Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоспар. 1. Қазақстанда көркемсуретті киноның алғашқы бастамасы («Востоккино»)



1. Қазақстанда көркемсуретті киноның алғашқы бастамасы («Востоккино»)

2. Қазақ киноөнері экранындағы алғашқы актерлар.

Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркемсуретті фильм «Көтеріліс» («Метяж») 1928 жылы, Д.Фурмановтың әдеби шығармасының желісімен түсірілген. «Көтеріліс» («Метяж») фильмінде байлар мен кулактарға қарсы күрес, контрреволюция, совет одағының қатайуы т.б. мәселелер түсірілді. Сценарий авторлары: Е.Блейман және С.Тимошенко, режиссері С.Тимошенко, операторы Л.Патлис. «Метяж» фильмінен кейін Қазақстан территориясында көркем фильмдер өндірісін негіздеу қажеттілігі туады.

1929 жылы Алматыда Бүкілресейлік «Востоккино» терсінің (акционерлік қоғамының) Алматылық бөлімі құрылды.

Мұнда Республика тақырыбында түсірілген алғашқы кысқаметражды киноочерк «Алма-Ата и его окресности» - 1929 ж. болды. Сонымен бірге шалғай аудандарда автомашиналар мен тракторлардың келе бастауы, мыс балқыту заводы құрылысынан көрністер, цехтардан және т.б. жұмысшы еңбектерінен көрністер түсірілді. Екінші жағынан қоғамдық ұлттық кадрлар – киноөндірісінің мамандарын дайындауды мақсат етті. Востоккинодағы түсірілген материалдарды жуып, кептіру және содан соң монтаж столына апарылады. Күнделікті оған бекітілген режиссерлар, операторлар, инженер және техниктар болған жоқ. Ол тек Москвада орналасқан техникалық база Востоккиноның филиалы ғана болды. Акционерлік қоғамның тапсырмасы бойынша режиссерлар мен операторлар Алматыға келіп республикада фильмге керек сюжеттер мен қажетті объектілерді түсіріп филиалда қосымша өңдеу жасап, Москваға алып кетіп отырды.

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, қазақ кәсіби театрының ірге-тасын қалаушылардың бірі Жұмат Шанин әртүрлі жиылыстарда, шығармашылық интеллегенциялар мәжілісінде, газет-журналдарда өзіміздің ұлттық киноөнерімізді көтеру туралы жиі айтты. Мұндағы мәселе ұлттық қазақ киносын дамыту үшін қазақ көркем әдебиетінде кәсіби жанр кинодраматургияны қалыптастыру керек екендігі айтылды. "Востоккино" қазақ көркем әдебиетіндегі кинодраматургия жанрының тууына әсер етуге талпынды. Ол Советтік Қазақстан туралы ең үздік сценарийге конкурс жариялады. Бірақ конкурста ешқандай нәтиже болмады. Жақсы әдеби сценарий болмағандықтан 1916 жылдағы шаруалардың көтерілісі туралы фильм жасай алмады. Ол тек 1938 жылы ғана «Аманкелді» фильмімен жүзеге асты.

1930 жылдары совет киносының дамуында үлкен жетістіктер болды. 1929 жылы республикада 170 киноқондырғы жұмыс жасаса, ал 1937 жылы олардың саны 846-ға өсті. 1930 жылдарды 20-жылдармен салыстырғанда Қазақстан туралы фильм өндірісі өсе түсті. Олардың негізгі мазмұны – республикадағы социалистік құрылуы болды. Бұл тек хроникалды-деректі ленталарға ғана қатысты емес, сонымен бірге көркемсуретті картиналарға қатысты болды.

"Дала әндері" (1930, сц.авт. Е.Арон, реж.опер. А.Лемберг, "Востоккино" тресі) Фильм Қазақстан Республикасының 10 жылдық мерей тойына арнайы түсірілді. Қазақстанда Совет өкіметінің құрылғанынан кейін 10 жыл ішінде болған көптеген әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді суреттейді. Онда болған жаңалықтар, өзгерген дала мен жаңарған адамдарды нақты деректермен бере отырып, дала әндері мен күмістей төгілген күй сиқырын қатар көрсетеді. Басты кейіпкер (бывшего батрака) кешегі малшы-жалшы, бүгінгі қайраткер болды. Бұл роль мемлекеттік қайраткер Сералы Қожамқұловтың ең алғашқы экрандағы сомдаған бейнесі. Жалпы қазақ экранында алғаш қазақ бейнесі.

"Жұт" (1931, сц.авторлары С.Ермолинский, М.Каростин; реж.М.Каростин, опер.К.Венега, М.Слаедева және Ф.Шах, "Востоккино" тресі) фильмінде ғасырлар бойы үнсіз, қорғансыз көніп келген кедей шаруаның көзінің ашылып, сана сезімінің оянғанын көрсетеді. Ауыр жұмыстан қалтыраған және адамдық тұрғыдан құлдыраған малай өмір бойы байдың қол астында болған, қол аяғы байланған құл болады. Революциядан кейін және қазақ даласында Совет өкіметі орнағаннан соң бай өзінің құлдырамға кеткенін сезіп, байлығын сақтап қалу үшін шекарадан асып бар малын айдап кетпекші болады. Ал малай өзінің бағып қаққан, жұттан сақтап қалған малдарды байға оңайлықпен бере салмайды. Ол басқада жалшылармен бірге малды байдан тартып алады. Фильмде кейіпкер сезімі ерекше мінез береді, болған оқиғадағы іс-әрекеті оны шындандыра түседі. Фильмнің мақсаты – революциямен келген қоғамдық өзгерістер, Қазақстан өңіріндегі жұмысшылар қозғалысының өріс алғандығын насихаттау. «Жұт» фльміндегі Малай бейнесін сомдаған Хакім Даулетбеков бұл ролінен кейінде бірнеше фильмдерге шақырылады.

"Қаратау құпиясы" (1932, сц.авторлары А.Дубровский, Эль Регистан; реж.А.Дубровский, опер. Г.Блюм, А.Зильберник "Востоккино" тресі) қазақ даласындағы бай қазынаны ең алғаш меңгеруі туралы көрсетіледі. "Қаратау құпиясы" фильмі (приключенческий) қим-қиғаш оқиғалы жанр. Жалпы фильм осы жанрдың талабына жауап берген. Экспедиция мүшелерінің жол бойы кездескен қиыншылықтарыда көрсетіледі. Жасанды каучук алу мәселесі шешілмеген кезде, табиғи каучук тауып, оны көбейту жолдарын жанталаса іздеген әрекетте фильм кейіпкерінің барлық мүмкіндіктерді жасап, үлкен жетістікке жеткен жас ғалымдар туралы болды. Фильмнің басты кейіпкері профессор Ярошевский (СССР халық артисі В.Гардин). Экспедицияны бастап алып жүруші ролінде Хакім Даулетбеков. Одан кейін Даулетбеков республикада деректі кино режиссерларының бірі болып жұмыс жасаған. Оның 10-ға жуық хроникалды-деректі және ғылыми-танымал фильмдері бар.

"Жау сүрлеуі" (1935, сц.авторлары И.Шухов, И.Правов; реж. О. Преображенская, И.Правов, опер. В.Павлов, Н.Власов "Мосфильм") ауыл шаруашылығын коллективтендірудегі қиындықтар туралы, байлар мен кулактардың қатыгездігі, кедейлердің жаңа өмір үшін күресуі суреттеледі. Фильмнің негізгі оқиғасы жазушы Иван Шуховтың "Өшпенділік" романы бойынша қойылды.

Экранға шыққан толықметражды көркемсуретті фильмдер "Дала әндері", "Жұт", "Қаратау құпиясы", "Жау сүрлеуі" Қазақстан тақырыбында орыс кинематографистерімен түсірілген.

"Дала әндері", "Жұт", "Қаратау құпиясы", "Жау сүрлеуі" фильмдері Қазақстан туралы орыс бауырлас халықтарының киноөнері шығармалары қазақ ұлттық кинематографиясы үшін тарих болып қалды. Олар Қазақстан көркемсуретті киносының тууына дайындады, сондықтан да бұл туындыларды қазақ ұлттық киноөнерінің фундаменті деп айтуға болады. Республикада кинематографияға ерекше мән беру күрт күшейді.

Қазақ киноөнері экранындағы алғашқы актерлар. Театр актеры Серке Қожамқұловтың киноэкрандағы актерлық шығармашылығы. Серке Қожамқұлов (05.05.1896-31.12.1979) – театр және кино актері. Қазақ ССР-нің Халық артісі (1936). СССР Мемелекеттік сыйлығының иегері (1952). Қазақ ССР Мемелекеттік сыйлығының иегері (1970). Социалистік Еңбек Ері (1976). Туған жері – Қостанай обылысының Қарабұлақ ауданы. Серке Қожамқұловтың шығармашылық жолы 1922 жылдан басталады. Орынбор қаласында әуесқой театр үйірмесінде жүріп, алғаш рет сахнаға «Еңлік-Кебек» спектаклімен шығады. С.Қожамқұлов – 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылған алғашқы кәсіби театрдың негізін қалаушылардың бірі. Табиғи талантымен сахна өнерін меңгере бастаған жас актер қазақ киносының актерлік мектебін де қалыптастыруға тікелей араласады. Оның кинодағы алғашқы жұмысы «Востоккино» терсінде 1930 жылы экранға шыққан «Дала әндері» фильміндегі батрактың ролі болды. «Аманкелді» (1938) фильмінде актер сомдаған ұста Бекет бейнесі екінші планда көрінетін эпизодтық кейіпкер аса тартымды шыққан.

1940-45 жылдар тұсында С.Қожамқұловтың киноактер ретіндегі шығармашылық жолы тағы бірқатар фильмдермен толықтырылады: «Райхан» (1940ж., «Ленфильм»), «Ақ гүл» (1943ж., ЦОКС), «Абай әндері» (1945ж., Алматы киностудиясы), Серке Қожамқұловтың ірілі-ұсақты, эпизодтық болса да, әр ролі оның талантының айқын дәлелі ретінде көрермен назарын өзіне мейлінше баурап алады.

Хакім Дәулетбековтың кинодағы алғашқы шығармашылығының актерлық өнермен басталуы. Хакім Даулетбеков (22.03.1910-11.01.1983) – киноактер, кинорежиссер. Қазақстан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер (1958ж.). Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі (1958ж.). Туған жері – Ақмола обылысы Қаржалы ауданы. 1928 жылы «Совкино» кинобірлестігі арқылы экранға шыққан Қазақстан тақырыбындағы алғашқы көркемсуретті фильмдерде («Метяж» реж. С.Тимошенко) қазақтың тұңғыш киноактері Х.Даулетбеков басты ролдердің бірін сомдайды. Бір-екі жылдай уақыт ол Қызылорда обылысының шалғай аудандарында комсомол ұйымында сауатсыздықпен күресу жұмысын жүргізеді. Оқуын жалғастыру үшін 1930 жылы Алматыға қайтып келеді. Осы кезде бүкілресейлік «Востоккино» тресінің алматылық бөлімшесі ашылып, Қазақстан тақырыбындаға «Жұт» атты көркемсуретті фильмде Малайдың ролін сомдайды. Х.Даулетбеков осыдан кейін «Востоккино» тресінің актерлік бөліміне штатқа алынады. Бұдан былай да Х.Даулетбеков трестің басқа да көркемсуретті фильмдеріне түседі. («Қаратау құпиясы, 1932ж.). 1935 жылы «Мосфильм» киностудиясында О.Преображенская мен И.Правовтың экранға шығарған «Жау сүрлеуі» атты фильмінде малшы Абылайдың ролінде ойнайды. «Востоккино» тресі жабылғаннан кейін актер «Мосфильмге» жұмысқа ауысады да эпизодтық ролдерде ойнай жүріп, М.Горький атындағы әдебиет иниститутының драматургия бөліміне оқуға түсіп, оны 1940 жылы бітіріп шығады. Бұдан кейін Алматыдағы Орталық киностудияда режиссердің көмекшісі болып жұмыс атқарады. Ол соғысқа кетіп, 1946 жылы қайтып оралады. Одан кейін Х.Даулетбеков деректі кинорежиссері мамандығында қызметте болады, осы саладағы шығармашылығының бастапқы сатысы ғылыми-көпшілік фильмдерден басталады. Х.Даулетбековтың режиссер-документалист ретінде «Народный учитель (1952ж.), «Лимонное орошение в Казахстане» (1954ж.) т.б. фильмдері болды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 848 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...