Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақ киносы тарихы пәніне түсініктеме



Кіріспе.

«Қазақ киносының тарихы» пәні Қазақстан киноөнерінің қалыптасу кезеңінен жинақтала бастаған кино саласындағы тәжірибелерді аса мұқият саралай отырып, сол тәжірибені кино теориясы тұрғысынан зерттеу мақсатында қарастырылады. Қазақ киносы Қазақстан кино өндірісі мен өнерінің дамуын қоғамдық өзгерістерге орай жеке кезеңдерге бөліп қарастыру қажеттілігі туады.

1 кезең: 1910-1927 жылдар аралығында – Қазақстан теориториясын кинофикациялау кезеңі. Бұл кезең қазақ даласына келген алғашқы жылжымалы қондырғының қызметімен сипатталады. Бірте-бірте қазақ даласында кең етек жая бастаған кинофикация кино өндірісінің дамуына тікелей әсер етті. Қазақ жері туралы хроникалы деректер түсіруге мүмкіндік туды.

2-кезең: (1928-1938) – Қазақстанда алғаш хроникалық сюжеттер киноөндірісінің пайда болуының алғашқы сатысы. Ұлы Қазан көтелірісінен кейінгі кезеңде жергілікті кино өндірісінің дамуы алғы шарттар тұрғысынан қалыптасады. Қазақ еліндегі жаңа үкімет саясатын насихаттауды мақсат етеді, соның нәтижесінде Қазақстанда «Востоккино» тресі ашылды. Қазақстан тақырыбында алғашқы көркемсуретті фильмдер өндірісі де осы трестің қызметімен байланысты. 1933 жылы Алматыда Қазақстандық база "Союзхроника" тресі құрылды.

3-кезең: (1938-1944) - Қазақстанда киноөндірісінің келесі сатысы Қазақстан тақырыбына түсірілген деректі және көркем фильмдер қарастырылады. Ұлттық тақырыпта киносценарийлер конкурсы ұйымдастырылады, кино саласына жазушылар бет бұра бастайды. Соғыс жылдары Алматы да орналасқан «Мосфильм», «Ленфильм» киностудияларымен Біріккен киностудиялар Орталығының тарихы (ЦОКС) қаралады.

4-кезең (1945-1960) – Дербес Алматы киностудиясының тарихы. Ұлттық режиссура мектебінің қалыптасу кезеңі. Жеке шығармашылық ағымдардың пайда болу тұсы және бұл кезеңнің жалпы қазақ киносының дамуына әсері. Кәсіби деңгейде мамандар дайындау мүмкіндігі айқындалды. 1960 жылдар қазақ киносының өрлеу тұсы. Қоғамдық жаңа қарым-қатынастар, әлеуметтік мәселелерде болып жатқан жаңа өзгерістер, өмір шындығы, жеке кейіпкерлер психологиясы сияқты мазмұнды құбылыстар экрандық көркем шығарма тақырыбына айналды. Шығармашылық ізденістер кинодраматургия саласының кәсіби деңгейге көтерілуімен байланысты қарастырылады (тарихи, жаңа заман тақырыптары, эпостық шығармалардың экрандалуы).

6-кезең: (1970-80) – 1970 жылдың басы қазақ киносының өрлеу кезеңі. 1980 жылдар тұсы қазақ киносында кинорежиссурада тоқырау жылдары болса, драматургия саласында, керсінше өрлеу кезеңімен сипатталады. Әдеби шығарманы экрандаудың жаңа сатысы киноға театр, телевизиядан режиссерлардың келуі. Бұл жылдары бірнеше классикалық әдеби шығармалар экрандалды. М.Әуезов «Көксерек» (1973, реж.Б.Өкеев), Д.Исабеков «Гауһартас» (1975, реж.Ш.Бейсембаев), Ә.Нүрпеисов «Қан мен тер» (1978, реж.Ә.Мәмбетов), Ә.Әлімжанов «Жаушы» (1980, реж.Ә.Мәмбетов).

7-кезең: (1989-1992) – 1989ж. «Жаңа толқын» кезеңі. Реалистік жанрдағы және авторлық киношығармалардың тақырып деңгейі және жаңа кейіпкер тұрғысынан ашылу мүмкіндіктері.

8-кезең: (1993-2007) - «Жаңа толқын» режиссерларының кейінгі қойылған фильмдері. Жастар киносы. Бүгінгі таңда орта буын режиссерларымен тарихи және әдеби шығармалардың экрандалуы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қабыш Сиранов «Киноискусство Советского Казахстана»,

изд. «Казахстан», Алма-Ата, 1966.

2. Қабыш Сиранов «Казахское киноискусство» Алма-Ата, 1958.

3. А.Федуллина, Ю.Резникова «Искусство рожденное дружбой»

Москва, 1972ж.

4. Қ.Сиранов «Ш.Айманов-кинорежиссер и актер кино», «Жазушы»

баспасы. Алма-Ата. 1970ж.

5. А.Назаров «Первенец казахского кино», Алматы «Өнер», 1980ж.

6. Қабыш Сиранов және басқалары «Очерки истории казахского кино»,

Алматы, 1980

7. Бауыржан Ногербек «Кино Казахстана» Алматы, 1998

8. К.Айнагулова, К.Алимбаева «Тенденции развития киноискусства

Казахстана» Алма-Ата, 1990.

9. К.Айнагулова, М.Беркович «Кино и вся жизнь», «Өнер», 1994

10. К.Смаилов «Фильм осылай туады», Алматы, «Өнер»

11. Қ.Сиранов «Кино жылдар ойлар» Алматы «Өнер», 1983

12. Г.Абикеева «Новое казахское кино», Алматы, 1998

13. Г.Абикеева «Кино Центральной Азии», Алматы, 2001

14. Тумар Смаилова «Кино Казахстана», киносправочник, 2000

15. Камал Смаилов «Қазақ киносының тарихы», 2000

16. Г.Құрманғалиқызы «Әуезов және кино», Алматы, 2000

17. Н.Рахманқызы «Кинорежиссер Ораз Абишев», Алматы, 1999

18. «Мэтр» М.Бегалин туралы естеліктер. «Елорда» Астана, 2002.

19. «Киноискусство Казахстана», литературный указатель на каз. и рус.

языках. Алматы, 1994

20. «Қазақ киносының тарихы» Оқулық: авторлар //Б.Нөгербек,

Г.Наурызбекова, Н.Мұқышева. Алматы, «ИздатМаркет»-2005ж.

21. Г.Абикеева «Нациостроительство в Казахстане». Алматы, 2006ж.

22. Б.Нөгербек «На экране «Казахфильм»», Изд. комп. «RUAN», 2007ж.

23. Б.Нөгербек «Экранно–фольклорные традиции в казахском игровом

кино», Изд., комп. «RUAN», 2008ж.

24. Киноман журналы.

Пәннің аты: «Қазақ киносының тарихы»

I-бөлім. Қазақстандағы ұлттық кино өнерінің бастапқы кезеңі.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан кинофикациясы.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 893 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...