Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар



1. «Махаббат туралы аңыз» фильмінің шығу тарихының маңызы.

2. Қазақ киносында кәсіби режиссура.

3. Қазақ кино өнерінің жанрлық түрнелуі.

1950 жылдардағы киностудия жұмысының тағы бір елеулі тұсы - ұлттық кино мамандарының келе бастауымен сипатталады. Қазақ киносының негізін қалаушы классиктердің бірі – Ш.Аймановтың кинодағы режиссерлік тәжірибесі «Махаббат туралы аңыз» (сц. авторы Ғ.Мүсірепов, 1953ж.) фильмімен ұлттық режиссура мектебінің бастамасы болды. Бірінші әдеби шығармаларды экрандау Г.Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» драмасы бойынша жасалды. Халық эпосының желісінде автормен жазылған пьеса қазақ драматургиясының ең негізгілерінің бірі болды. Баянның ірі және күшті мінезі, терең сезімі мен кейіпкердің құштарлығы, өткір қарама-қайшылық – бұның барлығы нағыз терең фильм жасауға мүмкіндік берді. Эпос пен пьесаның лейтмотиві – махаббат бақыты пен қайғысы өнердегі мәңгілік тақырып. «Махаббат туралы аңыз» сценарийі экран үшін пьесаның кинематорграфиялық формасын сақтаумен дәлме-дәл жазылынып алынған. Бұның себебі ол жылдары көп түсірілген фильм-спектакльдің әсерінен болды. Олардың авторлары кинематографияның шығармашылық жағын емес, керсінше техникалық мүмкіндігін пайдаланды. Сондықтан да экранизация емес, кинопленкаға түсірілген спектакль болып шықты.

Кинотанушы Б.Нөгербек «Махаббат туралы аңыз» фильмін қазақ ұлттық киносының бастамасы деп қарастырады. Оны өзінің «Кино Казахстана» кітабында «На мой взгляд, деление на этапы рождения казахского кино, предложенное Шакен Аймановым, с научной точки зрения имеет все основания, безусловно, при исключении идеи о трехкратности рождения национального кино, что еще раз подчеркивает силу инерции стереотипов. Заслуга Айманова в том, что он первым рискнул поновому взглянуть на общеизваетные «факты»». 1. «Кино Казахстана» Алматы, 1998г. 31 стр.

Осы кітаптан тағы бір цитата. «Возникает вопрос: с какого времени, с какого конкретного фильма необходима вести речь о рождении казахского национального кино? Думается, никто не станет оспариватьь то обстоятельство, что понятие национального киноискусства должно включать два момента: собственную базу кинопроизводства и национальные кадры». 2. 28 стр.

Дәл осы жылдары кинодағы шығармашылық жолдарын тағы бірқатар режиссерлер бастайды. Бүкілодақтық Кинематографистер институтының (ВГИК) түлектері М.Бегалин, С.Ходжиков алғашқы фильмдерін түсіре бастайды. 1955 жылы М.Бегалин өзінің тұнғыш «Бұл Шұғылада болған еді» фильмін түсірсе, ал С.Ходжиковтың «Ана мен бала» фильмі экранға шығады. А.Қарсақбаев қазақстандағы балалар киносы жанрын бастаушы. Қапрсақбае жалпы қазақ киносындағы еңбегін екінші режссер болып бастайды.

Бұл кезеңде түсірілген фильмдердің ішінде елеулі шығармашылық табыс ала келген алғашқы фильм – «Шабандоз қыз» (1955, реж.П.Боголюбов) музыкалық комедиясы. Режиссердің көмекшісі ретінде С.Ходжиков кинодағы алғашқы қадамын бастайды. Бұл фильм – Алматы көркемсуретті және хроникалық фильмдер студиясында түсірілген алғашқы түрлі-түсті фильмдердің бірі.

1950 жылдардың соңнан 1960-70 жылдар әр түрлі тақырыптар мен жанрларда түсірілген фильмдер экранға бірінен кейін бірі шыға бастайды.

Қазақ киносы тарихындағы 50-60 жылдар тұсы – ұлттық кино мамандары үшін қалыптасу және шындалу кезеңі болды. Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Хожиковтардың киноөнеріндегі өздерінің шығармашылық қолтаңбасын біртіндеп айқындап келе жатқан уақыт еді. Мұнда режиссерлардың ғана емес, қазақ киносының қалыптасып, шығармащылық көркемдік тұрғыда даму жолына бет бұрғандығының алғашқы көрінісі еді.

1960 жылдар – қазақ ұлттық киносының тарихы үшін маңызды кезең. Бұл кино өнеріміздің «алтын қорына» енген классикалық киношығармалардың дүниеге келген табысты кезеңі деп айтуға болады. Ш.Айманов, С.Ходжиков, М.Бегалин, А.Қарсақбаев, Ш.Бейсембаев сынды классик-режиссерлердің ең озық фильмдерін түсірген кезең.

60-шы жылдары қазақ ұлттық кинематографиясының мазмұны мен пішіні жағынан биік деңгейге жетуі кәсіби режиссерлермен қатар талантты жазушылардың киноға келе бастауы да себеп болды. Ғ.Мүсірепов, О.Сүлейменов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақов секілді жазушылардың киностудия жұмысына араласа бастауы сапасы жоғары, идеялық мазмұны терең шығармалардың түсірілуінің бірден-бір дәлелі болды.

Қазақ киносы жанр және тақырып аясы тұрғысынан кеңейе түседі. Кинематографистер мұның алдында зерттелінбеген тың тақырыптарға мән бере бастайды: олар эпосты экрандау, тарихи тақырып, балалар киносы, биографиялық, комедия жанрында және заман бейнесі тақырыбында түсірілген фильмдер т.б. Бұл шығармалардың қайсысын алып қарасанда шығармашылық табысқа ие болуының негізгі себебі – ұлттық мінез-құлқы, ұлттық нақышты экранға алып шығуында еді.

«Дала қызы» фильмі тарихы-революциялық тақырыптан бастау алып фильм құрылымында бірнеше кезеңді басты кейіпкер Нұржамал айналасында өрбітеді. Сондай-ақ фильмге негіз болған тақырып – жиырмасыншы жылдар тұсында қазақ даласына революцияның алып келген жаңалықтарының бірі әйел теңсіздігі. Олардың бас бостандығына ие болуы. Нұржамал бейнесі арқылы бүкіл қазақ әйелдерінің өмірге жаңаша қарауы, олардың білім жолына ұмтылуы көрсетіледі.

«Ботакөз» фильмі белгілі жазушы Сабит Мұқановтың шығармасы бойынша түсірілген. Фильмде әдеби нұсқадағы кейіпкерлер еш өзгермейді, сол қалпында сақталған. Ботакөздің бейнесі романда мінезі өткір, қайсарлы болса, ал фильмде Ботакөз (Г.Ысмайлова) әлдеқайда нәзік, жаны тым жаралы кейіпкер боып келеді. «Қилы кезең» көркемсуретті фильмі 1966 жылы экранға шықты. Туындыда 1918 жылдың оқиғасы баяндалады. Революциядағы жаңа кейіпкер. Кейіпкердің психологиялық портреті. Ең бастысы өз Отанына деген сүйіспеншілі екі кейіпкер бойнан да көреміз, бірақ екеуі екі жолмен түсініп қарайды.

Абдолла Қарсақбаев тарихи-революциялық жанрдың режиссер-реаниматоры деп айтуға болады. Режиссердың аталған тақырыпта «Біздің Ғани» (1972), «Бандыны қуған хамит» (1979) фильмдері бар. Сондай-ақ тарихи-революциялық тақырып М.Бегалин шығармашылығында үлкен орын алады. Фильм «Отқа оранған Орал» 1975 жылы түсірілді.

Бұл кезеңдерде Ұлы Отан соғысы тақырыбымен қазақ киносының алтын қорына енген бірнеше фильмдер қойылды. Қазақ киносының майталман кинооператоры Асхат Ашрапов көптеген фильмдер түсірді, әрбір фильмде өзінің шығармашылығымен жаңа қырынан танылады. Кинода тек техникалық приемдар ғана емес. Панорама және қозғалыспен түсіру сияқты мүмкіндіктер бейнелеу композициясы мен мизансцена құрылымының жаңа принциптарын әкелді. Осы уақыттқа дейін өздігінен шығармашылық приемдар мен түсіру тәсілдері үздіксіз дамыған және дами береді. Есімізге түсірейікші «Ана туралы аңыз» фильмінде А.Карпов пен А.Ашрапов адамның ішкі күзеліс сезімін жеткізген эпизодта камера қарияның қайғысын бөлісуге бізді тікелей қатыстырады. Ана (актриса А.Өмірзақова) колхоз басқармасының секретары қарияға суық хабарлы хатты әкеліп, қарт басқа бөлмеге шай дайындауға кеткен кезде стол үстіне қалдырып кетеді. Қарт суық хабар хатты көрмегенмен де ананың қылықтарынан – ақ байқады. Кинокамера ақырын ғана қайнап тұрған шәйнектен көтеріліп қарттың бетіне келіп тоқтайды, иә осы кадрда қарттың әруақытта көңілді-күлкілі түрін көріп жүрген біз ауыр қайғыдағы қатып қалған масканы көреміз... Бұл нағыз кинематография тілімен қарапайым ғана прием бойынша кейіпкердің сыртқы және эмоциалды ұстамдылығын, жан-дүниенің ішкі мықтылығын көреміз. (Фильмнен бірғана көрініске талдау). «Ана туралы аңыз» фильмі көрерменнің де, кино саласындағы мамандардың да жоғары бағасын алды. 1966 жылы фильм Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. А.Ашрапов және бас рольді сомдаған Ә.Өмірзақова да Мемлекеттік сыйлықтың иесі атанды. 1964 жылы Ленинградта өткен Бірінші Бүкілодақтық кинофестивальда Әмина Өмірзақова ең үздік әйел бейнесі үшін деген жүлдені жеңіп алды. 1964 жылы «Ана туралы аңыз» фильмі Карловы Вары (Чехославакия) қаласында өткен Халықаралық кинофестивальға қатысып, арнайы дипломға ие болды.

«Атамекен» фильмінде кеңестік патриоттық сезіммен, философиялық оймен Отан деген ұғымды түсіндіреді. Соғыста қаза болған қазақ жауынгердің мәйтін өз атамекеніне әкеліп жерлеудегі мақсат тұтқан ата мен немере жайында әңгіме. Олар зиратта жауынгердің денесі майдандастарымен бірге қойылғанын көреді. Мұндағылар үшін біздің Отанымыздың әр бөлшегі атамекен болып саналған.

1966 жылы соғыс тақырыбындағы «Атамекен» көркемсуретті фильм кейіпкері бала Баянның – көркемдік концепциясы үшін де басқа да маңызды өтіп жатқан жағдайларға автордың қарым-қатыгасы драматургия өрбуіне байланысты көрсетілген. Фильмнің көркемдік құрамында – қарияның немересі Баянның бейнесі негізінде маңызды. Оның әлемді ашуы, ақынның өзінің әлемді түсінудегі үндестікті қабылдауы: тар әлемде тұйық болмай, керсінше үлкен әлемнен жол іздеу, күнделікті үйреншікті көкжиекті кеңейтуге ат салысу. Туған жер туралы атасының ойлары, кең байтақ жердегі адамдар туралы археологтың әңгімесі Баянның көңіліне болашағына мәні өор із қалдырады. Автор жасөспірімнің қызбалық әлімін – оның тазалығы мен өзінділігін және қабілеттілігін айтады. Баянның Марияммен қоштасар жердегі өте нәзік көрнісі Баян бейнесімен оны актер М.Ахмадиевтың орындауында ашық сезім, жүрексінгендік, тазалықпен толықтырылған. Атасымен бірге ұзақ жолға келе жатқан Баянның барлық көргендері тікелей және эмоциональды реакция береді. Ол жақсылық пен жамандықты бір уақытта шапшаң айырып, айналасындағы адамдармен адал және өте ашық ара қатынаста болады. Бұл бейне өзінің жас жеткіншектерімен үйлесімді әлемді қабылдауға ие болады. Фильнің бұл кейіпкері адамның болашақ ұрпағын таныстырушы бейне.

Баянның сөзі жасөспірімнің жалғамсыздығы. Оның Софьямен сенімді әңгімелесуі «Маған атам не айтты, есейгенде адамға есімді екі рет берген. Бірінші рет, ол өмірге нәресте болып келгенде шешесі ат қойған. Содан ол ер жеткенде әкесі Ер деген ат берген дейді. Ер еркек деген мағынаны береді. Бізде қазақта ер деп Ер Көкше, Ер Тарғынбатырларын атаған. Егер біз әкемнің сүйегін туған жерге әкеп қойсақ, мен өзімнің парызымды өтегенім. Сол үшін маған екінші рет ат беріледі де мен Ер Баян атанамын. Біздің көшеде бір балада ондай ат жоқ. Тек мен бірінші болам» - дейді. «Очерки истории казахского кино», Р.Оспанова (165 бет).

Міне, қандай дәстүрде өз халқы үшін тәрбиеленген бала, ол дәстүрдің құлы емес, керсінше оларды иемденуші.

«Атамекен» Франкфурт–на–Майне қаласында 1966 жылы Халықаралық кинофестивалінде өте жақсы режиссерлік шешім» деген Дипломмен марапатталады. Душанбе қаласында өткен Орталық Азия елдері фильмдерінің конкусында (1967ж.) өте жоғарғы бағаға ие болып, «Горный хрусталь» жүлдесін иеленді.

М.Бегалин соғыс тақырыбындағы алғашқы фильміне сценарийді драматург Василий Соловьевпен бірлестікте жазады, 1967 жылы экранға «Ел басына күн туса» фильмі шығады. Бұл фильмге негіз болған әдеби нұсқа Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының кітабы болды. Әйгілі Панфилов дивизиясының құрамында болған Момышұлының батальонына Волоколам тас жолын төрт күн бойы жау танктерін жібермей ұстап тұруға тапсырмадағы жауынгерлерді іс-әрекеті, олардың ерлігі суреттеледі. Режиссердың екінші фильмі «Мәншүк туралы ән» фильмі экранға 1969 жылы шықты. Фильм оқиғасында Мәншүктің ұрыста қазақ табар соңғы күндері алығған. Фильмнің сценарий авторы А.Михалков-Кончаловский, басты Мәншүк ролінде Наталья Орынбасарова.

Қазақ киносында биографиялық жанрда фильмдер 1930 жылдың соңынан «Аманкелді» фильмінен бастау алады. Одан кейінде 1945 жылы Қазақстанның дербес киностудиясында «Абай әндері», «Жамбыл» фильмдерімен жалғасады. Бұл жанрда қазақ киносында елеулі орын алатын фильм қазақтын ұлы ағартушысы, ғалым-этнограф Шоқан Уалиханов туралы М.Бегалиннің «Оның уақытысы келеді» лентасы.

Қазақ киносына комедия жанры соғыс жылдары Біріккен киностудиясында 1943 жылы «Ақ гүл» (сц.авторлары Қ.Сиранов, В.морозов, реж. Е.Арон) фильмімен келді. Одан кейін актер ойының ерекшелігемен келген «Шабандоз қыз» (1955, сц.авторлары Ш.Құсаинов, В.Абызов, реж.П.Боголюбов) фильмімен жалғасын табады. Қазақ киносы ұлттық режиссурасының көш басшысы Ш.Айманов комедия жанрына да қадам жасады. Режиссердің бұл жанрда «Біздің сүйікті дәрігер» (1957, сц.авт. Я.Зискинд) және «Тақиялы періште» (1968, сц.авт. Я.Зискинд) фильмдері болды. Фильмдердің басты қасиеті – оның әлуметті мәнділігінде болып отыр. Өмір шындығынан алынған нақты жайлар комедия жанрына тән көркемдік тәсілді орынды қолдану арқылы әсерлі беріледі. Екі фильмде де ән айтылып, әсем музыкалар ойналады, бірақ «Біздің сүйікті дәрігерде» ән мен музыка фильм сюжетінің негізгі арқауы болса, «Тақиялы періштеде» қосалқы дүние ретінде қоланылады. Сондай-ақ «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде комедиялық оқиға әзіл мен қалжың арқылы берілсе, «Тақиялы періштеде» ол бұл жайлар адамды күлдірмей қоймайтын қолайсыз қылықтары мен мінез-құлықтары арқылы өрістетіледі. Бұл екі кинокартинаның бір-біріне жақын ететін жағдай – екуінде де бүгінгі заманның маңызды тақырыптары, атап айтқанда адамды сыйлау, құрметтеу комедия жанрының әсерлі тәсілдерімен баяндалады.

Алпысыншы жылдарда жалпы кеңес киносының басты тақырыптарының бірі заман бейнесі. Қазақ киносы экраныныңда заман бейнесінде әр түрлі тақырыптар қозғалды. Солардың бірі тың игеру тақырыбы болды. Көркемсуреті кинода бұл тақырыпты меңгерілуі 1955 жылы Сұлтан Қожыковтың «Ана мен бала» фильмінен басталады. Фильмнің сценарийін С.Қоджиков, В.Шрейберг және С.Мартьяновтармен бірге жазылды. Сондай-ақ тың тақырыбында «Мазасыз көктем» (1956, реж. А.Медведкин), «Мальчик мой» (1962, реж. Э.Файк) фильмдерінен кейін Ш.Аймановтың «Біз осында тұрамыз» фильмі экранға шықты. Авторлардың бұл фильмде бас кейіпкерлердің мінез арқылы тың игерушілердің рухани өсу деңгейін көрсетпекші болған. Замандас бейнесіндегі сәтті шыққан фильм Мәжит Бегалиннің «Тұлпардың ізі» - где поэтически переплетается рассказ о суровой жизни в степи и романтическая история любви. Фильмде тартыс әрбір кейіпкердің іскі жан-дүниесінде жатыр. Ата-ананың ескі салт-дәтүр бойынша өгей шешінің қызды сүймеген жігітке айтыруы. Ата-ананың дегені болып, қыз ұзатылады. Жаухаз бен Тұрар арасындағы рухани сәйкессіздіктен туған екі түрлі адамды көреміз.

Ескерме: (Тақырыптың жоспардағы үшінші саны бойынша аталған жоғарыдағы фильмдердің негізгілеріне практика сабағы бойынша көрсетілім және семинарда фильмге қорытынды талдау болады).





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 864 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...