Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдаудың банктік технологиялары



Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

4) Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

5) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.

6) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалаудың негізгі факторлары: қарыз алушының мінезі, репутациясы, несиені өтеудің қаржылық мүмкіндіктері, несиенің қамтамасыздығы, капиталы, жалпы экономикалық жағдайлар. Әлеуетті қарыз алушыға кездесетін тәуекелдерді бағалау, қызмет ету саласы, бәсеке қабілеттілігі, операциялық тиімділік, жетекшілік сапасы.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді.

Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерінбөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).

Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.

Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.

Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.

Қарыз алушының қапиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы леверидж коэффициенті негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады

Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.

Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.

Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, Қаржылық қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?

Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:

· іскерлік тәуекелді бағалау;

· менеджментті бағалау;

· қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;

· қаржылық коэффициенттерді бағалау;

· ақша ағынын талдау;

· қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;

· орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдаланумен сипатталады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

2) несиені қайтару;

3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: ”Кәсіпорын балансы” (№1 форма); ”Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы ”Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№1 – Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№5-з – мерзімді – тоқсандық- жылдық формалары).

«6 СИ» ережесі. PARSER, CAMPARI әдістемеліктері бойынша несиелік тәуекелді бағалау.

Бухгалтерлік есептер мен баланстардың толықтығын тексерудің кезеңдері. Қаржылық есепті талдау. Баланс активтерінің баптарын, міндеттемелер мен меншікті капиталды бағалау. Табыстар жайлы есепті талдау. Қаржылық коэффициенттерді талдау. Өтімділік, рентабельділік, іскерлік, жігерлік, қарыз болудың, қарызды өтеудің көрсеткіштері. Құралдардың құйылуының және кері қайтуының элементтері. Ақша ағынын талдау. Қаржылық есепте айқындалмаған компания проблемалары жайлы қауіпті белгілерді анықтау.

Несиелік тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістері. Зета моделі, несиелік скоринг әдісі, Дюранның тұтыну несиесі бойынша қарыз алушыларды іріктеу моделі, Чессердің коммерциялық қарызды бағалау моделі.

Несиелік қабілеттілікті бағалау проблемалары және оларды шешу жолдары.

Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады:

- өтімділік коэффициенті;

- қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер;

- компанипяның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер;

- пайдалылық коэффициенттер.

Осы көрсеткіштердің есептелу алгоритміне тоқталайық.

1. Өтімділік коэффициенті.

Өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:

- ағымдағы өтімділік коэффициенті;

- тез өтімділік коэффициенті.

Ағымдағы активтер Ағымдағы өтімділік коэффициенті = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Ағымдағы міндеттеме  

Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражттар, дебиторлық таза қарыз, тауарлы-материалды запастар, өзге ағымдағы актвитер (алдағы уақыт шығыстары, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға жұмсалымдар және т.с.с.). Дебиторлық таза қарыз дебиторлық қарыз қалдығынан үмітсіз қарыздарды жабуға арналған резервті шегеру арқылы анықталады. Тауарлы-материалды запастардың да айналым мерзімі 1 жылдан аспауға тиіс.

Ағымдағы пассивтерге қысқа мерзімді ссудалар, жабдықтаушылардың, бюджеттің, жұмыскерлерінің алдындағы төленбеген қарыздары, өзге ағымдағы міндеттемелер жатады.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде белгілі. Бұл коэффициент ағымыдағы міндеттемелердің ағамдағы активтермен қаншалықты қамтамасыз етілетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мәні 0,70-тен 1,20 ға дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,20-дан артып кетсе, онда тауарлы-материалды запастарға (ТМЗ) салынғын қаражаттар айналысының бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді. Ал оның мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.

Жалпы бұл көрсеткіштің мәнінің жоғары болуы, қарыз алушының қарыжылық тұрақтылығын білдіреді.

Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің номативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:

І,ІІ,ІІІ класс үшін – 2,0;

IV класс үшін –1,5;

V-VI класс үшін – 1,25.

  Тез өтімділік Ағымдағы активтер - ТМЗ коэффициенті = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Ағымдағы міндеттеме  

Бұл көрсеткіш тауарлы –материалды запастарды (ТМЗ) тез арада сату мүмкіндігі болмаған жағдайдағы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.

Аталған коэффициенттің мәнінің 0,4-тен 0,6-ға дейінгі аралықта болғаны дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні 0,3-тен 0,4 аралығында болуы ықтимал. Оның мәнінің жоғары болуы дебиторлық қарыздардың өсуінен туындайды.

2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер.

Бұл топтың коэффициенттерін талдау қарыз алушының меншікті капиталының қамтамасыз ету дәрежесіне және оның тартылған қаражат көздеріне жалпы тәуелділігіне баға беруге мүмкіндік жасайды. Аталған көрсеткіш коэффициенттеріне мыналар жаталды:

- міндеттеменің активке қатынасы;

- міндеттеменің капиталға қатынасы.

  Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы активке = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ қатынасы Бір мерзімдегі орташа активтер сомасы  

Осы және келесі коэффициенттерді есептеген кезде банктерге берешек (қысқа және ұзақ мерзімді), жабдықтаушыларға, бюджетке және т.с.с.берешек орташа қарыздары пайдаланылады.

  Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы капиталға = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ қатынасы Бір мерзімдегі орташа меншікті капитал сомасы  

Бұл кэффициент жалпы қарызбен меншікті капиталдың шекті қатынасын көрсетеді. Мысалға, коэффициент 2,0 тең болса, онда әрбір қарыздың 2 теңгесіне меншікті капиталдың 1 теңгесі келеді дегенді білдіреді немесе ол активтердің 67%-ы қарыздың есебінен және 33%-ы меншікті капиталдың есебінен қаржыландырылатын сипаттайды..

Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:

І класс – 0,66

ІІ класс –1,00

ІІІ класс үшін – 1,10

IV класс үшін –1,25

V класс – 1,75

VI класс үшін – 2,00.

3) Компанипяның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер.

Оларғы мыналар жатады:

- дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

- кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

- ТМЗ-дың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен).

-

  Дебиторлық Дебиторлық қарыздың орташа сомасы қарыздың = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 360 айналымдылығы Сатудан түскен түсім  

Дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімі ұзақ болған сайын оны қайтармау тәуекелі туындайды. Сондықтан бұл көрсеткішті талдағанда әрбір заңды және жеке тұлғаға қатысты дебиторлық қарыздың құрылым мен сапасына, оның пайда болу себептері мен қайтарылу жағдайын басты назар аудару қажет. Сонымен қатар дебиторлық қарыздың айналым қаражаттарындағы үлесін бағалау қажет (қаншалықты оның үлесі жоғары болса соғұрлым компанияның активтері өтімсіз). Талдау барысында дебиторлық қарыздың құрамындағы күмәнді және үмітсіз қарыздардың үлесін анықтау арқылы, оның сапасын бағлауға болады (қаншалықты оларды үлесі жоғар болса, соншалықты компанияның өтімділігі төмендейді). Дебиторлық қарызды талдауда айналым-сальдолық ведосты, ірі қарыздар бойынша төлем құжаттарын (төлем тапсырмасын, тауарлы көлік жүкқұжаттары және т.с.с) пайдалану қажет.

  Кредиторлық Кредиторлық қарыздың орташа сомасы қарыздың = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 360 айналымдылығы Сатудан түскен түсім Дебиторлық Дебиторлық қарыздың орташа сомасы қарыздың = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ * 360 айналымдылығы Сатудан түскен түсім  

Кредиторлық қарыздың айналымдылық есептеу дебиторлық қарызды есептеумен ұқсас. Бұл жерде дебиторлық қарыздың ұзақтығы мен кредиторлық қарыздың ұзақтығын өзара салыстыру арқылы компанияның ақшалай қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының орташа жылдамдығын бағалауға болады.

  ТМЗ ТМЗ орташа сомасы *360 айналымдылығы = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ Өнімді өткізудің өзіндік құны  

Бұл көрсеткіштің мәні өскендігі ТМЗ-дың артқанын, яғни сұраныстың азайғандығынан қоймада тауарлардың жиналып қалғандығын және оны сақтау шығындарының артатынын сипттайды. Кейде оның өсуі шикізат пен материалдарға алдағы уақыттары бағаның өсуімен де байланысты болуы мүмкін. Ал оның мәнінің төмендігі, ТМЗ-дың жеткіліксіздігін, оның бизнестің дамуын тежейтіндігін көрсетеді. Сондықтан талдау объективті болуы үшін компанияның орналасқан жеріне барып, оның қоймасындағы сақталған тауарлардың барлығына көз жеткізген дұрыс.

4) Пайдалылық коэффициенттері.

Бұл көрсеткіш компанияның пайдалылық және рентабельділік деңгейін көрсетеді және ол пайданың әр түрлі нұсқалары мен сатудан түскен түсімге қатынасы арқылы есептеледі.

Мұндай коэффициенттерге мыналар жатады:

- жалпы пайда нормасы;

- таза пайда нормасы;

Жалпы Жалпы пайда пайда = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ нормасы Сатудан түскен түсім
Таза Таза пайда пайда = ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾ нормасы Сатудан түскен түсім

Есептелінетін таза пайда нормасы немесе сату ретнтабельдігі өткен кезеңегі аталған көрсеткіштің мәнімен өзара салыстырылады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қарыз алушының бәсекелестік қабілетінің төмендеуін сипаттайды. Ол өз кезегінде оның өніміне деген сұраныстың азаюына әкеледі.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 6457 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...