Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. Қазақстан кинофикациясы



1. Қазақстан кинофикациясы.

2. Жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру.

(Қазақстан жерінде кинофикацияның жүруін қадағалау).

Қазақстанда 1920 жылдары Киноөндірісі және киномамандары болған жоқ. Сол кезеңдегі ең негізгі күш жас республиканың мәдени жұмысшыларын көптеген жиындар өткізуге, киносеттің кең түрде дамуындағы кинофикация процессін тездетуге бағыттады. Ұлы Октябрь революциясына дейін (1917) Қазақстан жерінде бар жоғы 13 кинозал болса, оның бәрі жеке меншік қолында болды.

Ең бірінші киносеанс 1910 жылы Алматы қаласында (Верный) алғаш кинотеатрындың пайда болуымен өтті (1910, «Марс»). Оны ашқан кәсіпкер-Фабри. 1-ші киносеанс 22 маусым, 1910 жылы болды. Жылжымалы киноқондырғылар Қазақстан териториясына таратыла бастады. Сонымен бірге басқа да облыс орталықтарында кинотеатрлар пайда болды.

Қазақ революциясына дейінгі белгілі большевик Әліби Жангельдин Европа мен Азияға барған ұзақ сапарында кішкене ғана электродвигательді киноаппарат және көптеген елдердегі жұмысшылардың өмірінен деректі эпизодтар түсірген 40 катушкалы кинопленкалар әкелді. Ол Аманкелді Имановпен бірге ауылдарға және көшпенді халыққа барып фильмдерді көрсетіп отырды. Киносеанс экрандағы бейнелер арқылы оқиғасы әңгімеленіп отырды. Бұдан кейін Торғай даласына таратылып жан-жақтан халық келіп сеансты көретін болды. Ол кезде, әрине халық сауатсыз болды.

Қазақстан өмірінен алғашқы кадрларды түсірген кинооператор Е.Е.Блехманның (мамандығы суретші) 1924 жылы экранға шыққан қысқа хроникалық сюжетіндегі негізгі мазмұн - Республиканың сол кездегі астанасы Орынбор қаласына С.Буденныйдың келуі туралы айтылады. Сонымен бірге осы 20-шы жылдардың екінші жартысында көптеген Қазақстан жайында киношығармалар шықты.

Қысқа мерзімдік киномеханиктер курсының ашыла бастауы да республикалық киноөндірісі тарихында елеулі құбылыс болды. Садуақас Қаддиев – Қызылорда киномеханиктер курсының алғашқы түлектерінің бірі болып есептеледі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 531 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...