Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Банктік проценттер және проценттік төлемдер



Қарыз пайызының негізін оны қарыз капиталын қайтарымдылық қағидасымен (принципімен) пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың субъектілері – қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор мен қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен шатастыруға болмайды.

Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып табылады:

- қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;

- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;

- қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;

- несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз:

1. Егер несие қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды.

2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі.

3. Несие және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты.

Несиелік пайыздың мәні. Қарыз пайызы несиенің негізгі атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2361 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...