Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. Біріккен Орталық киностудиясының жұмысы



1. Біріккен Орталық киностудиясының жұмысы.

2. Ресей драматуртері мен қазақ жазушылары арасындағы тығыз байланысы.

3. Г.Рошаль жетекшілігіндегі актерлық мектеп.

Соғыс жайына байланысты 1941 жылы Алматыға «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары көшірілді. Бұл жылдары совет кинематографистерінің достық байланыстары нығая түсті. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңі үшін» деген ұранмен өндірістік мүмкіндіктердің барлығы дерлік соғыс жағдайына құрылған кезде кинематография да көптеп қиындықтар болып жатты. Кинематографистер көркемсуретті киноның1кішкене формасына тоқтауға тура келді. Бұл әрине, батырлық және әзілді қысқа метражды новеллалар болды. Бұл кішкене формада көңіл аударудың мәні фронтта және тылдағы маңызды оқиғаларға бір кісідей жұмыс жасау. Новелла жинағында түсірілген қысқаметражды фильмдер өндірісте аса үлкен декорациялар мен көпшілік көрністерді талап етпеді және сол уақытта өте қолайлы болды. 1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы көркем фильмдер студиясы ұйымдастырылды. Ол 1941 жылы 15 қарашада «Мосфильм» және «Ленфильм» студияларымен бірігіп Біріккен киностудиялар Орталығының (ЦОКС) құрамына енді. Бұл жылдары Алматыға шоғырланған белгілі киноқайраткерлер қауымының қазақ киносының дамып өркендеуіне әсері мол болды. Совет кинематографистеріне Қазақстанның климаттық және географиялық жағдайлары, өте бай табиғаты, қазақ даласында картина түсіру үшін үлкен мүмкіндік берді. Сол уақыттан бастап Москва мен Ленинградтан көптеген кинотехника құрал-жабдықтары жеткізіліп, күрделі техника іске қосылды. Сонымен бірге монтаж, жарық беру, дыбыстау, пленкаларды өңдеу т.б. аппараттармен қатар грим жасау, костюмдер тігу цехы, реквизит және кино түсіретін үш павильонмен жабдықталды.

Алматыға сонымен бірге көптеген москвалық және ленинградтық кинодокументалистер, ең бастысы режиссерлар мен монтажерлар, операторлар (біраз операторлар фронтта жұмыс жасады, олар түсірген хроникалы эпизодтарды өндіріске жіберіп отырды) жұмыс жасады. Алматы хроника киностудияларының ұжымы фрондтан операторлар жіберген материалдарды монтаждап «Союзкино» журналына эпизодтар беріп және көптеген деректі фильмдер жасады. Қазақстан Республикасының астанасы соғыс жылдары совет кинематографистерінің орталығы болды. Онда белгілі шеберлер еңбек етті. Олар режиссеолар С.Эйзенштейн, В.Пудовкин, Д.Вертов (документалист), ағайынды Васильевтар, И.Пырьев, Г.Козинцев, Ю.Разман, А.Птушко, Г.Рошаль, И.Посельский, Э.Шуб, Л.Труаберг; операторлар - Э.Тиссэ, А.Москвин, А.Головня, Л.Косматов, В.Волчок, А.Гальперин, Б.Горбачев; актерлар – Б.Бабочкин, Б.Чирков, Н.Черкасов, М.Жаров, В.Марецкая, В.Ванин, Н.Крючков, М.Ладынина, П.Кадочникова; суретшілер – И.Шпинель, Е.Еней, Н.Суворов және т.б. болды.

Сондай-ақ Киевтің хроника студиясының қызметкерлері келді. Москавадан Алматыға ВГИК-Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты) көшірілді. Мұнда көптеген қазіргі белгілі совет режиссерлары, операторлар, суретшілер, актерлар оқып, дипломдарын қорғады. Соғыс жылдары Алматыға тағы бір кинематографистік ұжым – Бүкілодақтық сценарлық студия орналасты. Бұнда белгілі совет кинодраматургтері М.Блейман, С.Ермолинский, Б.Чиркасов, А.Каплер, М.Большинцов, Í.Ýðäìàí, М.Вольпин, И.Прут, Н.Коварский, М.Папава болса, жазушылардан М.Зощенко, С.Михалков, К.Симонов т.б. болды. Олардың жазған сценарийлері ЦОКС фильмінің негізі болды. Мосфильм мен Ленфильмнен режиссерлар, операторлар, суретшілер, актерлармен қатар басқа да ірі-ірі киноинженерлер, киноөндірісінің тәжірибелі ұйымдастырушылары келді.

Өндірістерде бір уақыттарда 6-7 фильмнен шығарылып отырды. Бір фильм өндірісте түсіріліп жатса, енді бірі әдеби сценарийға режиссерлік экспликация жасалынып, актерларға пробы, съемкаға натура ізделініп жатты. Ірі павильон үш сменалық тәулік бойы жұмыс жасады. Декорацияларды съемкаға қояды және т.б. жұмыстар жасалынды. ЦОКС соғыс уақытына қарамастан өте күрделі фильмдер түсірді. Фильмдерге құрылымдары үлкен декорациялар керек болды. Мысалы «Парень из нашего города» (реж. А.Столпер) фильмінде 50-ге жуық танк табу өте қиын, олар соның бәрін жасады. Суретші-декоратор соғыстағы ұрысқа (в бой) жасанды алаңдар және макеттен танктер жасады. Осындай қайнаған шығармашылық ортада соғыс жылдарында кеңес киносының 80 пайызы түсірілді.

ЦОКС екі бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт Біріккен Орталық киностудияда ресей кинематографистері өз фильмдерін түсірді. Олар «Біздің қаланың жігіттері», «Катовский», «Олар Отанның қорғайды», «Майдан», «Секретарь райкома», «Сын бойца», «Жди меня», «Иван Грозный» фильмдері. Алматыда «Иван Грозный» фильмінің 1-ші сериясы және 2-ші сериясының көбісі түсірілді. «Машенька», «Катовский» фильмдерінің басы Москвада түсірілді. Соңы Алматыда түсіріліп бітті.

Ал екінші бағыт қазақ материалына бірқатар көркемсуретті фильмдер түсірді. Бұл студияның қызметі кеңес халқының неміс басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігін сипаттайтын, патриоттық сезімдегі фильмдер жасауға негізделді. Осы кезеңде Алматыда шоғырланған орыс драматургтері мен қазақ жазушыларының арасында тығыз шығармашылық байланыс орнайды. «Дала әндері» деп аталған киноновелланың экранға шығуы осы шығармашылықтың алғашқы нәтижесі болды.. Соғыс тақырыбына түсірілген бұл киноновелланың құрамына үш қысқа метражды фильм енгізілді. Олар «Мосфильм» режиссері В.Строева екі қысқаметражды «Жауынгер ұлы» (1941ж., сцен.авторлары Ғабит Мүсірепов, Сергей Михалков, И.Прут), «Алыптың әні» (1941ж., сцен.авторлары Әбділдә Тәжібаев, Л.Жежеленко) фильмдері совет халқының неміс басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігін сипаттайтын, патриоттық сезімді көрсетеді. Толағай ролінде – Ж.Оғызбаев, Жауынгер – Қ.Бадыров, үшінші фильм «Ақ гүл» фильмі (1943ж., сцен. авторлары Қабыш Сиранов, В.Морозов, режиссері Е.Арон) қазақ киносы тарихында кинокомедия жанрының басы. Фильм колхоз жастарының алыс тылдардағы еңбегі, олардың фронтқа көмегі туралы суреттеледі. Рольдерде: Сабира – Н.Таналова, атасы – С.Қожамкұлов. Композитор О.Сандлердің фильмге жазған музыкасы өте үлкен роль атқарады. Әсіресе жігіттер ақ гүлдерімен Сабираның атасы Жаппарға қарай келгендері, одан кейінгі Сабираның лирикалық әні, бұл қазақ әншісі К.Байсеитованың орындауында айтылады. «Сын бойца» фильмінің мазмұны қазақ жауынгері Аймановтың жас баланы соғыс алаңынан құтқарып шыққан ерлігі төңірегінде айтылады. Оққа ұшқан әйелдің жетім қалған кішкентай нәрестесін фильм кейіпкері Айманов асырап алып өз ауылына жібереді.

«Алаптың әні» фильмінде басты кейіпкер Көреген (актер Қапан Бадыров) Ұлы Отан соғысының батыры Төлеген Тоқтаровтың экрандық прототипі деуге болады. Көреген солдаттар арасында аңыздағы Толағай ерлігін әңгімелеп береді де өзі сол ерліккті майданда қайталап ерлікпен қаза табады. «Ленфильм» режиссері С.Тимошенко, А.Минкин «Домбыра үнімен» атты 1943 жылы фильм түсірді. Бұл фильм-концерт. Қазақтың белгілі операсы «Қыз Жібек» (К.Байсеитованың қатысуымен), «Ер Тарғын» драмалық спектакліндегі көрністерден фрагменттер алып, басқа да эстардалық нөмерлер түсірілді. Сөйтіп 1941-1943 жылдары «Ленфильм» мен «Мосфильм» кинематографистерінің 1942 жылы түсірілген «Антоша Рыбкин» комедиялық фильмімен және басқа да ЦОКС фильмдерін түсіру тобымен жұмыс істей жүрген болашақ кәсіби болар қазақ кинематографистері көп нәрсеге үйренеді. Міне, осындай бірігіп жұмыс істеу барысында орыс киносының шеберлерінен тәлім-тәжірибе ала отырып, өндірістік шығармашылық практиканы оқумен өз өндірісіміз де, киномамандарымыз да болды.

Қапан Бадыров (21.09.1904-14.06.2000) – актер. Қазақ ССР-ның халық артисі (1942ж.). Туған жері – Қостанай аймағы, Комсомол ауданы, Табын ауылы. Қ.Бадыров 1939 жылдан бастап киноға түсе бастайды. Кинодағы бастапқы ролі «Аманкелді» фильміндегі Қаратай ролі өзіндік ерекшелігімен көріне алады. Қапан Бадыровтың күрделі экрандық образдары көрермендерге актер сомдаған Айдар («Абай әндері»), Көреген («Алаптың әні»), Жүнісов («Еңлік гүл шешек атқанда»), Сәрсен («Өмір жолы») ролдері арқылы танылды. 1952 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады, шығармашылық жолында Қ.Бадыров екі рет Еңбек Қызыл Ту және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталады.

Қазақ ССР-ның Халық артисі Әмина Өмірзақовада (08.03.1919-2006)- киноға еңбегі сіңген қазақ майталман артистерінің бірі. Актриса өзіне берілген ана образын айрықша орындайды. Ә.Өмірзақова Шығыс Қазақстан аймағы, Абай ауданы, Қараауыл ауылында туған. 1938 жылы Ленинградтың мемелекеттік сахна өнері техникумын, кейіннен театр, музыка және кинематография институтын бітірді. Актрисаның кинодағы алғашқы ролі С.Герасимовтың «Комсомолск» фильміндегі (1938ж.) пионер қыздың ролі болды. Осыдан кейінде Ә.Өмірзақова М.Левиннің «Аманкелді», Ефим Аронның «Ақ гүл» фильмдеріндегі эпизодтық ролдерді сомдайды. 1942-1949 жылдар тұсында «Қазақфильм» киностудиясында қызмет істейді. 1945 жылы шыққан «Абай әндері» фильміндегі Ажар ролі Өмірзақованың кинодағы басты ролі болды. Бұдан кейін 1956 жылы «Қанатты сыйлық» фильмінде – мұғалім, 1960 жылы «Бір ауданда» фильмінде Айша ролін сомдайды. Әмина Өмірзақованың қазақ киносында ең терең ашылған ролі «Ана туралы аңыз» (1963 ж.) фильміндегі ана бейнесі. Ә.Өмірзақова «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште» фильмдерінде ана ролінде ойнайды. Бірақ актриса бейнелеген аналар мінезі мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Творчестволық екі бағыттағы ананың ролін Ә.Өмірзақованың шебер орындап шығуы – оның үлкен дарын иесі екенін көрсетеді. Әмина Өмірзақова «Ана туралы аңыз» фильміндегі ана ролі үшін 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс байқауының 1-ші сыйлығының иегері болды. Сондай-ақ 1966 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 1968 жылы «Тақиялы періште» фильміндегі Тана ролі үшін Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері байқауының сыйлығымен марапатталды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1014 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...