмді тартымды ете түсетінің айтсақ композитор Н.Тілендиев қазақ халқының музыкалық, әншілік қасиетін барынша әсерлі жеткізген. «Қыз Жібек» фильмінде халық әндері мен күйлерінің оркестрмен қатар дара домбыраның үні, фильмнің ойлы көрністерін аса байыта, күшейте түскен.

«Қыз Жібек» фильмі ұлттық әдебиетіміздің таңдап аларлық туындыларының бірі болса, Сұлтан Қоджыков өзінің фильмі арқылы оның өрісін кеңейткен де көрермен халықтың рухани талабына сәйкес жаңа қырынан тірілткен режиссер болды. Ол өзінің Қыз Жібегінде философиялық, әлеуметтік, поэтикалық мазмұнын ашумен қатар, қазақтың этникалық салт-дәстүрін еркін көрсетіп ғасыр фильмін жасады. С.Ходжыков актердың сырт пішіні мен ішкі жан-дүниесін қайыстыра отырып, образға терең бойлата білген. ҚР-ның халық артисі Кәукен Кенжетаев режиссер туралы былай дейді: «Сұлтан өте білімді, ұлтының салт-дәстүрін, жаралғыларын жақсы білетін. Киноның мәнді, ғұмырлы болуының себебі осында жатса керек. Ол актерлерге ерік беретін, олармен ақылдасатын. Өз ойын білдіріп, актерлерге бағыт сілтейтін де әрі қарайға шаруаны актер қиялының еркіне қалдыратын. Бейнені күшейтіп, халыққа түсінікті тұлға тудыратын». 2.

Әдебиттен экрандалған фильмдер. Сексенінші жылдарда әдеби шығармалардан экрнадау мәселелері төңірегенді «Қазақхфильм» сценарий бөлімінде көптеген ұсыныстар мен талдаулар болды. Бұнда жаңа заман тақырыбындағы әдебиеттен экрандаудан бұрын тарихи тақырыпта экрандауға бет бұрды. Сөйтіп, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Шерхан Нұртаза, Ілияс Есенберлин, Әнуар Әлімжановтың әдеби шығармалары бойынша фильмдер түсірілді. Әдеби шығармаларды эукрандауда ең сәтті шыққан туындылар режиссер Әзербайжан Мәмбетовтың фильмдері болды. Әсіресе, қазақ киносының алтын қорына енген «Қан мен тер» (1978ж.) фильмінің режиссері Әзербайжан Мәмбетов. Фильмнің сцен. авторы А.Михалков-Кончаловский, операторы А.Ашрапов, суретшісі Ы.Қарсақбаев, музыкасын жазған Ғ.Жұбанова болды. Киноэпопея мәнерінде түсірілген «Қан мен тер» фильмінің мазмұныңа арқау болған оқиға Арал теңізі жағалауында балықшылар ауылында революциямен келген жаңалықтар және осының нәтижесінде шиеленіскен тап аралық тартыс төңірегінде өрбітіледі. Фильмдегі үш басты кейіпкер кедей жігіт Еламан, үстем тап өкілі Тіңірберген, екуінің арасындағы қыз Ақбала. Оқиға осы үш кейіпкердің төңірегінде өрби отырып, өзіндік драматургиялық шешімін табады. Баты рольдерде: Еламан – Ануар Молдабеков, Тәңірберген – Тұңғышбай Жаманқұлов, Ақбала – Г.Шойбекова. Фильм жоғары бағаланды. «Қан мен тер» фильмі 1979 жылы Ашхабад қаласында (Түркмения) өткен XII Бүкілодақтық кинофестивальда тарихи-революциялық тақырыптағы ең үздік номинациясы бойынша бірінші жүлдені жеңіп алды.

1982 жылы экранға жазушы Әнуар Әлімжановтың тарихи романының желісімен Әзербайжан Мәмбетовтың «Жаушы» (сц.авторы О.Осетинский, опер. Ә.Қастеев, музыкасы Ғ.Жұбанова) фильмі шығады.

Фильм оқиғасында XVI-XVII – ғасырдағы Жоңғар хандығының құрылып, бірте-бірте үстемдік ала бастаған кезі, сондай-ақ Ертіс, Жетісу өңіріңдегі қазақ жерлерін басып алу қаупі арта түседі. Цинь империясының ығыстырылуынан шығу жолдарын іздеген жоңғарлар Қазақ қауымдастығының арасындағы пайда болған алауыздықты пайланануға тырысады. Жергілікті қазақтар өз жайылымдарынан оңтүстік және батыс бағытқа қарай ығыстырыла бастайды. Экономикалық және саяси жағдайда пайда болған өзара тартыстар қазақ халқының әлсірей бастауына себеп болды. Көптеген қазақтар Орта Азияға қашты, біразы Ертіс бойына қоныстанды. Малдарынан айырылу Ұлы және Орта жүздегі шаруашылық күйзелісінің асқынып кетуіне әкеп соқты. Міне, осындай қиыншылықтардан шығудың жолы Ресеймен келісім шартқа отыру. Қазақстанның Рессейге қосылу мүмкіндіктері қарастырылады. 1731 жылы қазан айында келісім-шартқа қол қойылады. Фильм осы оқиға жайында сипатталады. Фильмде басты рольдерде: Ж.Құдайбергенов, Э.Исмаилова, А.Әшімов, Т.Жамақұлов, К.Қожабеков. «Жаушы» фильмі 1981 жылы Вильнюс қаласында (Литва) өткен XIV- Халықаралық кинофестивальда халықтар арасындағы достық тақырыбын ашқаны үшін дипломмен марапатталады.

М.Симошенконың «Емшан» әдеби шығармасы желісімен «Сұлтан Бейбарыс» фильмін 1989 жылы режиссер Болат Мансуров түсірді. 1989 жылы ірі маштабта түсірілген Б.Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмі режиссердің ғана емес, студия жеңісі болды. Осы жылы «Қазахфильм» киностудия редакторы Мұрат Әуезов фильм туралы пікірінде «Фильмде XIII –ғасырдағы оқиға айтылса да жаңа бір тарихи көзқарасты және көрерменге жақсы таныс емес дәуірдің ұлы моголо тарихын көреміз»-дейді. 3.

Фильм оқиғасында бала күнен алыс Египетке құлдыққа сатылып кеткен жас «қыпшақ», есейе келе айбарлы Сұлтан Бейбарысқа (Нұрмұқан Жантөрин) айналады. Ұзақ өмірі жолдарынан өткен ол биліктің шыныңа көтеріледі. Сұлтан Бейбарыс өмір бойы өз елін-жерін аңсайды. Фильм соңында ол өзінің туған жеріне оралады. Басты ролді сомдағаны үшін Нұрмұқан Жантөрин Калинин қаласында (Россия) өткен Екінші Бүкілодақтық «Созвездие-90» кинофестивалінде бас жүлдемен марапатталды.

Әдеби шығармадан экрандауда режиссер Болат Омаровтың жазушы Смағұл Елубаевтың романының желісі бойынша «Ай астындағы үй» фильмін түсірді. Әдебиет шығармасы бойынша заман тақырыбына қойылған бұл фильмнің оқиғасы жас жігіттің өз отбасымен малшы болуға келегені туралы айтылады. Қала тіршілігіне үйреніп қалған әйелінің қарсылығына қарамай Дәуіт жұмыс жасай келе ауыл, аудандардағы әділетсіздік, парақорлық, маңсапқорлық, шенеуліктің жүгенсіздігіне тап болады. Фильм барысында жас жігіт мұңын басын ашады. Бас кейіпкердің жанының тазалығын осындай ортада сақтай отырытып, режиссер әлеуметтік дағдарыстар сипатында адамның жеке басындағы ерекшеліктерді дараландырған. Бұл фильмнің жеңісі.

Мұхтар Әуезов шығармаларының экрандалуы. М.Әуезов кинода экрандалған шығармашылығына тоқталсақ жазушының 20-30 жылдарда аралығындағы реалистік жанрдағы классикалық шығармалары желісімен түсірілген «Қараш-қараш» (1969, реж.Б.Шамшиев, сц.авт.Ә.Тарази,), «Көксерек» (1973, реж. Т.Өкеевтің, сц.авт. А.Михалков-Кончиловский, Э.Тропинин,), «Қаралы сұлу» (1982, реж.Е.Шынарбаев) және ең соңғы шығармасы «Өскен өрен» романының желісімен «Шыңдағы шынар» (1966, сц.авт. Қ.Мұхаметжанов, реж.С.Ходжықов,) фильмдері. Ұлы ақын абай бейнесін экранда екі рет сомдалды. «Абай әндері» (1945ж., реж.Г.Рошаль) және «Абай» (1995ж. реж. А.Әмірқұлов) көркемсуретті фильмдері болды. Мұхтар Әуезов шығармашылығы қазақ киносы тарихында өте маңызды орын алады. Қазақ киносы тарихында ұлттық кинодраматургия өрлеуі М.Әуезов шығармаларымен тығыз байланысты, өйткені жазушының жеті бірдей туындысы «Райхан» (1940ж.), «Абай әндері» (1945ж.), «Шыңдағы шынар» (196ж.), «Қараш-қараш» (1969ж.), «Көксерек» (1973ж.), «Қаралық сұлу» (1982ж.), «Абай» (1995ж.) экрандалған. Бұл аталған фильмдердің Әуезов шығармашылығына тікелей байланысты және қазақ киносының әрбір кезеңінде алар өз орны бар. «Райхан» тұңғыш ұлттық киносценарий, «Абай әндері» 1945 жылы құрылған Алматы дербес киностудиясының тұңғыш фильмі, «Шыңдағы шынар» фильмімен Әуезов шығармаларын кинематографистердің экрандауы, «Қараш-қараш», «Көксерек» көркемсуретті фильмдері кинодраматургия тұрғысынан әдеби нұсқадан экрандалуда қазақ және қырғыз режиссерларымен түсірілген туындылар, «Қаралы сұлу» және «Абай» қазақ киносындағы жаңа бір кезең «жаңа толқын» режиссерларының классикалық әдеби туындыларды экрандауы. М.Әуезов жаңа заман және өз замандарстар тақырыбында «Алуа» (1953ж.), «Біздің совхоз» (1954ж.) киносценарийлерін жазды.

«Қараш-қараш» (сц.авторлары Ә.Тарази, Б.Шамшиев, режиссері Б.Шамшиев) фильмі 1969 жылы экранға шықты. Фильмде Бақтығұл әрекеттері арқылы заман суретін, ұлт өкіліне тән мінез ерекшеліктерін, тұтас бір халық трагедиясын аса шынайы көре алады. Бақтығұлдың басқа кейіпкерлермен қарым-қатынасындағы тарихи фактілерге сүйенген деректілік, әлеуметтік теңсіздіктен келіп туған психологиялық ерекшеліктер тізбегі шығарма мазмұнына басты өзек болып отыр.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1189 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...