Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. «Востоккино» тресінде түсірілген деректі фильмдер



1. «Востоккино» тресінде түсірілген деректі фильмдер.

2. «Түрксіб» фильмінің шығу тарихы.

3. «Союзкинохроника» тресінің Қазақстанда ашылуы.

Жалпы деректі кино өнерінің негізі – кино өнерінің алғашқы дүниеге келген 1896 жылы ағайынды Люмьерлердің «Поездың келуі» т.б. сюжеттерден басталады.

Кино өнерінің алғашқы қадамы репортаж әдісімен түсірілег хроникалық сюжеттерден басталатының, Ресейде 20-жылдары хрониканың даму нәтижесінде кино өнерінің жаңа түрі – материлды образды-публицистикалық түрде ұйымдастыру принципі бар деректі фильмдердің пайда болуын, оның негізін қалаған көрнекті режиссер Дзига Вертов екенін совет кино өнерінің зерттеушілермен айтылған. Кино өнерінде Қазақстан өмірі 1920 жылдардың ортасында ғана пайда болды. Бұған кейін қазақтар туралы бірде-бір сюжеттер түсірілменген. 1924 жылы фотограф Е.Блехман Буденныйдың Алматыға келгеннің түсірген. Ол сюжет Москавада шығатын киножурналдардың бірінде көрсетілген. Бұдан кейінде түсірілген Қазақстан туралы көптеген сюжеттер революцияның қазақ жеріне ала келген алғашқы өзгерістері болды. Ол кездегі түсіріліп жатқан сюжеттердің барлығы бір нүктеден жалпы планда түсірілді. Сондай-ақ ірі пландар аз болды және қысқа-қысқа кадрлармен монтаждалды. Мұның бәрі кино өнерінің техникалық түсірулерден енді ғана шығармашылыққа жол ашып келе жатқан кезі болатын.

1925 жылы Қазақстан туралы «Қазақстанның бес жылдығы» атты алғашқы деректі фильм режиссер Я.Толчанмен түсірілді. Бастапқы да Қазақстанда түсірілген сюжеттер мен деректердің барлығын Ресейден келген операторлар мен режиссерлар болды. Өйткені Қазақстан жерінде әлі кино базасы мен кино кардлардың жоқтығынан болатын.

1928 жылы Бүкілресейлік «Востоккино» тресі құрылды. Бұндағы мақсат-халықтар тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін фильмдер түсіру және ұлт өкілдері арасынан кадрлары даярлау болды.

1929 жылы түсірген «Түркісіб» фильмі ең белгілі шығарма болды. Режиссері В.Турин, сцен.ав. Е.Арон, А.Мачерет, В.Шкловский, В.Турин. Фильм Түркістан-Сібір теміржолының салыну құрылысына арналған. Фильм лирикалық-батырлық (героический) поэма формасында құрылған. Шығармада бір-біріне мазмұны жағынан қарама-қарсы кадрлерді қолдану тәсілі кеңінен көрніс тауып, параллельді монтаж арқылы кадрлерді салыстыру тәсілін қолданған. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ыстығы, Сібірдің қақаған аязы, түйе мен паравоз, киіз үй мен зәулім үйлер т.б. көрністер арқылы кешегі мен бүгінгіні салыстырмалы түрде көрсетеді. Фильмде жұмысшылар еңбегінің нағыз қызуын, үлкен өмірдің жүрек соғысын көрсетілген. Ашық даладағы ұзыннан ұзақ созылған үлкен маштабтағы құрылыс. Фильмде құрылысшылар мен сол жердің тұрғындарының әсерлі бет-пішінінен жасалып жатқан жолдардың мәдениет, байлық, бақыт әкелетіні байқалған. Фильмде алғаш паравоздың келуіндегі салтанатты гудогын кадрдың әсерлерлігі және монтажбен бере білуінен көрерменді дыбыс сезгендей сезімге апарады. «Түрксіб» фильмінде арнайы ұйымдастырылған көркемдік көрністер жоқ, барлығы да сол қалпында шынайы түсірілген. Фильмнің авторлары бар жоғы съемкалы аппараттар, съемка точкалары, титр және монтажбен жұмыс жасады. «Түрксіб» фильмі әлем кино экранын аса сәттілікпен аралап шықты. Қазақстанның ғана емес, бүкіл кеңес кино өнеріне шығармашылық табыс әкелді. Белгілі киносыншы Жорж Садуль Франция киноөнерінің дамуына әсер еткен ең үздік кеңес фильмдерінің қатарына жатқызды. Фильмнің кадрлары екі түрлі кезеңнің аламасуын баяндайтын символ болып келеді. Әлі күнге дейін «Түрксіб» фильмінен алынған эпизодтар көптеген тарихи-деректі фильмдерде цитата ретінде қолданылады. Бұл фильм толығымен Қазақстан материалында жасалды.

«Востоккино» тресінде сонымен қатар Қазақстан тақырыбына түсірілген әртүрлі тақырыптар болды. Онда Қазақстанның кең даласы, мал шаруашылығы, Ертіс өзені туралы, әдемі табиғат көрністерін, сондай-ақ жаңа өндіріс тақырыбында мұнай, Қарсақбай мыс балқыту заводың іске қосылуы туралы көптеген деректі фильмдер түсірілді.

1920-30 жылдары Қазақстан деректі киносында жиі түсірілген тақырып Түркістан-Сібір темір жолының салынуы туралы болды. «Түрксіб» фильмінен өзге, бір бөлімді «Бірінші поезд» (1929ж.). Ал 1930 жылы «Түркісібтің ашылуы» (операторы Л.Косматов) фильмі Түрксіб темір жолының ашылуына орай түсірілген. Бұл жылы «Түркісіб торабы» (реж. В.Немоняев, опер. Б.Козлов) фильмінде де Түрксіб құрылысының оңтүстік және солтүстік бөлімдерінің бір жерда тоғысатыны туралы айтылады.

Алматы "Востоккино" бөлімінің аппаратында тек екі қазақ жұмыс жасады, олар белгілі жазушы Ілияс Жансүгіров сценарлық бөлімді басқарса, ал Ыдырыс Тынышбаев оператордың ассистенті болып жұмыс жасады. Ы.Тынышбаев жүзден аса хроникалды-сюжеттер түсірді және көркемсуретті фильмдер мен бірнеше телевизиялық ленталардың басты операторы болды.

«Востоккино» тресі қазақ киносының болашақта негізі болып қалу керек болатын, бірақ бөлімше ұзақ жұмыс істей алмады. Ол 1931 жылы жабылып қалды. "Востоккино" бөлімшесінің жабылуы фильм шығару үшін өндірістің әлсіздігінен ғана емес, оның негізгі қиындығы мамандандырылған ұлттық киномамандардың жетіспеушілігімен байланысты болды. Сондай-ақ идеялық-көркемсуретті толыққанды сценарийдің болмауыда үлкен септігін тигізді.

1933 жылы Алматыда Қазақстандық база "Союзхроника" тресі құрылды. Мұнда "Советтік Қазақстан" киножурналы және бүкілодақтық киножурнал үшін хроникалды-деректі сюжеттер түсірілді. Киножурналдар мен киносюжеттер Қазақстандағы социалистік құрылыс жетістігіне әсері болу керек болды.

Қазақстандықтарға орталық киностудия бауырластық көмек көрсетті, оның ішінде әсіресе Ленинград кинематографистері болды. Олар техникалық құрал-жабдықтармен қатар өз ұжымдарынан Алматыда тұрақты жұмыс істеу үшін біраз тәжірибелі шығармашылық топты жіберді. Олар Ленинградтық кинематографистер В.Стардин, С.Масленников, Е.Савин т.б. "Союзкинохроника" базасының негізгі мамандары болып қалды. Олар қазақ жастарын киноөндірісінің "құпияларына" үйретті. Ең соңында "Союзкинохроника" Қазақстандық базасы өзінше жеке жұмыс істей алу деңгейіне жетті. 1935 жылдың соңында "Союзкинохроника" қазақстандық базасы Алматы хроника киностудиясы болып аталды.

Киностудияның жекеше жұмыс жасауынан техникалық және шығармашылық әрекеті біраз фильмдер шығаруға мүмкіндік берді, республикада өзіндік киноөндірісі болғаны ескеріліп, бұл қазақ киносының даму тарихында ерекше атаулы кезең (этап) болды.

Алматылық киностудия тек киножурналдар мен хроникалды-деректі фильмдер шығарды. Дегенмен де ұйымдастырушылар болашақта бұл киностудияның дамуымен республикада басқада кинематография түрлерін меңгеруді қолға алды. Киностудияның техникалық базасы сол уақыттың өзіңде біраз құрал-жабдықтарды иемденді. Съемкалық камера, жарық беруші прожекторлар, мультипликациялық станоктар, монтажды столдар, дыбыс жазушы және дыбыс шығарушы аппараттар болды. Түсірілген материалдарды өңдейтін лабораториялар жұмыс жасады.

"Советтік Қазақстан" кезеңдік журналынан басқа Алматы хроника киностудиясы бүкілодақтық киножурнал үшін сюжеттер және деректі фильм-очерктер шығарды. Мысалы: ақиық ақынға арналған "Жамбыл-ата" (опер. И.Колсанов) фильмі және тағы басқада бірнеше фильмдер түсірілді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 877 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...